Ақылдың алты қалпағы (Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме)



бет3/17
Дата02.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#194580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістер

«Бес қадам» ойыны
Ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 5 оқушы ойынға шығады. Әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан іздерін баса отырып жылдам жауап береді.
Сұрақ үлгілері:
- Қыстық спорт түрінің бірі?
- Ұлттық спорт түрінің бірі?
- Зілтемір көтеруден олимпиада чемпионы?
- Спорт туралы мақал-мәтел?
- Соңғы олимпиада өткен қала?
Бес жолды өлең

Зат есім-1


Сын есім-2
Етістік-3
Нақыл сөз
Синоним


«Әдеби шеңбер» әдісі


1. Талқы себепшісі – шығарма мазмұны бойынша сұрақ құрастырады. (Тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері, сюжеті, т.б. бойынша.)
2. Белгілеуші – шығарманың қай бөлімі ең маңызды екенін белгілейді.
3. Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.
5. Суреттеуші – мәтін желісі бойынша сурет салады


Галереяға саяхат
Сынып қабырғасына түрлі суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді аралап, өздеріне ақпарат алады, мәлімет жинақтайды.
Жинақтаған мәліметтерін пайдаланып, топта, жұпта немесе жеке жұмыс ретінде берілген тапсырманы орындайды.
Жылқы сұлбасы» стратегиясы
1 . Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздер жазылады.
2. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпарат жазылады.
3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпарат жазылады.
4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша
қорытынды жазылады.


Сағат дос» әдісі

Оқушылар дәптеріне сағаттың суретін салады.


Негізгі қажетті уақыт:12:00, 15:00, 18:00, 21:00.
Кездесетін оқушыларын таңдап, бір-бірімен қажетті уақыттың бірінде кездесуге келіседі, кездесетін адамын сол уақыт тұсына жазып қояды. Бір уақытта бір оқушымен ғана кездесе алады, келесі уақытта ол оқушымен қайтадан кездесуге болмайды.
ЖЖ. Мұғалім белгіленген уақытты айтқан кезде, оқушылар бір-бірімен жұптасады. Мұғалімнің қойған сұрақтарын жұпта талқылайды.
Мұғалім әр уақытта жұпта талқыланатын сұрақтарды ауызша қоюына немесе тақтадан көрсетуіне болады. Қажет болса, қағаз қиындыларын пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет