Ағылшын тілі кафедрасы 6B02301 – Аударма ісі мамандығы бойынша (ShT 1103) «Шетел тілі»



бет7/8
Дата03.11.2022
өлшемі158,5 Kb.
#156469
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БӨЖ тапсырмаларына арналган нұсқау мен тапсырмалар

4. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ
(ЖОБАНЫҢ) МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1. Мазмұны бойынша білім алушының өзіндік жұмыстары мамандыққа қарай өз бетінше орындаған қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.
4.2. Білім алушының өзіндік жұмыстарының көлемі жаратылыстану бағыттағы жұмыс үшін 10-15 беттен тұрады. Қосымшалар білім алушының өзіндік жұмыстарының көрсетілген көлеміне кірмейді.
4.3. Білім алушының өзіндік жұмыстарының құрылымдық элементтері:
- титул парағы;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
4.4. Білім алушының өзіндік жұмыстарының мазмұнында кіріспе, барлық тараулар мен бөлімдердің рет сандары мен атаулары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың аталуы және элементтеріне қатысты беттердің саны көрсетіледі.
4.5. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының негіздемесі, қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы жағдайының талдауы, сонымен қатар білім алушының өзіндік жұмыстарының зерттеудің мақсаты, міндеттері және нысандары, теориялық және әдістемелік негізі мен практикалық базасы көрсетілуі тиіс.
4.6. Негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер келтіріледі. Негізгі бөлімі, әдетте, тарауларға, бөлімдерге, параграфтарға бөлінеді.
4.7. Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылары жасалып, қойылған міндеттердің орындалу дәрежесі анықталады және зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстар беріледі.
4.8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.
4.9. Қосымшаға негізгі бөлімде көрсетілмеген өзіндік жұмыстың зерттеуге қатысты материалдар кіреді.
4.10. Білім алушының өзіндік жұмыстарындағы мәліметтердің дәлдігі мен шынайылығына өзіндік жұмыстың авторы – студент жауапты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет