Adv3205- «Адвокатура»


Адвокаттарды аттестациялау мен олардың кәсіби біліктілігін көтеру жөніндегі жұмыстарды адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді



бет73/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Адвокаттарды аттестациялау мен олардың кәсіби біліктілігін көтеру жөніндегі жұмыстарды адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді.
Адвокаттарды аттестациялау – бұл адвокаттар алқасының төралқасы ұйымдастыратын заңнама нормалары бойынша адвокаттың білімін тексеру және бағалау, мұнда негізгі өлшем ретінде адвокаттың кәсіби білімі мен дағдылары қызмет етеді.
Адвокаттарды аттестациялаудың негізгі мақсаты біліктілік пен кәсіби білім; құқықтық мәдениет; адвокаттық әдеп нормаларын сақтау деңгейін және өз кәсіби міндеттерін алқа мүшелерінің орындау мүмкіндігін анықтауүшін қажетті басқа да мән-жайларды тексеру болып табылады.
Аттестациялауды жүргізу адвокаттар төралқасы бекітетін “Адвокаттарды аттестациялау туралы Ережемен” тәртіптеледі.
Аттестация төралқа шешімі бойынша бес жылда бір рет өткізіледі. Аттестациялауда жүргізу үшін аттестациялық комиссия құрылады, оның сандық және сапалық құрамы адвокаттардың Жалпы жиналысында (конференциясында) анықталады.
Аттестациялауға арналған сұрақтардың тізбегін мемлекеттік және орыс тілдерінде Аттестациялық комиссия құраттырып бекітеді және төралқа аттестация басталардан екі ай бұрын аттестациядан өтуге тиіс адвокатқа қол қою үшін тапсырады.
Аттестациялық комиссия адвокаттық қызметпен шұғылданғысы келген адамның өтініші бойынша аттестация өткізеді және шешім шығарады, осы ұсыныс негізінде Әділет министрлігі тиісті лицензия береді.
Тестіге енгізілген заң пәндерінің және сұрақтардың тізбесін Комиссия құрастырып бекітеді.
Аттестацияны комиссия ай сайын өткізеді. Адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығына үміткер адамдар Комиссияға ҚР Әділет министрлігі кеңесі арқылы өзінің аттестацияға жіберу туралы өтініш жолдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет