«Сөзбен сурет» ойыны
Әрбір топ қорапшадан бір кейіпкердің есімін суырады. Оның портретін, мінезін, даусын ойша сөзбен суреттеп айтады. Кейіпкердің шығармадағы бейнесіне қатысты суреттеледі.
«Пирамидалық талқылау» стратегиясы
Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады.
Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Сұраққа байланысты пікірлерін әрқайсысы бір-бір торкөзге жеке-жеке жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарды саралап, жинақтап, ортақ пікірге келеді де оны қағаздың ортасына жазады, ойларын қорғайды.
«Кейіпкерді зерттеу» әдісі
Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды.
1. Жазушының кейіпкерді суреттеуі, олардың портреттері;
2. Кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,
3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
5. Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.
«Шың» әдісі
«Шың» - шығарма кейіпкерлеріне талдау жасауға, мінездеме беруге арналған әдіс.
Тақтада, флипчартта немесе әр оқушының дәптерінде шыңырауға апаратын жол бар. Биік шыңның суреті салынады. Шыңырау – жаман адам/кейіпкер, ал биік шың – мінсіз адам/кейіпкер болып табылады. Өтіліп жатқан шығарманың кейіпкерлерін осы суретте нүкте арқылы белгілеу керек. Шығарманың бірнеше кейіпкерін алатын орнына, маңыздылығына қарай шың басына не шыңырауға орналастыруға болады. Сонымен қатар, осы шыңдағы өздерінің орындарын көрсетуді сұрауға да болады.
Топтық, жұптық жұмыстарда шың мен шыңырауға кейіпкерлерді орналастырғаннан кейін оқушылар бір-бірінің жұмыстарын қарап, талқылап, келіспейтін тұстарына өзгерістер енгізе алады.
«Артық» әдісі
Шығармаға қатысы бар және шығармаға қатысы жоқ оқиғалар тізімі беріледі. Оқушылар тізімнен шығармаға қатысы жоқ бөліктерді тауып, оның бұл тізімде артық екенін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |