«Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану»



Дата25.08.2017
өлшемі66,77 Kb.
#26181
«Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану»

Бұл мақалада ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану әдістері қарастырылады.



Түйін сөздер: танымдық қызығушылық, танымдық әрекет, оқу үрдісі, оқыту әдістемесі, ойын элементі, іздену дағдысы, әдіс-тәсіл т.б.

Елбасы Жолдауында кез келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Әрине ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлері дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыға бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді: 1. Алфавитті дұрыс меңгерту; 2. Орфографияны дұрыс оқыту; 3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру; 4. Лексиканы меңгерту; 5. Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды шетел тілінде қарым-қатынас жасауда әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады. Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, оны орындауы тиіс. Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады: 1. Ойынның өтілетін сабақтардың мазмұны мен тақырыбына сай болуы. 2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу. 3. Ойынның ойналу түрі – топ болып ойнау. 4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы. 5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау. 6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау. Мұғалім алдымен оқушының оқуға деген қызығушылығын оятуы қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне,мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Сонымен бірге, сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы, сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Heads and Tails Travelog Board Race Order Race Question race. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымдық қызығушылығын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру және тиянақтау, пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез-құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек. Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, лексикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Іс-әрекетті кесте түрінде қарастырсақ, оқушының белсенділігі мен білім сапасын көрсетеді. Білім алумен оқушылардың қызығуы артады. Оқушыны топпен жұмыс істеуге үйретеді. Бала еңбек етуге дағдыланады. Танымдық әрекеттерді қалыптастырады. Ұйымшылдық қабілетті жетілдіреді. Ойлау қабілеті артады. Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану – сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады. Ойынды сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап, қолданып отырады. 1. «What’s in the bag?» – «Сөмкеде не бар?» ойыны (Лексикалық ойын). Мұғалім алдымен балаларға бір сөмке алып келеді. Балалардан сұрайды: – Балалар сөмкеде не бар? – Балалар: сөмкенің ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақсоңында қолданса болады. Әсіресе, жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сөмкенің ішіндегі заттармен таныстырады. Сөмкеде не бар? Мұғалім оқушылардан «What’s this?» сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар тапса «Zhanar has a pencil» деп табу керек. Бұл ойын арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады. 2.«Boardrace» – «Тақта сайысы» ойыны. Бұл ойынның шарты: Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, ойынның ережесімен таныстырады. Бұл ойында мұғалім түстер, сандар, сөздер айтады, сол айтылған сөздерді, сандарды оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп, қателерін жөндеп, қай топтың жеңгенін анықтайды. Мысалы: P-1 ---- White P-2 ----- White Thirty ----- Thirty Umbrella ---- Umbrella Winter ---- Winter Desk ------ Desk Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп, қай жақтың жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ойын барысында жеке оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздену дағдыларын қалыптастырады. 3. «Travelog» – «Caяхаттар туралы әңгімелер» ойыны. Мақсаты: өткен шақты қайталау (Simple Past). (Грамматикалық ойын). Қажетті материалдар: Мұғалім немесе оқушылардың соңғы саяхаты туралы слайдтар. Оқушыларға осы слайдтар көрсетіледі, ал оқушылар болса, саяхат туралы ауызша әңгіме құрастыруға тырыса отырып, оларды кезек- кезек айтып шығады. Мысалы: 1-ші оқушы: «This is where we stopped to go swimming»; 2-ші оқушы: «Unfortunately, the water was so cold»; 3-ші оқушы: «Then we ate at this restaurant, where the food was too cold»; 4-ші оқушы: «At the zoo, we saw all kinds of animals, including this bear»; 5-ші оқушы: «This is our motel. The beds were too soft and the walls were too thin. We could hear our neighbour’s TV better than ours». Бұл ойын білім деңгейі орташа оқушыларға арналған. Әсіресе, тілді үйренушілердің ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту үшін арналған. 4. «Architects» – «Архитекторлар» ойыны. Қажетті жабдықтар: «Қала мен ауыл» тақырыбына салынған суреттер. Оқушылар қала мен ауылды суреттеуге жаттығады. Сынып үш немесе төрт топқа бөлінеді. Бірнеше минуттың ішінде оқушылар өздерінің жобаларын қарастырады. Кімнің әңгімесі толық та, қызықты болса, сол топ жеңіске жетеді. Ал жобаны қорғауға топтың бір мүшесі шығады. Мысалы: This is a student complex. Here you see a modern multistory building at the the university. And this is a new building of the hostel. It has got all modern conveniences. Not far from it there is a library with a large reading-hall. Near the university there is a small stadium. There are some squares and small gardens. This is the place where the students can have a rest. Бұл ойын балаларды іскерлікке үйретеді. Іскер ойындар – баланың есейсем немесе тез арада ересектердің ісіне аралассам деген қиялдарын ойын үстінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүкіл сабақ бойында оқушының қызығушылық ынтасының төмендеуіне мынадай себептер әсер етеді: 1. Ойлау жүйесіне, миына көп салмақ түсу; 2.Сабақты бірыңғай, бірсарынды жүргізу; 3. Жазба жұмысын мөлшерден тыс жиі жүргізу; 4.Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберу. Демек, оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдердің бірі – ойын болып саналады. Ойын барысында жеке оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздендіру, іздену дағдыларын қалыптастырады. Ойын түрлерін қолдану арқылы жаңа тақырыпты жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді. Нәтиже: 1. Әр оқушының шығармашылығы артады. 2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады. 3.Оқушының жеке қабілеті нықталады. 4. Оқушы топ жаруға ұмтылады. 5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды. 6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады. Қорыта келгенде, шет тілін оқыту үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден – балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойынды дұрыс ұйымдастыру оның нәтижелі болуының басты себебі екенін есте ұстау абзал.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет