АҒылшын тілі сабағында қазақТЫҢ



Дата29.01.2018
өлшемі71,52 Kb.
УДК 39.0168.29.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ

ҰЛТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Тілдің арқасында біреуді-біреу танып, бір халық екінші халықты біліседі.

Халық педагогикасының мақсаты – бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізіне этнографиялық материалдар, халықтың тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, отбасы тәрбиелері, халықтық қол өнері кіреді. Педагогикалық дәстүрлер мен тәсілдердің тәрбие беру және оқытудағы өзара тәуелдік мақсаттары, міндеттері және құралдары халық педагогикасының жиынтығы болып саналады.

Ізгілік жолындағы ізденістер екі бағытта жүреді: бірі – оқып, білім алу, екіншісі – адамгершілікті қалыптастыру тәсілі – тәлім-тәрбие беру. Ұлттық тәрбиенің негіздері оқыту мазмұны мен астасып, сабақтасып жатуы шарт.

Дұрыс оқулықтар мен бағдарламаларды ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән менталитеті ескерілмей, ұлттық сана мен мәдени құндылықтарға нұқсан келтіріп, өз тілін ұмытқан ұрпақ пайда болды. Осы кемшіліктерді болдырмау мақсатында әрбір ұстаз Абайдың, Мағжанның педагогикасын оқып-үйреніп, «этнопедагогикасын» және «этнопсихология» жаңа заманға сай ғылым негіздерін тезірек меңгерген жөн. Екіншіден, советтік педагогикадағы жақсы үрдістерді ысырып тастамай, өз практикамызды пайдалана білуіміз қажет. Халық педагогиканың мынадай мақсаттарын көрсетуге болады:



  1. Оқушылардың ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, мәдениет пен өнерге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы халықтың асыл мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

  2. Республиканы мекендейтін түрлі халықтардың салт – дәстүр, әдет – ғұрып, мәдениетімен , өнерімен таныстыру.

  3. Халықтық педагогиканың құралдары арқылы жеткііншектердің адамгершілік сезімі, мәдени деңгейі мен эстетикалық талғамын қарастыру.

Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсы да адамға қызмет етеді. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар.

Оны халық педагогикасның құрамдас бөлігі ретінде мектепте оқыту қолға алынып отыр. Қазақтың ұлттық ойындарын мазмұнына, мақсатына қарай: ойын-сауық, спорт және ойлау ойындары деп 3-ке топтауға болады. «Болашақ қайраткер ең алдымен ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады» деген А.С.Макаренко. Ұлттық ойындар баланың шығармашылық қасиетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ойын дүниеге ашылған жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың тек бастауыш кластарда емес, сондай-ақ жоғары кластарда да пайдаланудың берері мол. Ойын элементтері араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін, сабаққа белсенді қатысып, берілген сұраққа ойлана жауап іздейді. Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, білімге құштарлығын арттырып, түсініктерін кеңейте түседі. Ойын – маңызды іс. Қандай ойын болса да, негізгі мақсатқа жұмсалуы керек. Ойын адам жанын ынтықтырумен бірге оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындарың қай-қайсысы болса да оқушыдан төзімділікті, тапқырлықты, шеберлікті, ізденімпаздықты талап етеді. Оқушыларға ана тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс және келістіре баяндай білуге дағдыландыру, ағылшын тілінде жазылған шығармалардың тіл байлығын, стилін, әр сөздің атқаратывн идеялық эстетикалық жүгін жете меңгерту, кітаптарды өздіігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдыларды қалыптастыру, сөйтіп егемен еліміздің ұлттық мәдениетін әдет – ғұрып, салт-дәстүрін, тарихи құндылықтарын, ізгі тағылымдарын шетел тілі арқылы таныту пән мұғалімдерінің басты мақсаты болуы тиіс.

Оқу орындарында берілетін оқу мазмұны мына негізгі мәселелерді қамтуы тиіс: 1) Оқушылар өз ұлтының тілін, мәдениетін, тарихын терең түсіну арқылы өз халқының дүниежүзілік мәдени мұрадағы орны мен үлесін білуін қамтамасыз ету. 2) Оқушылардың жеке мүддесін ескере отырып, оқу мазмұны мен қатар әр оқушының қабілетін, қызығуын, ынтасын дамытуға мүмкіндік беретін пәндерді оқыту.

Халық педагогикасын оның ішінде қазақтың ұлттық ойындарын ағылшын тілі сабағында пайдалана отырып сабақ өту оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шеберліктерін шыңдай түседі. Қазақтың ұлттық ойындары халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруге, олардың өмір тәжірибелерін кеңейтуге, дүниені танып білу қабілетін жетілдіре түсуіне көмектесетін аса қажетті тәрбие құралдарының бірі.

Міне, сондықтан да қазақтың кейбір ұлттық ойындарын мен ағылшын тілі сабағында пайдаландым:

Мысалы: «жүгіру» running – кім бірінші болып белгілі бір тақырып бойынша он сөз жазады. (school, town)

Ауыр атлетика: кім ең көп әріптен тұратын сөзді жазады?

Күрес: оқушылар екі топқа бөлініп бір-біріне сұрақтар қояды.



«Бәйге ойыны»

Мұғалімнің берген сұрақтарына оқушылар шапшаң жауап берулері керек. Бірінші болып жауап берген оқушыға жоғары баға қойылады.

Мысалы: Абай мен Шекспирге арналған сұрақтар.


  1. Шекспир кім? Абай кім?

  2. Абайдың туылған жылы. Шекспирдің туылған жылы.

Тағы сол сияқтылар ...

«Алтын сақа» (ойын – бәсеке сабағы)



  1. Оқушылардың дүние танымын арттыру мақсатында жүргізілген тәрбие жұмыстарын көрсету;

  2. Достыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу және тілдерін дамыту;

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың сын есімнен алғанбілімін тиянақтау; ә) ұлттық дәстүрімізді терең танып білуге тәрбиелеу; б) ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, қалыптастыру.



Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, суреттер, теңге түріндегі сұрақтар.

Сыныпты екі топқа бөлеміз:



  1. Асық иіріп, топтардың бәсекеге шығар реті анықталады;

  2. «Сақина салу» ойыны арқылы бәсекеге түсер ойынның кезегін таңдайтын баланы анықтайды;

  3. Қоржыннан асық алып, бәсекеге түрінің ретін анықтайды.

Қоржында бес асық болады, біреуінде музыка кілтінің суреті салынған, төртеуінде ойынның аты жазылған.

Ойын түрлері



  1. Ойындар. («Теңге ілу», «Орамал тастау»)

  2. «Бәйге» ойыны. (Сұраққа жауап)

  3. Жұмбақ шешу.

  4. Мақал-иәтел айтудан жарыс.

  1. Сын есімге байланысты алынған жаңа сөздерді қазақшадан ағылшынға аудару «Орамал тасау» ойыны арқылы жүзеге асады. Мысал: high, low, toll, big, small, long, good, bad, clever, interesting, beautiful

Әділ – қазылар алқасы ұпай санын белгілеп, ойынды бақылап отырады.

  1. «Бәйге» ойыны.

Мұғалімнің берген сұрақтарына оқушылар тез жауап беру керек. Мысалы:

  1. Who is the tallest boy in our class?

  2. Which is the highest building in our village?

  3. This classroom is smaller than that classroom, isn’t it?

  4. My sister is as a flower, isn’t she?

  5. Which the longest river in Kazakhstan?

  6. Who is the most popular singer among teenagers in Kazakhstan?

  1. Now you will try to quest riddles. Мен енді жұмбақтарды қорап жәшіктің ішінен «теңге алу» ойыны ретінде алдырдым.

  1. I don’t know

The ABC,

But I like to write

As you can see

(A pen, a pencil)

2. What is it that looks like a boll?

Children like to turn it round.

Rivers, mountains, states and towns

Can be seen all round

(a globe)

5. What word has three?

Syllables but 26 letters?

Келесі ойынның түрі «айтыс» негізінде мақал-мәтел айтудан жарысу. Бір оқушы мақалдың қазақша нұсқасын айтады, келесі жарысып тұрған оқушы сол мақалдың ағылшынша түрін айтады.

Proverbs


    1. Actions speak louder than words.

(Адамды сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағала)


    1. East or West home is best.

(Алақандай өз үйім, сарайдай болған боз үйім)


    1. A friend in need is a friend indeed.

(Шын дос қиындықта да табылады)
Әділқазылар алқасы топтарға тиесілі ұпайларды санап, ұпайы көп топ алтын сақаның иегері атанады. Қазақтың ұлттық ойындарын ағылшын тілі сабағында пайдалану оң нәтиже береді деп есептеймін.

Осы өтілген сабақтары жинақтай келе менің айтарым: ұлттық ойындарды шет тілі сабағында пайдалану тиімді.

Біріншіден: Ойын сабағы баланың ойлау қабілетін ұштап, өз бетінше шешім қабылдауға үйретеді.

Екіншіден: Қанына тән, жақын нәрселер арқылы өтілген сабақ оқушының есінде ұзақ сақталады.

Үшіншіден: Қазақтың ұлттық ойындарын ағылшынның ұлттық ойындарымен салыстыра отырып өтсе деген оқушылардың қызығушылығын оятады.

Төртіншіден: Халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі ретіндегі ұлттық ойындар ұлт мектептеріндегі ұлттық болмысты сақтауға, оны жаңа үрдіспен дамытуға көмектеседі.

Қорыта келгенде ағылшын тілі әлем тілі болғандықтан, қазіргі уақытта оған үлкен көңіл бөліп отыр. Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану арқылы ағылшын тілі сабағын қызығушылығын арттыру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка. "Вопросы психологии". № 6.

2. Колесникова О.А. Ролевые игры в обучении иностранным языкам. Иностранные языки в школе, № 4, 1989г.

3.Методика начального обучения иностранным языкам». Под ред. И.В. Карпова и ИВ Рахманова М., 1987

4. Лившиц О.Л. Ролевая игра на уроках иностранного языка в 8 классах. Иностранные языки в школе, № 5, 1987г.

5.Маслыко ЕА Учебное общение на уроке английского языка Минск \1990

6. Мильруд Р.П. Организация ролевой игры на уроке. Иностранные языки в школе, № 3, 1987г.

7. Перкас С.В. Ролевые игры на уроках английского языка. Иностранные языки в школе. № 4,

Резюме


При обучении использовать сходство между фонетикой и граматикой. Английский язык - это мировой язык и в наше време он играет важную роль в нашей жизни.

Используя Казахские националные игры проявить интерес учащихся к английскому языку.



Summary

English language plays an important role in our life. English language is the language of a new technology. Using the national games we show to our students and develop their interest in English language.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет