Тұтқыр заттар жергілікті әсер ететiн қабынуға қарсы препараттар тобына жатады.
Оларды сілемейлі қабаттың және терінің қабыну процестерінде қолданады.
Әсер ету механизмі: енгізген жерде жасушадан тыс сұйықтықтың, сiлемейдiң, экссудаттың жасуша беткейінің (мембрана), қантамыр қабырғаларының коллоидтарының тығыздалуы (нәруыздардың "жартылай коагуляциясы") байқалады.
Тамырлардың өткізгіштігі төмендейді, қабыну дәрежесі азаяды, ал бұл тығыздалудың нәтижесінде пайда болған пленка сезімтал нервтердің ұштарын тітіркенуден қорғайды, солай ауыру сезімі азаяды.