Адамның жасы мен жынысына байланысты терінің ерекшеліктері



бет2/7
Дата26.09.2023
өлшемі3,88 Mb.
#182529
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7

Дерма ( меншікті тері)

  • Дерма ( меншікті тері)
  • Бұл қабаттың дәнекер тінінде теріге тіректік қасиет беретін коллаген және эластин талшықтары орналасқан. Мұнда тер және май бездері, шаш түбірі, тамырлар, сезімтал жасушалар, бос жүйкелік аяқтамалар орналасқан. Балаларда дерма құрылысында дәнекер тін, эластиалық және бұлшықеттік талшықтар әлсіз дамыған. Май бездері құрсақішілік даму кезінен бастап ақ өз қызметін атқарады:ұрықты орналасуына байланысты ылғалданудан қорғайды, сондықтан бала туылған кезде ірімшікпен майланған сияқты болып жабылады. Нәрестелерде тер бездері қалыптасып қояды, бірақ жылуреттеу ортаулығының дамымауына байланысты қызметтік жеткіліксіздік болады (өмірінің алғашқы 3-4ші айында) . Май және тер бездерінің секреттері микробқа қарсы белсенділік танытады, сондай-ақ теріге түскен химиялық заттардың кейбір зиянды әрекеттерін нейтрализациялайды.
  • Тері асты шел май қабаты
  • Құрсақішілік дамудың 5-ші айында қалыптасуы басталады, бірақ максималды турде 8-9айда жетіледі. Ерте жастағы балаларда дене массасының 12%-ын, ал ересектерде 8%-ын гиподерма алып жатыр. Емізулі балаларда тері асты шел май қабатының құрамы анасының сүтінің майының құрамына ұқсас келеді. Соның арқасында тері асты шел май қабатында қатты май қышқылдары болады, сондықтан өмірінің бірінші жылында ұлпаның тургоры тығыз болады. Терінің жастық ерекшеліктері рН көрсеткішінің айырмашылығына байланысты. Балалардың терісі суға қанық болады. Жаңа туылған нәрестелерде су 80-90% болады (ересектерде 65-67%). Сонымен қатар оларда меланин аз болады, сондықтан терілері УК-сәулесі кезінде қорғанышсыз.

Тері асты май қабатының ерекшеліктері: 

  • Балалардың тері асты май қабатының үлкендерге қарағанда, май жасушалары майдалау, ядролары бар. Өсе келе май жасушалары өсіп, ядролары кішірейеді.
  • Балалардың тері асты май қабатында қатты май қышқылдарының көптігі пальметин және стеарин май қабатының тығыз болуына әсер етеді.
  • Бір жасқа дейінгі балада тері асты май қабатының салыстырмалы салмақ үлесі үлкендерге қарағанда басымырақ, сондықтан бала толық, домалақ болып көрінеді.
  • Балаларда кеуде іш пердесінің майлары жоқ. Олар 5-7 жастан бастап пайда бола бастайды. Осыған байланысты әртүрлі жағдайды балалардың ішкі органдарының қозғалмалы болуы мүмкін. Көбінесе бүйрек орнынан қозғалады, төмен түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет