Тері жамылғысын сипаттау (түсі, ылғалдылығы, серпімділігі)
Науқастың тері жамылғысын тексерген кезде оның түсіне; бөрітпенің болу, болмауына, ылғалдылығына, серпімділігіне көңіл аударады. Тері жамылғысының түсі тамырдың қанға толу дәрежесіне байланысты. Дені сау адамның терісінің түсі ақшыл-қызыл түсті болады. Белгілі бір аурумен ауыратын терісінің түсі ақшыл, көкшіл, қызыл, сарғыш, болады. Терінің ақшыл түсі терінің тамырларының қанға толуының жетіспеушілігінен болады. (тамыр спазмы, қан кетуден болған қан көлемінің азаюы). Терінің қызыл түсті болуы қысқа мерзімді сипатта болады. (ұялу, аландау, ашу) ол психикалық қозудың әсерінен пайда болады. Терінің көкшіл түсті болуы қанның оттегімен нашар қанығуынан болады. Цианоз жерілікті және жалпы болады. Жалпы цианоз жүрек, өкпе ауруларында кездеседі. Жергілікті цианоз қанның тамырда ұйып, қиын ағуынан пайда болады. Егер цианоз ерінде, мұрынның ұшында, құлақта беттің ұшында орналасса ол акроцианоз деген атқа ие болады. Терінің қара-бүрыс түсті болуы бүйрек асты жетіспеушілік болуы кезінде пайда болады. Терінің сарғыш түсті болыуы өт пигменттерінің теріде жиналуы және сілеймелі қабықшада өттің бауырдан ағуының бұзылуы кезінде, бауыр ауруларында (Гепотит, церриоз) немесе эритрофиттердің бұзылуы кезінде пайда болады. Терінің сарғыш түсті болуы дәрілерді көп мөлшерде қолдануданда болуы мүмкін (ахренин және хинин)сонымен қатар кейбір тамақтарды қолданған (сәбіз, цитрустық) пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |