Қ-сы: /Жүректе маза жоқ, өмірде қайғым көп. Тыңыштық таппайды, жүрегім жылайды/ 2р.
2. Я, Тәңір, Жаратқан, бар әлемді құлпыртқан. Бар әлемнің Иесі, құтқаршы азаптан.
3. Тәңірім, естігін. Күнәмді кешіргін. Күнәһар мен үшін, Өз Ұлын жіберді
Қ-сы: /О, қандай қуаныш! О, қандай жұбаныш! Тыныштық табылды, жүрегім қуанды/ 2р.
4. Күнәдан құтқарған, біз ушін қиналған. Сенемін Исаға, Ол келген Құдайдан.
Дара Тұлға! Бұл әлемнен биіксің!
Бір мен үшін заңғар көктен келіпсің. Бетлехемде жарық жұлдыз жанғанда, Сәби болып бұл әлемге туыпсың.
Қ-сы: /Жүрегіме сөзінді бердің, қуанышымды ісіңнен көрдім. Әр кез маған жар боп келесің, соңыңнан ердім. Жүрегімді сынап та көрдің. Әлсіздігімді де ескердің. ММейрімің маған шексіз Сенің, Ұлы Тәңірім. Жығылғанымда Сен сүйедің, қуанышымда да біргесің. /Мен балаңмын, Сен маған Әке/ соңында 2р.
2. Мен үшін Сен жан азабына бардың. Бар күнәмді «Маңдай төбеде» алдың. Қан сорғалап бара жатсын сүйреліп, жылап тұрмын жан дүниеммен күйзеліп.
Дәуіт патша қаласында, тұрды бір мал қорасы. Анасы баласын салды, төсек етіп астауды. Ол ана Мәриям еді, Иса Мәсіх-Баласы.
2. Мәңгі Құдай, Тәңір Ием көкктен жерге түскен кезде, Мал қорада туылды Иса, кіндік бауы кесілді. Мәсіх кедей арасында, өмір сүрді бұрын сонда.
3. Жылдар бойы үміт отын сеуіп, бізге үлгі болды. Күнәсіз қыз Мәриямды, құрметтеді өмір бойы. Құдайдың бар баласы момын болсын осындай.
4. Кунбе-күнөсті сөйтіп, үлгі тұтар сол бейне. Көз жасын да, қайғы көріп, әлсіз болды сәбидей. Қуаныш та, қасирет Оған таныс әрине.
5. Момын, тыныш, бейкүнә, Тәңір жатты қорада. Бұл әлемнің Иесі Сол, отыратын аспанда. Апарар Ол ұрпағын көрсетуге жұмағын.
6. Енді Оны бесік тұрған, көрмеспіз біз қорада. Аспанда Олотырады, Құдайдың оң жағында. Балалары тәж киіп, барлығы жүр қасында.
Досымыз бар біздің ңағыз. Бізді өмірге оятты Ол. Онда біздің бақытымыз, мәңгі күштін көзі Сол. Жиі-жиі шектік азап, бостан босқа қиналдық, Сұрауды біз ұмытқанда, көмектесші деп бізге.
2. Бізге маза бермей арбау, болса өмірқапалы, Әрбір адам арта берсін, бар қайғысын Құдайға. Жалғыз Өзі бар әлемде, түнекте нұр шашады, Тек Мәсіхтің Өзі лезде, қасіретіңді басады.
3. Сарғаямыз аптабында әбігер бұл өмірдің, Жүрек ашсақ Соған ғана, жанға маза береді. Ұмытса егер достар бізді. Оны айтамыз Тәңірге, Көрсетеді адалдығын, дос екенін бәріне.
Дүниені бір Сөзіңмен жараттың, әлемді шындығыңа қараттың. Рухыңмен Киелі сенім бойлатып, осы әнді жүрегімде ояттың.
Қ-сы: О, Иса, Сен әлемнің тірегі, адамзаттың тілегі, тіршіліктің өзегі. О, Иса, әмір бердің өмірге, сенген адам Өзіңе, тірілсін деп мәңгіге.
2. Әлемді сүйгендіктен соншылақ, Құдайым, бердін бізге Құрбандық. Иса боп, дүниеге келдің Сен. Құтқарам, күнәдан деп, халқынды.
3. Мадақтап, құрметтеймін Өзінді. Ғаламға жеткізермін Сөзінді. Оятып, Сенің берген рухыңмен, шындықты ашып бердің еркіңмен.
Дүниені сүйгендіктен жаратқан Тәңір, күнәһар бұл дүниеге Ұлын берген. Төгілген қаныменең құтқарып бізді, мәңгілік өмір бізге сыйлық еткен.
Қ-сы: Дүниенің күнәларын мойнына алып, Ол сенің күнәң үшін құрбан болған. Бүгін де, сені күтеді құшағын жайып, қабыл ал Оның сыйын берген саған.
2. Күнәнің тұтқынында біз жасап келдік, азғырын күнәларға жетеленіп. Қолмызбен жасаған жамандық үшін, айыпсыз Иса қолы шегеленген.
3. Ол сенің жүрегіңді тебіренткенде, қанша рет: «тастаймын» дедің күнәларды. Құмарлық күнәлары елестегнде, кеттің сен күнә толған шексіз шөлге.
Егер келсе қайғы, айтшы жәрдем кім берер, Қүтқару жаныңды Құдайдың қолынан келер. Көзіндіаш достым, қиындық көп өмірде. Бақытты табарсың, Құдаймен тілдескенде.
Қ-сы: Түсінбей бұ дүние, жүреіңді жаралар. Тек бір Құдай сүйіп, қол ұшын саған созар.
2. Аш Оған жүректі, әлсіреген айғырған. Тіпті Ол түнекті, жарыққа айналдырар. Сүюші Иеміз қолын саған созады, Сейілтеді сенің барлық уайымынды.
Ей, өмірім-ай! Сен бізді ойландырдың.Тіршілік келр әлі аттырып таңдарынды. Күн кештік ойланумен, күн кештік толғанумен, Құдай жоқ дегендердің барлығы, жүрсіңдер алданумен. Бір кезде сұрақ туар, артында түннің күн бар? Иесіз зат бола ма дүниеде, кезі келсе соны ұғар.
2. Ей, өмірім-ай! Сен бізді аяладың. Тағдырдың сан жолында Сен бізді аямадың./
Бізді аямадың Сенің бір қойынбыз, адасып жұртта қалған. Салқын жел тоңдырып жүр біздерді, тапсаңшы О, Жасаған!/ 2р
3. Ей адамзат-ай! Сен өткір дана едің. Ғасырлар бойы өзің, ойынды шындап келдің /Сен неге жүрегіңнен Құдайды итересің? Ал ертең жанға жай таппай қалсаң Құдайды сонда іздерсің/ 2р.
4. Ау, досым, қуана бер Құдайға келгеніңе, Біз мәңгі борыштамыз Сол Ұлы Иемізге. /Ием саған не арнадым жұмбақ толы өмірімнен, Болашақ рухымның келбетін көремін бір Өзіңнен/ 2р.
Екі мың жылдай ертерек, адам боп жерге келіпсің, Мойныңа алып күнәмді, мен үшін азап шегіпсің.
2. Көп күнә жасап мен білмей,жүргенім саған мәлімөді, Кітаптан таптым Інжілдей, арайлап атқан таңымды.
3. Дүниеге Иса жарықсың, мәңгілік өмір беретін. Айқышта барып қағыпсың, тозақты біздер көретін.
4. Мейірім шашқан көзіңнен Құдайдың нұрын сеземін, Киелі Сенің Сөзіңнен күш—қуат алып келемін.
5. Кешігіп қалмай тұрғанда, кешірімін Оның алуға, Асыққын сен де, бауырым, жұмақта мәңгі болуға.
Екі мың жыл өтіп кетті арада, Құтқарушы туылғалы анадан. Дүние Оны танымады, білмеді. Танығандар мәңгілікке бірге енді.
2. Қанша ғасыр өтіп кетті арадан, Иса сөзі бізге келіп жеткенше. Қанша халық өтіп кетті дүниеден, Иса сөзін естіместен, білместен.
3. Қуанышпен қабыл алшы, ей, халқым, Ізгі хабар келіп жетті бізге де. Құдайыма мың бір шүкір айтамын, Жалғыз Ұлын таныстырған біздерге.
4. Өткен күнге ой жіберіп қарасам, күнә деген батпаққа мен батыппын. Сол азаптан Иса мені шақырды, жол көрсетіп жұмақ деген қалаға.
5. Өмірін де, өлімін де Исаның, пайғамбарлар айтып кеткен алдыңда. Азап шекті бүкіл дүние халқы үшін. Айналайын Иса деген атыңнан.
6. Шаршамастан дұшпанменен айқаста, аспандағы жәннәт деген жер үшін. Төкті қанын бүліл дүние елі үшін, сол қанының бір тамшысы мен үшін.
Еліңнің қамын ойла деп, бауырыңды жаудан қорға деп, Бассын ісің оңға деп, шайтанның құлы болма деп, / Бабаң берген ақ бата, басыңа қонсын бақ бата / 2р.
2. Құдайдан бата қонсын деп, ғұмырың ұзақ болсын деп, Өрісің малға толсын деп, жуадай жауың солсын деп, / Атаң берген ақ бата, басыңа қонсын бақ бата / 2р.
3. Рахатың көрер алда деп, мәңгіліктен қалма деп, Бетінен жанның алма деп, жарыңа жара салма деп, / Әкең берген ақ бата, басыңа қонсын бақ бата / 2р.
4. Су сұраса сүт берген, нан сұраса бал берген, Түн ұйқысын төрт бөлген, сен үшін тілек тілеген, / Анаң берген ақ бата, басыңа қонсын бақ бата / 2р.
5. Құдайсыз күнің құрысын, өзіңе өзің ұрысың, Құдайсыз мына жалғанда қашады сенің ырысың, / Құдай берсе ақ бата, басыңа қонар бақ бата / 2р.
Ең алдымен Құдайдың Патшалығына кіруге және Оның әділдігіне ие болуға тырысыңдар! Сонда қажет нәрселердің бәрі сендерге қосымша беріледі.
Аллелуйя-Аллелуйя!
Еске түсір, бауырым, сүйіспеншілік үнін. Жүрегіммен сеземін сүйіспеншілік сырын. Сүйіспеншілік өлеңі көктен төгіледі.
Қ-сы: / Иса Мәсіхтің сүйіспеншілігі, даңқы арта берсін!/ 2р.
2. Құтқарушым әкелді, сүйіспеншілік әнін. Сендерді жұбатады, сүйіспеншілік үні: Құдай кешіргенін бізге жеткізеді.
3. Сүйіспеншілік әннің сөзі шаттыққа толы. Сүйіспеншілік сөздің үні сәңдікке толы. Жаңа өмірге Ол бізді жетелейді.
Жақында бұл дүниенің бітер күні. Інжірдің ашылып, жайнайды гүлі. Біреулердің жүректерін тітірентсе, ал бізді қуантады оның бүрі.
Қ-сы: Тәңірдің «келем» деген сөзі анық. Бақыттың толығы ол, жүзі жарық. Соншалық аңсап жүрмін сол күнді. Келуін періштелер сырнай тартып.
2. Иса айтқан бір де сөзі өтіп кетпейді. Сенбегеннің мәңгілікке қолы жетпейді. Егерде шыдай алмай басың тартсаң, мәңгі өмірді Иса Мәсіх саған бермейді.
3. Даяр бол, соңғы сағат жақын қалды. Ісіменен ақталар адам бар ма? Жоқ ондай, біреу де жоқ арамызда. Ал Иса Өз қанымен жолды салды.
Жақындағым келеді Саған, Тәңірім. Айқышпен болса да көтерілсем. Тек бір арманым бар: жақындасам Саған. Жақындасам Тәңірім, Жақындасам.
2. Шөл даладағы мен жолаушымын. Қараңғы түнде тас жастанамын. Жүрегім әрқашан Саған жақын, Тәңірім. Саған жақын Тәңірім, Саған жақын.
3. Оянып ұйқымнан ән саламын. Мақтан етем Сені, жыламаймын. Қайғыда қуанам жақындасам Саған. Жақындасам Тәңірім, жақындасам.
4. Жердегі өмірімді бітіргенде, абыройға мені бөлегенде, мәңгі қуанамын,жақындасам Саған. Жақындасам Тәңірім, Жақындасам.
Жақынсың Жаратушы Сен маған. Қымбатсың анадай балаға. Мейіріміңмен құшып бәрін де, келдің қараны ағартуға.
Қ-сы: Сенсіз керегі жоқ маған өмір. Сенсіз сүлдемін мен әйтеуір. Өмірдегі қуанышымсың Сен. Өтінемін болшы менімен.
2. Өзің мені аласың қасыңа. Көк пен жер кездескен уақытта. Өз көзіммен Сені көремін, Өзіңмен жолыққанда сонда.
3. Ал қазірше тірі үмітпен өмір сүрудемін Тәңірім, Жақынсың бәрінен де Сен. Шөлдегі судан да қымбатсың.
Жалғыз аяқ жолмен бұғы бұлаққа асығады. Жаным киелі Сөздерге әрдайым ұмтылады. Қайғылы күні жұбаныш Інжілден мен табамын. Қуаныш күні ақылды аяттан мен аламын.
2. Құдай сөзімен жеңемін күнә мен жан сырқатын, Көңілді жадыратамын, рухымды шаттандырам. Құдайдың Сөзімен батыл жау арбауын тойтарам, Мәсіх атын мадақтаймын қызметшісін құтқарған.
3. Қараңғыда Құдай Сөзінен аламын мен жарықты. Қайғы, қасірет, уайымның жүгін жеңілдетемін. Мен үшін Құдайдың сөзі алтын, күмістен қымбат. Құдайдың сөзі мәңгілік жақсылықты хабарлайды.
Жаратқан бар әлемді Құдай Ием. Мейірімді, кең пейілді жан Ием. / Бір Өзіңсің мәңгілікке жетелер. Бір Өзіңсің Құтқарушым, Қорғаушым / 2р.
Қ-сы: Туған елім, туған жерім, қазағым. Қанша қасірет, қаншама көп азабың. Көзіңді ашып, жан жағыңа қарашы. Жалған өмір жетегінде жүрсің сен.
2. Бауырластар, абзал достар, туысқандар, Құдай Ұлы – Иса Мәсіхті қабылдаңдар. / Бойындағы бар күнәңді мойындап, тәубеге кеп, бір Құдайға сиыныңдар / 2р.
3. Шын жүректен сенім артсаң Құдайға, кенелерсің қуанышқа, бақытқа. / Иса Тәңір шексіз сүйеді бәріңізді. Үлкен – кіші, жасы менен кәріңізді / 2р.
Жаратқанды мақта халық! Жырла Оған «аллелуйя»! (қазақша)
2. Жаратқанды жаңқта баарың! Ырда ғыла «аллелуйя» (қырғызша)
3. Славьте Творца, все народы! Пойте Ему «аллелуйя» (орысша)
4. Яратқанни махта халик,нақша ейтип «аллелуйя»! (ұйғырша)
5. Lobe den Herrn meine Seele und Seinen heiligen Namen, was Er dir Gutes getan hat, Seele und vergiss es nicht! Amen. / Lobe, lobe den Herrn meine Seele / 2р (немісше)
Жаратқан жерді де, аспанды да, шын сүйіп, бас ием Құдайыма. Адамзат күнәдан арылсын деп, жіберді Өз Ұлы Исаны да.
Қ-сы: Жетеле мені, жетеле. Ғажайып жұмақ төріне. Рухынды берсен кеудеме, мәңгілік құлмын Өзіңе. /Өзіңе ғана бағынам. Өзіңе ғана табынам. Өзіңнен артық панам жоқ. Құдайым, Саған сиынам/ 2р.
2. Адасып көп жылдар шаршадым мен. Сонда да тыныштық таппадым мен. Сол сәтте Құдайды ойға алыпем, бақытқа кенеліп, шаттандым мен
3. Оқыдым Киелі кітабынды. Жүрегім азаптанқұтқарылды Ұмыттым қайғамен азабымды, өйткені таныдым Құдайымды.
Жаратқан Ием-Бағушым. Мен еш нәрседен тарықпаймын. Мені жайлауға жаяды, тұнық суғааппарады.
Қ-сы: О, Иса-Құтқарушым. О, ИСА-менің Бағушым, О, Иса-Жұбатушым. О, Иса –менің Ұстазым.
2. Жаныма Ол күші береді, жетектеп түзу жолменен. Қараңғыда да жүрсем де, қауіпқатерден қорықпаймын.
3. Себебі Ием асымда, Маған сүйеніш болады. Дұшпандарымның алдында, маған дастарханжаяды.
Жарқырап кетті айнала нұрғабөлеп аймақты. Демалған малшыларға топ періште ұн қатты: Бетлехемге бет бұрындар, бесікжыры тойлансын! Құтқарушы келді әлемге, барлық адам ойлансын. Барлық адам ойлансын, ойлансын.
Қ-сы: Қуанып шаттаныңдар! Мәсіх келді дүниеге, Қарсы алындар адамзат, баршаға жар салыңдар. Қуанып шаттаныңдар, таңғажайып күйге еніеп, Ғажапқа тамсаныңдар, тамсаныңдар.
2. Құндақтаулы бала жатыр мал байлаған ақырда. Нұр бейнелі пана жатыр, халқы күткен ғасырлар.
3. Малшылардан елге хабар осылайша тарқалды. Киелі Рух көлеңкесі бізге пана бере алды. Бізге пана бере алды, бере алды .
Қ-сы: /Қуанып шаттаныңдар, Мәсіх келді дүниеге, Қарсы алындар адамзат, баршаға жар салындар. Қуанып шаттаныңдар, таңғажайыпкүйге еніп, Ғажапқа тамсанындар, ән салындар Иемізге./ 2 рет Ән салындар Иемізге, ән салындар.
Жасыл жайлауға мені жаясың, жақсыны жаныма жаудырасың. Сүт ішкендей мен еш тарықпаймын. Киелі Сөзіңді іше берем. Құшағыңды жайып қарсы аласың, сонда мен қуаны табынамын Бағушым менң балаңмын Сенің, мейірімді Әкем
2. Күрәһар болған мені құтқардың. Құрбандыққаныңмен ағарттың. Құнымды төлеген, мен үшін өлген Құқарушым, Саған сенем. Құлақмаған асып, қабыл алдың. Енді мен қуанып, бағынамын. Құдайым менің, құлыңмын Сенің. О, мейірімді Ием.
Жеміссіз боп Тәңіздің мен, барғым келмейді алдына. Ең болмаса жалғыз жанды әкелсем мен Исаға.
2. Иса менің Құтқарушым, өлімнен қорықпаймын. Жеміссіз болып баруға, тек содан мен қорқамын.
3. Зымырап өткен жылдарды қайтарып берсе маған, Бақыт деп санар едім мен қызмет еткенді Оған.
4. Еңбек сіңіріңдер сендер. Күн өтер, түн жақындар. Әлі кеш емес: жандарды Мәсіхке тапсырыңдар.
Жер бетіне сәуле төккен, басқа нұрданжарқын Аспар нұры журегімде, сол нұр-Құтқарушым.
Қ-сы: Ғажап шырақ, ғажап шырақ! Бақытты күндер қандай ғажап! Иса жүзі көз алдымда, алдымдағажап шырақ!
2. Тамаша жыр журегімде Патшаны мақтайды. Дауыстап ән салмасам да, Иеместіп тұрады.
3. Көктем келді журегіме, Мәсіх жақындады, Түңілген кездерімде де, жұбаныш Ол берді.
4. Журегімде шаттық нұры. Айтам мақтау әнін. Сыйға тартқан бақыт күні, игілігі үшін
Жетекші Киелі Рух! Бола гөр жақын бізге. Бізді өмір жолымен Өз қолынмен жетекте. Қасиетті дауысты қуанышпен естиміз: «Әлсіз жолаушым, сен кел, үйіңе жетектеймін»
2. Мәңгі сенімді Досым көмек береді әрдайым. Қызметшің адасқанда қараңғыда қалдырма. Алдымда дауыл болса, әлсіресе жүрегім Сонда айт: «Жолаушым, кел, үйіңе жетектеймін!»
3. Еңбек күнін өткізіп, тәтті үнді естіп, Қанның күшіне сеніп, көктегі үйімізге Өтінішпен келгенде, тасқын судан өткізіп, Сонда айт: «Кел, жолаушым, үйіңе жетектеймін!»
Жол Ғолғотаға алыс, қиналып қарадың. Жараңнан тамшылап қанның ақты. О, Иса қымбаттым, мен үшінқиналдың, азабын Өз еркіңмен көрдің
Қ-сы: Ешқашан ұмытпаймын айқасқан ағашты. Байланыстырдың көк пен херді. Өлімің жарастырды бізді Құдаймен, таза қаныңбізді өтеді.
2. Адамзат, зер салшы, әнімді тыңдашы. Неуміт күтесін дүниеден? Төгілген қанына не төлем бересің? Рақымы Құдайдың бағасыз.
3. Рақымдылығыңды Сен жерге жаудырдың. Соның сырын ашшы Сен бізге. Нұсқаған жолыңмен қорықпай жүрейін өмірдің әр қилы кезінде.
Жолымдағы жарық жұлдыздай, жанып тұрсын жарқырап. Бағымдағы мөлдір бұлақтай, ағып жатқан сарқырап. /Жарық күннің күлімдеген көзіндей, жылу бердің Тәңірім/ 2р.
2. Қолымдағы асыл маржандай, Сенің Сөзің киелі. Оқығанда аяулы сондай, жүрегіметиеді. /сиынғанда үнімді естіп аспснда, жауап бердің Тәңірім/ 2р.
3. Көре алмай Сені көзіммен, көп іздедім өмірде. Қанша түнде Өзіңді білмей, көз жасымды төктім мен. /енді ғана жүрегіммен сездім мен, бар екенсің Тәңірім/ 2р.
4. Адамзатты сүйгендіктен Сен, жер бетіне келгенде, мейірімді сабырлығыңмен, жолыңнан қайт дегенде, /Азап шектің айқыш ағаш басында күнәм үшін Тәңірім/ 2р.
Жұлдыздар жарқырап жанғанда, жарық ай көрініп аспанда, /Тәңірім, Өзіңе жүректі ашқанда, Тәңірім, Сен мені құтқардың/ 2р.
2. Өмірдің таба алмай бақытын, жолымның біле алмай бағытын, /Тұншығып тұңғиық түбінде қалғанда, Тәңірім, Сен мені құтқардың/ 2р.
3. Күнәнің шыға алмай торынан, адасып жүріппін жолымнан. /ЖүрекТағы да жалғыздықбасқанда, Тәңірім, сен мені құтқардың/ 2р.
4. Өмірдіңқайғы мен азабын, ұмыттым күнәнің мазағын. /Тәңірім құтқарды, қуаныш сыйлады, Тәңірім, күнәдан құтқарды/ 2р.
Жүрегім жүз қарап, жүруші едім тұнжырап, Көп іздеген бақытым өзі келді қолыма. Көрінгеннен жол сұрап, қараушы едім жаутаңдап. Ақыл беріп Тәңірім, салды өмір жолына.
Қ-сы: /Даналардың данасы, бар әлемнің панасы, Өмірімнің айнасы, көңілімнің санасы, Бар әлемді жаратқан, ой мен қырды құлпыртқан, Таусылмас бұлақтардай ағып жатқан/ 2р
2. Өткен күндер зымырап, келмес енді қайталап, Алыс емес жетер күн Тәңірімнің алдына. Ән айтамын ардақтап, Тәңірімді мадақтап, Мәңгі бірге боламын Тәңірімнің қасында.
Жүрегің жападан жалғыз бұл өмірде болғанда, Сен асық мейірімді жанның жылы сөзін тыңдауға. Жүректегі рақым сөзі игілік әкеледі. Аспаннан түскен дәндей ол жемісін мол береді.
Қ-сы: Жылы сөзінді сен жалғыз қалғанға айт! Мейірім сөзі жарық береді, жалғыз қалғанға сен айт.
2. Бауырың егер таянса қатерлі тұңғиыққа, Жүректің жылы сөздері тыным береді оған. Сүйіспеншілік сөзі ол жарқын күн сәулесіндей, Қураған жүзім сабағын гүлмен безендіргендей.
3. Сүйіспеншілікке толған сөзің, ісіңсу мен нан. Бұл өмірде мол жеміс боп оралады қайтадан. Азап шеккенге аямай бер сүйіспеншілікті, Істеген жақсылығынды Ием қайтарып береді.
Жүрек қалай шаттанып толқымайды?! Ізгі хабар танытса шын Құдайды. /Өсиеті Тәңірдің дәнін ексе, жайлап өсіп, ол неге жайқалмайды?!/
2. Ізгі хабар-ізгілік қайнар көзі. Ол-Құдайдың Иса атты тірі Сөзі. /Адам ата, Хауа ана бойға енгізген, бар күнәдан құтқарар Соның Өзі/ 2р.
3. Құдай еркін мен қалай тыңдамайын. Менің жаным шындыққа құмар дәйім. /Күш-қуат бер, жетеле Рухыңменен. Болаттайын берік боп шындалайын/ 2р.
4. сенің атың Тәңірім, дәріптелсін! «Патшалығы Тәңірдің жақын» депсің. /Тратайын әніммен Хабарынды. Таңдаулынды мың-мыңдап алып келсін/ 2р.
Жым-жырт түн, ғажап түн! Мүлгіп тұр айнала. Ояу тек жұбайлар тебіренген. Сүйкімді Сәбиге еміреніп, Қуанышқа кенелген, қуанышқа кенелген.
2. Жым-жырт түн, ғажап түн! Жар салды көктен үн: Қуан, Мәсіх келді дүниеге, сендерге құтқарылу әкелді! Көктен түсті бір жарық, көктен түсті бір жарық!
3. Жым-жырт түн, ғажап түн! Тәңір көкке шақырады. Жан-тәнменен оны қабылдайық.. Мақтасын Тәңірді барлық халық! Құтқарушы берді Ол, Құтқарушы берді Ол.
Жым-жырт түннің ортасында, періштелер келіп, Ғажайып бір ән шырқады барлық адамдарға: «Құдай барлықтарыңызға бейбіт өмір берді!» Деген періштелер әнін бар әлем естіді
2. Қалың бұлттар арасыннан қанаттарын жая, Аспан әні қалқып ұшты жердің бетін жаба. Биік аспан жазығында, ол ән шырқайды.
3. Ауыр жүктері барлар мен айыпты иіле, Еңбек ете ауыр жолда, қадам басты алға, Қараңдаршы алтын уақыт келе жатыр мұнда, Қуанған жанынды ғажап ән тербетіп.
4. Міне, келді айтқан күндер, болжаған күн жетті, Жердің жоралы жылдары өтеді, ғасыр туадыдаңқты. Дүниедетыныштықорнайды, дауыл гуілін тоқтатар, Жүректер мадқпен жылынып, бірігер ғажап сол әнде.
Жыр болып бізге ашылшы Тәңір. Сырыңды маған ақтаршы Ием. Ұнаттың адам баласын неге? Мәнісін оның ұқтыршы Құдай.
Қ-сы: О, Құдай Ием, Өзіңсің-өмір. О, Құдай Ием, жаратқан бізді. Бас иіп Саған келіп тұр елім. Жетелеп баста шындыққа Иса!
2. Күнәға батқан елімді көріп, жібердің бізге Ұлыңды жерге. Үзілген үміт жалғанды бүгін, мәңгілік өмір сыйладың бізге.
3. Тыңдашы халқым, таймашы жолдан. Шындықты жырла Исадан алған. Шақырған бізді шаттыққа толы-қазағым, елім, -Исаның жолы.
Зымырайды рақымсыз өмір. Жылдар өтеді мыңдаған. Өтіп кетеді бүгінгі Ұрпақ. Жойылған тұқым артынан. Күннен күнге уақыт өтеді. Артыннан қалдырмай ізді. Жел қанатында уақыт кетеді. Бізге де кезек келді.
2. Біздің ұлы қызметіміз де, істеріміз де әбігер, Шексіз әлемде жоғалады, арман тәрізді байқаусыз. Дүниеге не үшін елдің? Азапты не үшін шектің№ Әлде құртқа жем боламын деп талпынды сенің ақылың?
3. Іңірде сені айналдырды өмірдің жалған бақыты. Ұмытасын сонда уақытша жер тұрғыны екеніңді. Табыттың артында өмір бар-шексіз мәңгі өзге өмір. Сен ойладың ба болашақта күтеді сені қандай тағдыр?
Ием бізге күш бер, мейірімді істе. Қуатты дауысың естілсін, қызметте күш берсін.Қ-сы: Ісіңді жандандыр, сезімді Сен жаңарт. Халық пайдасына біздер істейік қызметті.
2. Біздегі ісіңді жандандыр, бер бата. Қызметте ел сені танып, бас ұрсын алдыңда.
3. Біздегі ісіңді жандандыр, Рух келсін. Қастықкісенін Ол бұзып, шындықты нығайтсын.
Иеміз Иса тірілді, шүкірлік Құдайға! Адамзатқа перііштелер айтсын, шүкірлік Құдайға! Көңілімді көтере бер, шүкірлік Құдайға! Жырла аспан, жер жаңғырт, шүкірлік Құдайға!
2. Даңқты Патша мәңгі жасайды, шүкірлік Құдайға! Енді ажал болмайды, шүкірлік Құдайға! Жанын беріп бәрін құтқарды, шүкірлік Құдайға! Өлімнің жеңісі болмайды, шүкірлік Құдайға!
3. Бұл құтқарғыш махаббат ісі, шүкірлік Құдайға! Жаумен күресіп, жеңіп алды, шүкірлік Құдайға! Ажал босқа тыймақшы, шүкірлік Құдайға! Иса бейіш есігін ашты, шүкірлік Құдайға!
4. Жоғары қалқып ұшып жүрміз, шүкірлік Құдайға! Даңқты Басшымызға еріп, шүкірлік Құдайға! Сонда біз жаңа өмірге келеміз, шүкірлік Құдайға! Исаның айқышы күнәні жойды, шүкірлік Құдайға!
Иеміз саған баспана болған, Өз панасында аялаған, Сен айт Оған: «Сенетін Менің қорғаным, - деп».
Қ-сы: Көтеріп бүркіттің қанатында, нұрлы таң сәрәсінде, Ол күндей жарқыратып, Өзінің қолына алады.
2. Түспейсің тұсауына аңшының, аштық сені қорқыта алмас, Қанаты Оның – панаң, сенімің – қаруың.
3. Қорықпайсың сен түнгі қатерлерден, күндізгі садақтын оғынан, Мыңдаған оқ атылса да, бірі де тимейді.
4. Періштелеріне: «Барлық кезде, қорғап жүр», - деп әмір берді, Алақанға өзіңді салып, аялап жоғары көтерді.
Иса аты бізге тәтті сондай көрінеді. Бақыт және құтқарылу Исадан беріледі.
2. Жарақат пен науқастан Ол бізге ем табады. Өмір, күрес тартысында жанды жұбатады.
3. Ол жолдарыма шамшырақ, сәттілікпен жетем. Кеудеңе басымды иіп, мәңгі демаламын.
4. Құдай маған бөтен емес. Досым да Бағушым, Панам, менің қуанышым. Өмір, жан тынышым.
Иса аты жоғары. Ғажап сақтаушы Иеміз құдіретті! Еммануил – Құдай бізбен – Құтқарушы тірі Сөзі.
2. Иса – Бағушым менің, Бұтақ сабағы, Құдай Ұлы, Бейбіт Ханы, ғажап Кеңесші, Әлемнің Иесі, жер Жарығы.
3. Иса – сақтықтың жолы, Хандардың Ханы, Ием мәңгі, Әділдік пен өмірдің жолы. Ол – Жаратушым, Құтқарушым.
Иса берді жүрегіме дем, бақыттымын бұл дүниеде мен. Ол көрсетті өмір жарығын, Ол көрсетті жұмақ анығын.
Қ-сы: Тәрбиелеп жақсы жолына, бақыт алып берді қолыма, Осылайша өмір оңалып, арам ойлар кетсін жоғалып.
2. Келші, елім, Иса жолына, азғырылмай шайтан соңында. Иса сөзін қабыл алайық, біз жұмаққа бірге барайық.
3. Келші, елім, бәрің келіңдер. Тек Исада тыныштық, сеніңдер. Біз күнәға қарсы тұрайық. Иса сөзін оқып, ұғайық.
Иса болып жүрегімнің Иесі, ойым мен сезімімді билесін. Одан асқан сүйіспеншілік бар ма? Тыныштық табамын тек Исада.
Қ-сы: Неге мен уайымдаймын қиналып? Құтқарушым қасымда мәңгілік! Сөзі бар: «Жалғыз сыратпаймын!» - деген. Қаймықпай ұмтыламын көкке мен.
2. Иса Мәсіх маған жеңіс сыйлайды, күшті қолымен кісенді бұзды, Мейіріммен рухымды бағындырып, жан рахатын маған Ол береді.
3. Егер күресте әлсіресе жаным, тек жалғыз Ол рухымды күшейтеді. Тек сонымен ғана тазартыламын. Күш, қуаныш жаныма береді.
4. Қызмет бітсе, қасиетті мекенге сүйіспеншілікпен қабылдайды. Әлемді бұзбайды жерде азаптар. Әке құшағында демаламын.
Иса біздің берік панамыз. Тек Исадан бақыт табамыз. Тек Исамен бірге боламыз. Тар жолменен өтіп барамыз.
Қ-сы: Кездесейік енді аспанда. Кездесейік Тәңір алдында.Кездесейік жұмақ төріңде, ие болып мәңгі өмірге.
2. Тек Исада болсын ойыңыз. Тек Исаның сөзін тыңдаңыз. Абайлаңыз, құлап қалмаңыз, тар жолменен өтіп барамыз.
3. Кел, шырқайық бүгін бәріміз. Иса болсын біздің әніміз. Жарасып тұр бүгін сәніміз, біз Исамен мәңгі біргеміз.
Иса деймін ойыммен, Иса деймін жаныммен, Мәңгілікке жетем деп, қуанышым өзіммен.
Қ-сы: Исаны мен сүйемін. Басымды Оған иемін. Иса менің Тәңірім. Исаға мен сенемін.
2. Жүргенімді қалайды, әділ таза жолымен, Күн нұрына балайды мәңгі жарық өмірмен.
Достарыңызбен бөлісу: |