Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.
Тұрақсыз тип (қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда - эпилептоидты психопатия.
Достарыңызбен бөлісу: |