Фишбоун
Фишбоун – тақырыпты талқылауға арналған әдіс. «Балық қаңқасы» деп те аталады. Балықтың басына тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектеріне тақырыптың негізгі түсініктері, астыңғы сүйектеріне негізгі түсініктің себептері, құйрығына мәселенің шешімі жазылады. Мәселенің шешіміне оқушылар өз көзқарастарын жазады. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыпқа қатысты сөз оралымдарынан болғаны жөн.
ДЖИГСО
1-қадам. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, тақырып бойынша білімді өзектендіреді;
2-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады;
3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.
Дойбы
Оқушылар үш оқушыдан топтасып, тақырыпқа қатысты бірнеше сұрақ құрастырады, жауаптарын өздеріне белгілейді. Бағалау парағын дайындайды. (Мұғалім дайындап беруге болады.) Оқушылар үш-үштен екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір оқушы сұрақ қойып отырады, оған қарсы топтан бір оқушы дойбы тақтасындағы тастарды сұрақтарға жауап бере отырып жылжытады. Үшінші оқушы жауапты тексеріп бағалау парағына белгілеп отырады.
_______________________________________________________________________________________________'>ПОПС формуласы
Менің ойымша _______________________________________
______________________________________________________
Мен оны былай дәлелдеймін____________________________
______________________________________________________
Мен бұған мынадай мысалдар келтіремін________________
______________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |