Ағартушылық істің дамуы және өнер қайраткерлері Орыс географиялық қоғамының қызметі Орыс географиялық қоғамы



Дата14.10.2023
өлшемі27,71 Kb.
#185423
Байланысты:
Ағартушылық істің дамуы және өнер қайраткерлері


Ағартушылық істің дамуы және өнер қайраткерлері


Орыс географиялық қоғамының қызметі
Орыс географиялық қоғамы — бүкіл әлемдегі ең көне географиялық қоғамдардың бірі.


Атауы:
Орыс Географиялық Қоғамы (1845—1850, 1917—1926)
Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы (1850—1917)
Мемлекеттік географиялық қоғам (1926—1938)
КСРО Географиялық Қоғамы (сонымен бірге тағы бір орысша атауы Всесоюзное географическое общество) (1938—1992)
1992 жылдан бастап — қайтадан Орыс географиялық қоғамы.


Тарихы:
1845 жылы 18 тамызда Император Николай I бұйрығымен Ресей империясының Ішкі істер министрі граф Л. А. Перовскийдің Санкт-Петербургте Орыс Географиялық Қоғамын құру туралы ұсынысы қабылданды (кейінірек Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы деп атала бастады).

Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының құрылтайшылары адмиралдар И. Ф. Крузенштерн және П. И. Рикорд, вице-адмирал Ф. П. Литке, контр-адмирал Ф. П. Врангель, академиктер К. И. Арсеньев, К. М. Бэр, П. И. Кёппен, В. Я. Струве, әскери геграф, геодезист М. П. Вронченко т.б.




Императорлық Орыс Географиялық Қоғамына ең алғаш мүше болған қазақ ғалымы:
21 ақпан 1857 жылы орыс ғалымы П.П. Семеновтың ұсынысымен Шоқан Уәлиханов Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып қабылданды.


Орыс География Қоғамы 1845 жылы 6(18) тамызда Санкт-Петербург қаласында құрылды. Қоғамды құрған 17 құрылтайшының 7-еуі Қазақ жерiн ғылым зерттеулерге үлес қосқан ғылым және мемлекет қайраткерлерi: Г. Гельмерсен, Ф. Берг,А. И. Левшин, В. Даль, В. Струве, В. Перовскийлер болды.Орыс география қоғамы құрылған кезден бастап Ресей және оған iргелес елдер туралы география мәлiметтер жинады. Қоғамның жаңа игерiле бастаған Сiбiр мен Қиыр Шығысқа, Қазақстан мен Орта Азияға, Орал мен Кавказға, ғылымға беймәлiм Орталық Азия мен полюстiк аймақтарға, т. б. ұйымдастырған экспедициялары дүниежүзіндегі география ғылымына теңдесi жоқ үлес қосты.
Орыс география қоғамы географиямен қатар оған iргелес көптеген ғылым салалары: статистика, этнография, картография, биогеография, климатология, гидрология, көлтану, топырақтану, т.б. бойынша зерттеулер ұйымдастыруға ұйтқы болды.
1851 жылдан бастап Ресейдiң iрi қалаларында Орыс география қоғамының бөлiмшелерi құрыла бастады. Солардың iшiнде Орынбор, Батыс Сiбiр, Семей, Түркiстан бөлiмшелерi қазақ жерiне көптеген ғылым зерттеу экспедицияларын жабдықтап жiбердi. Бұл жұмысқа Кеңес өкiметi жылдарында Қазақ география қоғамы және оның Батыс Қазақстан бөлiмшесi қосылды.


ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті. Ақындар мен композиторлар
Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді , түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды : шұқшия зерттелді.

Қазіргі күнде қолымызда ХІХ ғасырда жасаған қазақ әдебиеті үлгілерінің қырау мұрасы бар: сол әдебиетті туғызушылардың өмірбаян, шығармашылық ғұмыры жайлы толып жатқан мәнді, маңызды мәлімет бар. Негізігі, басты сипаттары, ерекшелектері қамтылған ғылыми-зерттеу еңбектер бар.


Соңғы уақыттарға шейін ХІХ ғасыр әдебиеті түрлі атауларымен бөлініп келгені мәлім. Бірақ ол атауларға көбіне сол әдебиеттің көркемдік негізі , әдеби үлгісі емес, көбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз болды. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік деген атаулар әдебиет ерекшелігін ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, өз мәнінде қолданылды деуге болмас. Бір кездерде біздің әдебиеттану ғылымымызда, көркемдік танымымызда реализм тек Абайдан басталды деген ұғындыру басым болды. Көркем әдебит реалистік негізсіз тумайтынын, жасамайтының мойындағымыз келмеді.


ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты Сәбит Мұқанов 1942 жылы мынандай тұжырым жасады. ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиет басым болды. ХІХ ғасырдың 70 жылдардан бастап просветительдік (мәдениет үндеуші) әдебиет туды.


ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері бостандық рухты жырлаған Махамбет ақын, Шернияз.


зар заман әдебиетінің айтулы тұлғалары Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әубәкір.
әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Түбек, Марабай.
атышулы сал серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері
қиссашыл ақындар: Қоқан езгісіндегі өңірдің әдебит өкілдері Сүйінбай, Мәделі, Құлыншақ, Майлықожа , Базар:
жаңа жазба әдебиет өкілдері: Абай, Ыбырай, Шоқан.

Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар. 19 ғ-дың аяқ шенінен бастап Қ. м. шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қ. м., оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді.


А.В. Затаевич қазақтың муз. фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарып, Қазақтың музыка мәдениетін қалыптастырды.
Жұбанов, Ерзакович, Н.Тифтикиди, И.Дубовский, Ю.Аравин, М.Ахметова секілді аға буын ғалымдардың Қ. м-н зерттеуге қосқан үлестері көп. Олардың ізін баса З.Қоспақов, Т.Бекхожина, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, С.Күзембаева, Б.Қарақұлов, т.б. өнер зерттеушілері шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет