«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


- кесте. Топырақ құрамындағы судың сарқылуы мен азоттың шайылуы



бет46/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

11- кесте. Топырақ құрамындағы судың сарқылуы мен азоттың шайылуы



Топырақ




Есепке алу мерзімі, ай




1




9

20













Құм: судың сарқылуы, л

23,5




93,3

190,8




азоттың шайылуы, %

17,4




100,0

103,6




Саздақ: судың сарқылуы, л

9,0




52,0

92,1




азоттың шайылуы, %

0,15




6,9

13,6




Кесте мәліметтеріне қарағанда құмдағы судың сарқылуы мен азоттың шайылуы саздақ топырақпен салыстырғанда анағұрлым көп. Лион мен Бицель өсімдік өсірілмеген лизи-метр топырағынан гектарға есептегенде орта есеппен 77,4 кг азот, 80,7 кг калий, 59,5 кг күкірт, 44,8 кг кальций және 70,8 кг магний шайылатынын анықтады. Б.А.Голубев көптеген авторлардың көпжылдық тәжірибелерін талдау арқылы тыңайтқыш берілмеген тереңдігі 1 м лизиметр топырағынан бір гектарға есептегенде 12,8 кг азот, 1,2 кг фосфор, 27,4 кг калий, 51,4 кг күкірт, 46,8 кг кальций, 32 кг магний және 46,8 кг кремний оксиді шайылып ысырап болады деген тұжырым жасады.


Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштарды


дұрыс қолдану жолдарын анықтауда лизиметрлік зерттеудің де маңызы зор. Өйткені зерттеушілердің жүргізген көптеген тәжірибелері қоректік заттардың топырақтағы мөлшері мен тыңайтқыштардың әсер етуі арасында белгілі бір байланыс барлығын лизиметрлік әдісті қолдану арқылы анықтады.


Бақылау сұрақтары:



  1. Лизиметрлік зерттеулерді қандай мақсатпен жүргізеді?

  2. Лизиметрлерді құрастыру мен орналастыру кезінде міндетті түрде орындалатын талаптарды атаңыз.

  3. Лизиметрлер дайындау конструкцияларына сәйкес неше топқа бөлінеді?

  4. Лизиметрлік воронкаларды алғаш рет қолданып, ұсынған ғалым.

  5. Топырақтан азоттың шайылуына, оның механикалық құрамының әсері қандай?

  6. Зеельхард тұжырымының маңызы неде?




  1. Азотың топырақтан көп шайылу мөлшеріне әсер ететін дақылдарды атаңыз?

124 12






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет