Эстетика ғылымының териялық негізі Аристотель ілімінен бастау алады, ол алғаш рет әсемдіктің ерекшелігі туралы мәселе көтерген болатын, яғни, бұл эстетиканың өзін-өзі айқындауына мүмкіндік берген маңызды теориялық мәселенің бірі. Сонымен қатар, Аристотель эстетика тарихында бірінші болып өнерді түр мен жанрларға бөледі. Бұл бір жағынан, антика өнерінің жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетсе, екіншіден, эстетикалық теорияның жоғары деңгейін де байқатады.
2. Эстетиканың даму тарихы.
Юрий Боревтың пайымдауы бойынша: «Эстетика философияның маңызды бөлімдерінің бірі, табиғаттың әр түрлі құбылыстарының, адам өмірінің, өнерінің сезімтал бейнесін, айқындығын, сұлулығын ашумен байланысты адамның шынайылыққа деген шығармашылық, көрнекі, көркемдік көзқарасын білдіретін жалпы теориялық білім саласының бірі. Эстетика ғылым ретінде әдемілікті түсінуге негізделген адамның әлемге танымдық ерекше, пайданы көздемейтін, демек утилитарлық емес әдісін зерттейді».
2. Эстетиканың даму тарихы.
А. Баумгартеннің ойынша, эстетикалық білім бірнеше бөлімнен тұрады, олар: 1) заттар мен ойдағы сұлулық туралы 2) өнер заңдары туралы 3) эстетикалық белгілер туралы. Қазіргі уақытта «эстетика» ұғымы тек ғылыми тілде ғана емес, күнделікті өмірде де жиі қолданылатын сөздердің біріне айналды: бүгінгі күні тұрмыс эстетикасы, интерьер және дизайн эстетикасы, киім эстетикасы, мінез-құлық эстетикасы туралы айту орынды.
2. Эстетиканың даму тарихы.
Эстетиканың пәні – өзінің құбылыстарының жалпыадамзаттық маңызы, яғни, эстетикалық құндылығы тұрғысынан алғанда оның эстетикалық байлығымен бірге бүкіл әлем болып табылады. Эстетика пәні сонымен қатар өнерге тікелей немесе өнерге ғана жатқызуға болатын эстетикалық белсенділік түрлерін қамтиды – тек пайдалы емес, сондай-ақ әдемі нәрсені модельдейтін қызметті де осыған жатқызуға болады. Эстетика – жалпыға ортақ адами құндылықтардың мәні, олардың туылуы, болу, қабылдау және бағалау, адам қызметінің кез-келген кезеңінде әлемді эстетикалық меңгерудің жалпы қағидаттары туралы және ең алдымен эстетикалық табиғат пен оның алуан түрлілігі, шығармашылықтың мәні мен заңдылықтары, өнерді қабылдау, қызмет ету және дамыту туралы философиялық ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |