«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


-кесте. Агрохимиялық зерттеуде қолданылатын кейбір радиоактивті изотоптардың сипаттамасы



бет56/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

23-кесте. Агрохимиялық зерттеуде қолданылатын кейбір радиоактивті изотоптардың сипаттамасы















Сәулелену













Жартылай

Сәуле

энергиясы,

Қолданылатын




Элемент

Изотоп

ыдырау

лену

Мэв










периоды

типі

β

γ

қосылыстары









































































0,49










131Ва

11,52 күн

γ

-

0,37

ВаСО3



















0,12







Барий













0,20



















0,36































133Ва

7,5 жыл

γ

-

0,29

ВаСО3



















0,07






















0,08







Темір

59Fe

45,1 күн

β-, γ

0,26

1,10

Fe2О3,
















0,46

1,29

Fe - аскорбинаты




Натрий

24Na

150 сағат

β-, γ

1,90

1,37

NaCl,



















2,76

NаНСO3, Nа2СO3




Калий

42К

12,52 сағат

β-, γ

3,58

1,53

КCl, КНСO3,
















2,04




К2СO3




Азот

15N

Тұрақты изотоптар




НNO3, NH4NO3,






















KNO3, NaNO3




Фосфор

32Р

14,2 күн

β-

1,71

-

KH2PO4, H3PO4,






















K2HPO4




Кальций

45Са

164 күн

β-

0,25

-

СаО, СаСО3, СаСl2




Күкірт

35S

87,1 күн

β-

0,17

-

ВаSO4 , CaSO4






















H2SO4




Стронций

89Sr

50,5 күн

β-

1,46

-

SrСl2, Sr(NO3)2




Көміртек

14С

5568 жыл

β-

0,155

-

Ва(СO3)2,






















СО(NН2)2



















0,73







Марганец

52Мn

6 күн

β-, γ

0,58

0,94

MnСl2
















1,46































54Мn

310 күн

γ




0,84

MnСl2




Биологиялық маңызды изотоптарды өздерінің қоспасынан ажырату қиын болатындықтан, ғылыми тәжірибелер жүргізу үшін жасанды радиоактивті изотоптарды пайдаланады.


6.1 Өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш әсерін анықтау үшін 32Р изотопын қолдану

Жасанды радиоактивті изотоптарды агрохимиялық зерт-теу жұмыстарында қолдану үшін олардың жартылай ыды-рау периодын білу керек. Егер жартылай ыдырау периоды қысқа болса, радиоактивтілігі жоғары изотопты қолданған дұрыс. Бірақ мына жағдайды ескеру қажет: радиоактивтілігі жоғары изотоп өсімдік организміндегі жүретін биологиялық процестерге кері әсер етпейтіндігіне сенімді болу керек.


Жалпы алғанда өсімдіктермен жүргізілетін ұзақ мерзімді тәжірибелерде ыдырау периоды қысқа изотоптарды пайдаланудың керегі жоқ.


Әрбір өсімдіктің ионизацияланған сәулелерге сезімталдығы бірдей емес. Сондықтан радиацияға төзімді өсімдікті пайдалану радиоактивтіліктің жоғары деңгейін қолдануға мүмкіндік береді.


Агрохимиялық зерттеулерде фосфор элементінің 32Р изо-топын көп қолданады. Оның жартылай ыдырау периоды 14,2 күн, ал сәулелену энергиясы Мэв=1,71 болып келеді. Радиоактивті фосфор элементін зертханалық, вегетациялық және егістік тәжірибелерде қолдануға болады.


Агрохимиялық зерттеулерде көптеген жалпы және әдістемелік мәселелер 32Р қолданудың нәтижесінде шешіледі. 32Р изотопымен тәжірибе жүргізу үшін оның қандай мөлшері өсімдікке қауіпсіз екенін білу керек. Көптеген эксперимент мәліметтеріне қарағанда бір вегетациялық ыдысқа арналған топыраққа 32Р изотопының 100 мккюриге дейінгі мөлшері өсімдіктің өсіп дамуына және оның өніміне зи-янды әсер етпейді. Сонымен қатар радиоактивті фосфор элементінің өсімдікті зақымдауы оның түріне, топырақ типі мен қасиеттеріне байланысты екені анықталды. Топырақта сіңімді фосфор қосылыстары жеткілікті және фосфаттарды байланыстыру қабілеті жоғары болса, радиоактивті фосфордың радиациялық әсері төмен болады. Өсімдіктерді радиоактивті фосфордың радиациялық әсеріне

150 151


сезімталдығына қарай былай орналастырады: қарақұмық > сұлы > арпа > бидай > бұршақ > қыша > зығыр. Ауыл шаруашылығы дақылдары алғашқы өсу фазаларында радиоактивті фосфордың радиациялық әсеріне өте сезімтал келеді. Сол сияқты өсімдіктің қоректену жағдайына байла-нысты оның төзімділігі өзгеріп отырады. Мысалы, өсімдік қоректенуінде фосфордың жетіспеуі радиацияға төзімділігін төмендетеді.

Агрохимиялық зерттеулерде радиоактивті изотоптарды пайдалану, мысалы 32Р, радиоактивті заттарды бөліп алмай-ақ өсімдік пен топырақтың құрғақ үлгілерінің сәулеленуін өлшеп радиоактивтікті анықтауға болатынын көрсетті.


Өсімдіктің таңбалы элементті қабылдауын бақылау үшін арнайы есептегіш құралды қолданады. Сонымен қатар радиоактивті 32Р изотопы өсімдіктің жеке мүшелеріне ради-оавтография әдісін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұның өсімдікте радиоактивті элементтің таралуы жөнінде дәйекті пікір қалыптастыруда маңызы зор.


Топыраққа енгізілген фосфор тыңайтқыштары биологиялық, химиялық физикалық және физикалық-химиялық процестердің әсерінен түрлі өзгерістерге ұшырайды. Химиялық жолмен байланысудың нәтижесінде қиын еритін қосылыстар түзіледі. Осы құбылыстар тыңайтқыш құрамындағы фосфорды өсімдіктің толық пайдаланбауына әкеп соғады. Сөйтіп, өсімдіктің қоректік элементті пайдалану коэффициенті төмендейді. Сондай-ақ тыңайтқыш құрамындағы элементті өсімдіктің пайдала-ну коэффициенті дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрінің мөлшеріне, тыңайтқыш дозасына, агротехникаға байланысты өзгеріп отырады.


Өсімдіктің тыңайтқыш құрамындағы фосфорды пай-далану коэффициентін анықтау үшін көпшілік жағдайда айырмашылық әдісін қолданады. Ол үшін тыңайтқыш берілген және берілмеген топырақтан өсімдік фосфорды бірдей мөлшерде пайдаланады деп ұйғарады. Изотоптық


әдісті қолдану бұл пікірдің дұрыс еместігін көрсетті. Сондықтан, өсімдіктің тыңайтқыштан фосфорды пайдала-ну коэффициентін анықтаудың ең дұрыс жолы 32Р изотопын қолдану. Ол үшін топыраққа меншікті активтілігі белгілі 32Р изотопын енгізіп, өсімдіктің радиоактивтілігі арқылы таңбаланған тыңайтқыштан қанша фосфорды өсімдіктің пайдаланғанын есептеп шығарады.
Егер талдау нәтижесінде өсімдік құрамындағы жалпы фосфор мөлшерін анықталған болса, топырақтың таңбаланбаған және тыңайтқыштың таңбаланған фосфорының өсімдік қаншасын қабылдағанын есептеу қиын емес.

Таңбалы фосфор элементімен жүргізілген вегетациялық және егістік тәжірибелер мәліметтеріне қарағанда, топырақта сіңімді фосфор мөлшері артқан сайын өсімдіктің тыңайтқыш құрамындағы фосфорды қабылдауы төмендейді. Дақылдың қатар аралығына фосфор тыңайтқышын аз мөлшерде беру, өсімдіктің топырақтағы фосфорды қабылдауын жоғарылатады.


Талғап сіңіру әдісінде 32Р изотопты пайдалану арқылы әртүрлі фосфаттардың сіңімділік дәрежесін анықтайды.


Сондай-ақ, А.В.Соколов пікірінше 32Р изотопын топырақтағы сіңімді фосфор қосылыстарының қорын анықтауға пайдалануға болады. Ол үшін аквтивтілігі жоғары фосфор ерітіндісін топыраққа өте аз мөлшерде қосып мұқият араластырады. Сол уақытта топырақтағы жылжымалы фос-фаттар «таңбаланады» да радиоактивті және радиоактивті емес фосфор арасында тұрақты арақатынас орнайды.


Сөйтіп өсімдіктің осы екі фосфорды (радиоактивті және радиоактивті емес) олардың топырақтағы мөлшеріне сәйкес бірдей дәрежеде қабылдауына мүмкіндік туады.


Топырақ құрамындағы сіңімді фосфаттар қорын мына формуламен анықтайды:


Рқоры өсімдік × 100 / К
мұнда, Рөсімдік - өсімдіктің топырақтан қабылдаған фосфордың

жалпы мөлшері, мг;



152 153


К - өсімдіктін топыраққа берілген радиоактивті фосфор-ды пайдалануы, %;


Химиялық жолмен топырақ құрамындағы жеңіл еритін фосфаттарды анықтауда 32Р изотопын пайдалану, әдеттегі қолданыстағы химиялық талдау әдісі фосфаттардың екінші рет тұңбаға түсуіне байланысты төмен көрсеткіштер беретінін дәлелдейді. Фосфаттарды ығыстыруға арналған ерітіндіге 32Р изотопының болмашы мөлшерін қосып тал-


дау жасаған соң 32Ртопырақ : 32Рерітінді теңдеуді пайдаланып топырақтағы жылжымалы фосфордың изотоптық алмасуға


қабілетті жалпы қорын анықтауға болады.


Таңбалы фосфор қосылған түйіршікті тыңайтқышпен жүргізілген тәжірибелер түйіршік көлемі мен оның топырақта орналасу жиілігі өсімдіктің фосфорды қабылдауына әсер ететінін көрсетті. Өсімдік алғашқы өсу кезеңдерінде май-да және жиірек орналасқан түйіршіктен фосфорды көбірек сіңіреді. Уақыт өткен сайын, керісінше, өсімдіктің ірі көлемдегі түйіршік фосфорын қабылдауы артады. Себебі ірірек түйіршік фосфорының топырақпен химиялық жолмен сіңірілуі баяу жүреді.


Таңбалы фосформен жүргізілген егістік тәжірибеде топыраққа суперфосфатты тереңірек енгізген сайын өсімдіктің фосфорды қабылдауы өскен. Сол сияқты супер-фосфатты қара шіріндімен бірге беру де оның құрамындағы фосфорды өсімдіктің көбірек пайдаланатынын көрсетті.


Сонымен қатар таңбалы фосфор элементін өсімдік қоректенуінің кейбір мәселелерін зарттеуде де қолданады. Мысалы, таңбалы 32Р изотопының қатысында өсімдікті та-мырдан қоректендіру арқылы өсімдік организміндегі син-тездеу процесі мен зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қатысуымен өтетіндігі белгілі болды.


Радиоактивті 32Р қолдану нәтижесінде топырақтың тыңайтқышты сіңіру процесін бақылайды. Бұл топырақтың сіңіру қабілетін тереңірек талдауға, атап айтқанда, фосфаттардың адсорбциялық және химиялық байланысуын жетік білуге мүмкіндік берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет