Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы мазмұНЫ


Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары



бет5/10
Дата13.02.2022
өлшемі456 Kb.
#131660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
dip -a -baytursynulynyn-sauat-ashuga-baylanysty-enbekterinin-manyzy

1.2 Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары

А.Байтұрсынұлының ағартушылық-педагогикалық көзқарасының қалыптасып, ол жолды біржола ұстауына әсер еткен оқиғаның бірі 1913 - 1918 жылдар аралығында "Қазақ" газетінде редакторлық қызмет атқаруы. Бұл қызметті атқару барысында А.Байтұрсынұлы қоғамдық жөне саяси - әлеуметтік жағдайларға белсене араласып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оған ұлтгық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған сол "Қазақ" газеті бетінде жарияланған мақалалары куә. Мәселен, А.Байтұрсынұлы осы газет бетінде 1913 жылы "5 мың десятина жер", "Жауап хат", "Қазақтың бас ақыны", "Алаш азаматтарына" (М.Дулатовпен бірге), 1914 жылы "Бастауыш мектеп", "Мектеп керектері", 1916 жылы "Қазаққа ашық хат", "Сібір депутаттарының мәжілісінде", "Қазақ жұртына" (Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге), "Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына" (М.Дулатов, Түнғаншин Кәдірбаевпен бірге), 1917 жылы "Шорай Ислам" (Ә.Бөкейхановпен бірге) [9] және т.б. жазған мақалаларында отаршылдыққа қарсылық, халық санасын ояту, білімін көтеру, сауатсыздықпен күрес, ұлттық баспасөз ісін жандандыру мәселелерін көтерді. А.Байтұрсынұлы "Революция және қырғыздар"атты мақаласында: "М.Тынышбаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ зиялылары өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос төңкеріске қатысына, елді болыневиктік анархиядан құтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметін, бүл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне, бірін-бірі алмастырып билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уақытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комуч), адмирал А.В.Колчак үкіметі және т.б.) байланысына жөне Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне тоқталады". Мұндай мақалалар сол кездегі баспасөз беттерінде толассыз жарияланды. Саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты көптеген қазақ зиялылары кейбір мақалаларды бүркеншік атпен де беріп отырды. Газет халықты қоғамда болып жатқан өзгерістерден құлағдар ету, санасын ояту, дұрыс жол сілтеп, өнер - білімге, оқуға шақырған бірден-бір үгітші - насихатшы болды.


А.Байтұрсынұлы: "... газета - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарыға қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады", [10] - деп газеттің қазақ халқына тигізер пайдасын көрсетеді. Ұлттық баспасөздің негізі болатын 1911 жылы шыққан "Айқап" журналы мен Бөкей ордасында жарыққа шыққан "Қазақстан" және бірнеше қазақ тілінде газеттер болды. Осы газеттердің беттеріңде қазақтың қоғамдық, саяси-әлеумнттік жағдайлары туралы мақалалар үздіксіз жарияланып отырды. "Қазақ" газеті де дүниежүзіндегі жөне ішкі жағдайларда болып жатқан уақиғаларды жан-жақты түсіндіріп отырады. Яғни, "Қазақстанның Россия империясы жүйесіңдегі орны мен ролі; қоғамның даму жолдары мен түрлерін талдау; миграция мәселелеріне, бірінші кезекте патша үкіметінің қоныс аудару саясатына көзқарас, ұлттық мәдениетті дамыту шаралары мен қазақ-орыс мәдени қатынас мәселелері; дін мәселесі мен рухани қазыналарды бағалау мен дамыту мәселелері, т.с.с. "Қазақ" газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын насихаттаумен қатар қазақтың зиялы қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси партияларды құруға негіз болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрды. Газеттің 265 саны жарық көрді". "Қазақ" атты газет шығаруда Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсынұлы мақсаттарының ортақтығын көреміз. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин де 1879 жылы Орынбордан бүкіл қазақ жұртына тарайтын қазақ тілінде газет шығаруды ойластырған болатын. Оны Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крижижановский мақұлдаған. Ы.Алтынсарин болашақ газеттің № 1 санының үлгісін өз қолымен жасап, 1880 жылы мамырдың жиырма сегізінде газетті шығаруға байланысты ішкі істер министріне хат жазған. Газет қазақ және орыс тілдерінде форматы 45 х 35 см. көлемі 8 беттік болып жоспарланған. Алғашқы 4 беті қазақша, соңғы 4 беті орысша аудармасы. Газеттің аты - "Қазақ" (орысша - "Киргизская газета") деп аталады. Газнттің 4 бөлімнен тұруы көзделген:
бірінші бөлім: "бас әкімдер жағынан шыққан хабарлар";
екінші бөлім: "ел ішіңдегі хабар";
үшінші бөлім: "шет жұрттардан келген хабарлар";
төртінші бөлім: "таңсық әңгімелер" [11].
Ы.Алтынсарин бар күш-жігерін салып, ашуға тырысқан "Қазақ" атты газеті сол кездегі Ресей чиновниктері саясатының кесірінен шықпай қалды. Оның ізбасар інісі А.Байтұрсынұлы газет ашу ісі патша үкіметінің қатаң бақылауында болса да, ойын орындап, мақсатына жеткен. "Қазақ" газетінің атын неге "Қазақ" деп қойғандығы туралы А.Байтұрсынұлы: "Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетіміздің есімін "Қазақ" қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет. Жол ұзақ, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай қарын тойғанша мәз болып, мал өліміндей өлмейік", - деу арқылы газеттің мақсаты халықтың рухани көсемі ретіңде қызмет ету, ағартушылық ісіне көшбасшы болу екендігін аңғартады.
Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлы газетті аптасына екі рет шығару үшін генерал-губернатордың атына жазған арыз-өтінішінде газет бағдарламасының он бес бөлімнен тұратыңдығын және алғашқы үш бөлімінің алдына қойған міндеттерін төмендегідей көрсеткен:
"1)қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен зандарын жариялау;
2)мемлекеттік дума мен мемлекеттік совет жұмысын жариялау;
3)ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру және т.б" [12] Осындай мәліметтер арқылы Ахметтің Ыбырай ісін жалғастырушы екеніне тағы да көз жеткіземіз.
XX ғасырдың басы Қазақстанды Ресей империясы отарына айналдыруды түгелдей аяқтап, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленіскен шағы еді.
Тура осы кезеңде отарлап отырған Ресей империясының өзінде де көптеген тартыстар, саяси - қозғалыстар өрбіді, халықтың жаппай толқулары болды, оның ұшқыны қазақ еліне де әсер етпей қоймады. Осындай белең алған саяси толқуларға қазақтың зиялы қауымы белсене араласты. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың дамуын М.Қозыбаев өзінің "Ахмет Байтұрсынұлы - XX ғасырдың ұлы реформаторы" атты мақаласында Ресейдегі ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде Ресейлік жаңа реформаторлық буынның бір тармағы есебінде бой көтерді.
Ұлт - азаттық қозғалыстың бірден-бір көсемі болып Әлихан Бөкейханов шықты. Әлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конституциялық, парламенттік күрес жолына салды. Ахмет болса, ұлт-азаттық қозғалысына гумманистік, ұлттық сипат берді. Еуропалық күрес рухын ұлттық сарын, әуенімен қабыстырды. Ата-баба аруағын аттамады, атой салып, жауға шапқан замананы даттамады, жаңа демократиялық күрес жолын сыннан (адаптациядан) өткізді. Әлихан Ресей реформаторларының көсемінің бірі болды.Уақыт өткізіп, Әлекең орыс реформаторларынан ұлттың өзін - өзі билеуіне қарсылығын көрді, қазақ жерін талауға бағытталған орыс қарашекпенділерін көшіру саясатын жүрізуге ынталы екенін түсінді, қазақты орыстандыру, шоқындыру, өз дінінен бездіру саясаты ендеп, бойлап бара жатқанын көрген Әлихан орыс зиялыларынан бөлініп, Алаш туын тікті. Алаш зиялыларының Әлихан, Ахмет бастаған тобына тән басты сарын отаршылдыққа қарсылық еді. Ал, бұл сарын барша халықтың мұңынан шыққанды",- десе, С.Сейфуллин 1923 жылы 30-қаңтарда "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды" деген мақаласында: "Байлардан бөліп жарлы табының ғана намыстарын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірге жыртты, арын бірге жоқтады" ,- деп әділ көрсетті.
"Бұл бүкіл ұлттың, бүкіл отарлы елге айналған Шығыстың азаттық майданы еді. Ахаңның өз тілімен айтсақ, Алаштың зиялылары жұртым деп халықтың арын арлады, зарын зарлады, халықтың сөзін сейлеп, пайдасын қорғады. Ол жалпы ұлттың зор-отаршыңцар тартып алған нулы, сулы ата қонысы, ана тілі, ұлттық ділі, ислам діні еді" [ 13], -дейді ғалым М.Қозыбаев. Ал, белгілі саяси қайраткер М.Шоқай 1917 жылғы Бүкіл қазақтық съездің Орынбор қаласында өту себебін: "...темір жол үстінде жатқан Орынбор ең қолайлы жер. Бұған қоса ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, дарыңды жазушы А.Байтұрсынұлы пен М.Дулатов Орынборда түратын. Бұл екі қоғам қайраткерлерінің қуатты қаламының арқасында қалың елді аузына қаратқан "Қазақ" газеті де осында шығарылып, таратылатын.
Міне, қазақ сирек қоныстанған Орынбордың көпке дейін қыр қазақтарының ұлттық қозғалысының орталығына айналып, мүнда Бірінші бүкілқазақ құрылтайы шақырылуының басты себебі осында еді" /54/, - деп А.Байтұрсынұлы тұлғасы мен оның "Қазақ" газетінің саяси салмағын әділ бағалаған.
Демек, А.Байтұрсынұлының энциклопедист-ғалым, ағартушы ғана емес, қоғам қайраткері, білгір саясаткер екенін байқаймыз.
Сонымен қатар, орталық мемлекеттік архив деректеріне жүгінсек, осы 1917 жылғы 12-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші Бүкіл қазақтық съезде құрылған "Алаш" партиясының негізін салуға /55/, Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда болған Бүкіл қазақтық екінші съезде "Алаш" партиясының бағдарламасын талқылауға белсене ат салысып, өзіндік үлес қосқанына осы деректер арқылы көз жеткізуге болады . "Съездің күн төртібінде Алаш партиясының бағдарламасының жобасы талқыланды. Съезде талқыланған мәселелердің ең негізгісі қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын құру еді. Қазақ зиялылары құрған Алаш партиясы бағдарламасының жобасы он бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлім: "Мемлекет қалпы" деп аталды. Мұнда мемлекеттің басқару формасы қарастырылды. Алаш бағдарламасының жобасы жарияланған кезеңде Кеңес өкіметі Ресейдің мемлекеттік құрылымын ресми құжатпен анықтамаған еді. Тек 1918 жылы 16 қаңтарда III Бүкілресейлік Кеңестер съезі "Еңбекшілер мен қаналушы халықтар хұқығы Декларациясын" қабылдады, онда "Советтік Ресей республикасы ерікті ұлттар одағы негізінде, советтік ұлттық республика федерациясы ретінде құрылады", - делінген.
Сонымен, Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланған соң екі айдан кейін Кеңес үкіметі Ресейдің федеративтік құрылымы туралы идеясын жариялады. Демек, бұл Алашты құрушылардың Ресейдің саяси даму перспективасын дәл, дұрыс анықтағандығын көрсетеді. "Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі", "Федеративті республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, әр қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Үкімет басында Учредительное собрание мен Госдума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болуы тиіс. Президент халықты министрлер арқылы басқару, ал министрлер учредительное собрание мен госдума алдында есепті болуы" туралы жазды.
Екінші бөлім: "Жергілікгі бостандық" - деп аталды. Мұнда "Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болуы, реті келсе Қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болуы, Реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы", - айтылды. Бұл бөлімде халық қамы үшін әділ жұмыс істейтін мемлекет қызметкерлерін таңдау принципі қарастырылады. Осыдан келіп, жерді басқару, милицияда істеуге лайық адамдарды халық өзі қалауы керек дей келе, Алаш партиясының негізін құрушылардың мақсатын білдіреді. Оны: "Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады", - деп айқындайды.
Үшінші бөлім: "Негізгі құқық". Мұнда "Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу, жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік". Демек, адам құқығы мен еркінің негізгі идеялары туралы мәселелерді жан-жақты қамтылған.
Төртінші бөлім: "Дін ісі." Мұнда: "Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы айтылады. Дін біткенге тең құқық. Дін жолына ерік, кіру-шығу жағына бостандық", - дей келе "Муфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болуы, жесір дауы сотта қаралуы" сөз болған.
Бесінші бөлім:"Билік һәм сот"
Алтыншы бөлім: "Ел қорғау" Жетінші бөлім: "Салық" Сегізінші бөлім:" Жұмысшылар" Тоғызыншы бөлім: "Ғылым - білім үйрету" Оныншы бөлім: "Жер мәселесі" - деп аталды.
Алашорда мақсат-мүддесін жүзеге асыру жолындағы А.Байтұрсынұлының қажырлы еңбегі туралы белгілі ғалым К.Нүрпейіс: "Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен т.б.) одақтасты.
Жауласушы күштердің (Қазақстаңдағы) ара салмағы 1919 жылдың басынан Кеңес өкіметі мен Қызыл Армия жағына ауысуы Алаш Орданың жағдайын қиындатып жіберді. Сондықтан 1919 жылы көктемде Алаш Орда, бір жағынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағынан Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бұл жолы Алаш басшылығы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның Торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да, А.Байтұрсынұлы алдымен Қазақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жангелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясының ұлт істері жөніндегі халық комиссары (министрі) И.Сталинмен келіссөздер жүргізеді.
1919 жылы сәуір айыңца Торғай қаласыңда азамат соғысы жағдайында қоғамның бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде А.Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп, жақындасуын күрделендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіссөз жүргізу үшін Москваға барған АБайтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А.Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А.Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі Қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттігін ұйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шілденің 10 күні В.И.Ленин "Қырғыз (қазақ-С.Қ.) өлкесін басқаратын революциялық комитет" жөніндегі уақытша ережеге қол қойды"/, - деп А.Байтұрсынұлының білгір саясаткер екенін дәлелдейді. А.Байтұрсынұлы 1919 жылы құрылған Қазақ революциялық комитетінің мүшесі болды, 1920 жылы қазан айында құрылған Ресей құрамындағы автономиялы ҚАКСР-ның үкімет мүшесі, оқу ағарту комиссары болын сайланды.
"Қазревкомның 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжілісі өтті. Қолда бар қазревком мөжілістерінің құжаттарына жүгінсек, А.Байтұрсынұлының сол мәжілістердің басым көпшілігінде баяндамалар жасағанына, жарыссөздерге қатысқанына, ұсыныстар енгізгендігіне, қабылдайтын щешімдердің жобасын дайыңдағанына, жекелеген мәжілістерге төрағалық жасағандығына көзіміз жетеді, - дей келе белгілі тарихшы ғалым К.Нүрпейіс "Алаштың күрескер ұлы" атты зерттеу мақаласында, - "А.Байтұрсынұлы Қазревкомның мәжілістерінде, көбінесе, Ресей құрамында құрылуы тиісті Қазақ автономиялық КСР-ның шекараларын анықтауға, оның әкімшілік-территориялық құрылымын қалыптастыруға, жергілікті басқару жүйесін қажетті жетекші кадрлармен жасақтауға, оқу-ағарту жөне мерзімді баспасөз жүйесін реттеуге, ұлттық-демократиялық интеллигенция тағдырын шешуге арналған мәселелерді талқылау ісінде үлкен белсенділік көрсетіл, оларға байланысты ұлттық мақсат-мүлделерге сай келетін қарарлар мен зандылық мәні бар құжаттар қабылдануына ат салысты," - деп оны қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардан ешуақытта тыс қалмаған, белсенді қоғам қайраткері ретінде көрсетеді. Яғни, А.Байтұрсынұлы қай жүйеде, қай салада жұмыс істесе де, алдына қойған - туған ұлтын алдыңғы қатарлы ел ету мақсатынан ешбір айнымаған.
Осы пікірдің дәлелі ретінде, оның сол кездегі Сібір ревкомы құрамында болған Ақмола мең Семей облыстарын, Челябы губерниясына қараған Қостанай уезін, Түркістан автономиялы КСР-ның құрамында болған Сырдария мен Жетісу облыстарын құрылуы тиісті қазақ автономиялы КСР-ына қосу үшін жүргізген күресін айтуға болады [14]. Белгілі тарихшы ғалым М.Қозыбаев А.Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметі жайлы: "...оның реформаторлығы 1917 жылғы Қазан төңкерісі азаматтық, қарама-қайшылық дауылды-дабылды жылдарда ол Алаш мемлекетін құрушылардың бірі болды, 1919 жылы 4 сәуірде Совет өкіметі, советтік платформаға көшкен Алашордаға кешірім жариялатып, ұлттық келісімге келді. Әрі В.И.Лениннің ұсынысымен Қазақ өлкесін басқаратын қазақ (қырғыз) революциялық комитеті төрағасының орынбасары болған А.Байтұрсынұлы болашақ қазақ автономиясы аясына барлық қазақ жерін біріктіруде ерекше қажырлылық танытты. Челябі губерниясына еніп кеткен Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару үшін М.Сералин мен бірге В.И.Ленин атына арнайы хат жазып қана қоймай, РКП(б) Орталық Комитетінде арнайы қаратып, қаулы қабылдатты"[15], - дейді. Архивтегі мәліметтерге сүйенсек, А.Байтұрсынұлының осы баяндамасындағы көтерілген мәселелер дұрыс, яғни Қостанай уезін Торғай облысының құрамында қалдыру тиіс деп есептелінді. М.Қозыбаев сөзімен айтсақ, Ахаң Совет заманында да ұлтқа қызмет етуді бір сәт тоқтатқан емес. Бұл жылдары Ахаңның Одақ көлеміндегі шет аймақтардағы халықтардың мұң-мұқтажын жоқтаған еңіреген ер екендігін, ұлт азаттық қозғалысы қайраткері екенін таныта білді.
Ал, 1922 жылы ол Халық Ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми орталықты басқарды , бүкіл россиялық Орталық Атқару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комитетіне мүше болды. Бұдан шығатын қорытынды, А.Байтұрсынұлының Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға өзіндік үнін қосып, ықпалын тигізгенін көреміз. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы Алаш қозғалысының басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметі тарапынан амнистия жасатып, олардың одан кейінгі уақытта қудаланбауы үшін де аянбай күресті.
Париждегі шығыс тілдері мен өркениеттері институтының ректоры, шығыстанушы Реми Дор өзінің "Қазақ әдебиеті" атты мақаласында қазақ әдебиеті мәселесінің сан қырына тоқтала отырып, А.Байтұрсынұлы мұралары туралы: "Ол - қазақтың зиялы қауымы бойында ұлт бірлігі және мәдени даму идеясын қалыптастыруға ұмтылды.Ал, бұл идеялар Алашорда партиясының идеологиялық жұмысының өзекті мәселелері болатын .Колчак бастаған ақтарға да, Қызыл армияға да қарсы болып, екі майданда күрес жүргізген Алашорда ақырында тізе бүгуге мәжбүр болды, бірақ оның саяси және мәдени идеялары қазақ даласында ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағыңда айрықша мәнді роль атқарды," - дейді.
Француз ғалымының А.Байтұрсынұлы еңбегін бұлай бағалауынан, ол тек Азия халықтарының ғана мақтанышы емес, сонымен қатар Евразия үшін де үлкен мақтаныш, зор тұлға екеніне көзіміз жетеді.
Ғалым қазақтың ұлт екенін танытатын өзіндік мәдениеті мен әлеуметтік жағдайын айқындайтын тіл екенін түсіндіре отырып, ұлттық тілді дамытуға барынша үлес қосты.
Белгілі тіл білімінің білгірі Р.Сыздық: "оқу-ағарту идеясы — А.Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тірегі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген - оның өз халқының тағдырын ойлаған қам-қаракеті.
Ол қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Осымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізін қазақтың мәдени түркі халықтары да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипатын және араб таңбаларын алады. Сөйтіп 24 таңбадан түратын, өзі "қазақ жазуы" деп, өзгелер "Байтұрсынұлы жазуы" деп атаған қазақтың ұлттық графикасын тұрғызады.
Осы жазуды үйрететін «Әліппе» жазады. Жоғарыда айттық, оқу-ағарту мұраты - үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап, қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мүдделердің ішіндегі ең бастысы бодды. Сондықтан оқу-ағарту идеясына сол кезендегі қазақ интеллигенциясы жаппай мойын бұрды, әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті "Әліппе" құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол себептен 1911 - 1912жылдардан бастап, бірнеше "Әліп-би" кітапшалары түзіліп, олар Уфа,Орынбор қалалары баспаханаларында жарық көрді," - [16] деп тіл және оқулық мәселесіне сіңірген еңбектеріне жан-жақты тоқталады. А.Байтұрсынұлы қазақ елінің бостандығының негізгі көзі - Н. Төреқұлұлының "Үлкендер үшін жаңа әліппесі", Ж. Аймауытұлының " Комплекспен оқыту жолдары" аггы еңбектері жарық көрді .Ол өзінің ағартушылық қызметіңде сауат ашқызу, оқулықтар шығаруға қамқоршы ретінде ғана емес, әлеуметтік-саяси мәні бар жазу (алфавит) мәселесінің шын жанашыры болып, ұрпақ пен ұрпақтың рухани қазынасының ара жігі ажырап қалмау қамын ойлаған ұлттық мүдденің жоқтаушысы, күрескері ретінде де танылды.
АБайтұрсынұлының араб графикасынан латынға көшуге үзілді-кесілді қарсы болып: "Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес, - деп бір алфавиттен екінші алфавитке көшуді Қазақстаңдағы қоғамдық-әлеуметтік жөне экономикалық жағдай көтермейтінін: - "Латын әрпін бірден алып, бірден соған түсіп кетуге, одан да көп қаржы мен қайрат керек. Ондай бірден табыла қоятын мол қаржы мен қайрат түркі жұртында тағы жоқ. Бірден мұғалімдердің бәрін латынша үйретіп, бірден баспаханалардағы әріптерді латынға айналдырып, адамдарын латынша үйретіп, оқу кітаптарын латынша бастырып, арабша сауаттыларды латынша сауаттандырып жіберу адамның керек қылуын былай қоя тұрғанда да, оншақты миллион қаржымен біте қоятын жұмыс емес"[17], - деп дәлелдеді, араб әрпі мен латын алфавитінің тиімділігін төмендегідей салыстыра Алматыылайды: "Араб әрпінің артықтығы жалғыз баспада ғана емес, жазбада да артық болып тұрады. Өйткені, араб әрпімен басылған сөз бен жазылған сөздің арасында айырма аз болады, онда оңай оқылса мұнда да оңай болады" сондықтан, жазу барысында тиімдісі адамның қолына күш түсірмейтіні, ал латын алфавитінде қолдың бұлшық еттеріне елеулі күш түсетінін де дәлелдеп береді. Хат мәдениетін әлемдік өркенинтті дамудың негізі деп түсініп, оны жетілдіруге зиялы қауым өзіндік үлесін қосуға міңдетті деп санады, ол мақсатты жүзеге асыру үшін қажырлы да табанды күрес жүргізді.
А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерей тойында М.Әуезов: "Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі - артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ өдебиеті Аханды өзінің басшысы деп санайды", - деп атап көрсеткендей бар ғұмырын қазақ ұлтының егемен ел болуына арнаған ағартушының мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жастар тәрбиелеу ісінде өзіндік үлесін қосуда.
Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлының бар өмірін сарп еткен ағартушылық еңбегімен саяси қайраткер ретінде танытатын лауазымды қызметтері қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар әсерінен туындады. Оның педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына сол кезеңдегі саяси хал-ахуал мен үкімет саясатының тікелей ықпалы болды.
Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің Шоқан, Абай, Ыбырай сынды ойшылдарымыздың артына қалдырған мол мұраларынан нәр алғаны аңғарылады.
XIX ғасырдың екінші жартысында ұлттық педагогиканың дамуына белгілі тұлғалар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. зор үлес қосты. Олар қазақ халқының жарқын болашағы - тек оқумен, біліммен ғана келмек екенін жастардың санасына құюға тырысты. Жас ұрпақты білімге, мәдениетке, өнерге, адамгершілікке шақырды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында аға ұрпақ идеясын жалғастырушы бір топ қазақ зиялыларының көш басшыларының бірі — А.Байтұрсынұлының Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық идеяларын зерделей келе, аға ұрпақтың тәлім-тәрбиелік мұраларын жоғары бағалап қана қоймай, оларды таратушы, насихаттаушы болғанын көреміз. Соның ішінде, Абай шығармаларының таралуына А.Байтұрсынұлының өзіңдік үлес қосқанын ҚР Орталық мемлекеттік архивінде сақталған құжаттардан көруге болады. Өзі төрағалық еткен мемлекеттік баспа редакдиясының алқа жиналысында (4.03.1921 ж. мәжілісхат №5) Қазан қаласынан қырғыз тіліндегі оқулықтарды шығаруға қаулы қабылдады:
Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы "Қазақ" газетінің 1913 жылғы 39, 41, 43 сандарында жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атгы мақаласында: "Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек. Абайды қолымыздан келгенше қадірлі жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып көпке көрсетпекшіміз" [18], - деп Абай мұраларын насихаттау, абайтану ғылымында келер ұрпаққа жол салу мақсатын білдіреді. А.Байтұрсынұлының бүл мақсаты туралы М.Дулатов өзінің "Абай" атты мақаласында: "1904 жылы июнь айының басында Омскіге барғанымда Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш А.Байтұрсынұлытан көрдім. Сонда, А.Байтұрсынұлы айтты: "Естуімше, Абай өз өлеңдерінің басылып шығуын қаламайды һәм бастыруға ешкімге рұқсат бермейді екен, күз Қарқаралы қаласына барамын, сонда әдейі бұрылып Абайға сәлем беремін, танысамын һәм өлеңдерін бастыру жайын сөйлесемін деген Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады. Абай өмірі күзге жетпей, сол июннің 23-інде опат болды", - деп Абайды Ахметтің көре алмағанын бірақ, Абай тағылымы алдында тағзым етіп, үлгі-өнеге еткенін дәлелдейді. Оған тағы бір дәлел, Т.Қожекеев өзінің "Халқымен қайта қауышты қайран ерлер" атгы мақаласында: "Ахаңды саналы, арлы, намысты ортадан шығып, орысша білім алып, еліне қайырымдылық көрсеткен, ізгілік істеген азаматтардың бірі екенін атап айтқан. Оны өткен ғасырдағы үш ағартушы - Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ісін XX ғасыр басында жалғастырушы деп көрсеткен", - дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет