Адамзат баласы шыр етіп өмірге келгеннен кейін, ол белгілі бір ортаға бейімделіп



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі442,09 Kb.
#124247
  1   2   3   4
Байланысты:
Презентация 1, Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері, 1557470282



...Адамзат баласы шыр етіп өмірге келгеннен кейін,
ол белгілі бір ортаға бейімделіп,
өмір сүру қалпын жалғастыратыны сөзсіз.

Осындай «жеке әлемді» зерттеп, танып-білуде, олардың сана-сезімін көтеріп, өмірге, қоғамға бейімдеуде мұғалімнің алатын орны ерекше.Кәсіби тұрғыдан маманданған мұғалім озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып,баланы өзгермелі өмірге дайындайды,сол арқылы өзі де үнемі өзгеріс,кәсіби даму үстінде болады.


Мектептегі тәжірибе кезеңінде баланы сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасына енгізуді, сол арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға, баланың ойына серпіліс ендіруді мақсат етіп қойдым. Осы мақсат үдерісінен шығу үшін әр сабақта баланың сөздік қорының көп болуына, өзіне керекті сөздерді дұрыс қолдана білуіне,сауатты да мәдениетті сөйлеулеріне, көркем жазуына жете мән беру,есеп шығару барысында қиындығы жоғары есептерді формулалармен түрлендіре отырып, қорытып шығаруға оқушыларды дағдыландыруға, сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау,жетілдіру,жеке тұлғаның өзіндік идеясын,көзқарасын сенімділігін жауапкершілігін біртіндеп дамыту қажет.Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқымдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді.Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету - сындарлы (конструктивті) оқытудың мақсаты.Мұнда негізгі мәселе тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.Сын тұрғысынан ойлау-бақылау,тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну бағалау,талдау және синтездеу қолданылатын әдіс болып табылады,сонымен қатар ол әрекет жасауға негізгі,түрткі болуы да мүмкін.Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр мектептің ең басты міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы өзгерістерге «Тәжірибедегі рефлеексия» бағдарламасын жатқызуға болады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық,зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеру, оқыту үдерісін жоспарлау. Оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру. Мұғалімнің оқыту үдерісіне, оқушыға. Тіпті мұғалімнің өзінің рөлі мен көзқарасының түбегейлі өзгеруіне бағытталған. Осы бағдарлама бойынша оқудың бірінші кезеңінде жаңа оқыту әдістері мен ғалымдар еңбектері жайлы теориялық білім алып, оқу әдістерін өзіміз арқылы өткізіп, жеті модульдің негізгі идеяларымен таныстық.
Осы модульдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, сонымен қатар олар бір- бірімен тығыз байланысты. Жеті модульге негіз болған идеялар үш негізгі тарауға бөлінеді: ойлау жолдары, әдістер мен тәсілдер, жұмыс құралдары. Осыған дейін біздің өткізген дәстүрлі сабақтарымыз оқушылардың ойлау, даму деңгейін ескермей, оқушының ой- пікірімен санаспай «орташа» оқушыға бағытталған сабақ болды. Оның мақсаттары оқушыға емес, мұғалімге арналып жазылды. Әр сабақта «қандай нәтижеге қол жетеміз?» - деген сұрақтар туындаған жоқ. Сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болды. Қазіргі таңда енгізілге өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан оқушыға арналған мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану, оқушы және мұғалім рөлін өзгерту. Бағдарламаға қатысып бастаған уақытта «өз тәжірибеңде нені көргің келеді?» деген сұраққа:
-пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көргім келеді, сабақ үдерісін жаңа технологиялар бойынша өткізгім келеді,-деп жауап бердім осы мақсатта бағдарламаның әр сабағынан қалмай қатысуға тырыстым және де сол мақсатқа жету жолында көп ізденіп, таңдап алынған 7- сыныпқа жаңа өзгерістер енгізіп, ашық сабақтар өткіздім. Сабағыма әріптестерім қатысып, жетістіктерім мен кемшіліктерімді айтып өз бағаларын берген болатын.
Менің бірінші өткізген ашық сабағымның тақырыбы: «Қатынас ыдыстар. Су құбыры». Сабақтың мақсаты: оқушылар мысалдар арқылы қатынас ыдыстардың түрлерін және оның қасиеттері қандай қондырғыларда пайдаланылатындығын ұғындыру, қатынас ыдыстар жайлы білімдерін дамыту. Табыс критерийлері Барлық оқушылар: Анықтамасын тұжырымдап, сапалық тапсырмаларға жауап бере алады. Қатынас ыдыстардың түрлерін бір-бірінен ажырата алады. Көпшіл оқушылар: Теориялық білімдерін қолдана отырып, өз тұжырымдарын дәлелдей алады. Қатынас ыдыстардың түрлеріне жеке-жеке тоқтала отырып, білімдерін жинақтап қолдана алады. Кейбір оқушылар: Қатынас ыдыстың қасиеттері пайдаланылатын қондырғыларды жасап, жұмыс істеу принципін түсіндіре алады. Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды талдап, салыстыра алады. Сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдер: Көрнекі түсіндіру, оқушының өзіндік жұмысы, сараптау, синтез,АКТ, Проблемалық сұрақтар, өзін-өзі бағалау, жұппен,топпен жұмыс.Критериалды бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет