Ағылшын тілін оқытудағы жаңашылдық принципі. Коммуникативті оқытуда сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру формалары жаңалықтардан тұрады.
Жаңашылдық принципі бойынша оқушылар үшін жаңа деп саналатын жаттығулар мен мәтіндерді қолдану қажет етіледі.
Аталған принципте оқушы қауымның өзара байланысы мен өзара шарттастығы бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да ұсынылған жүйені жалғастыру үшін жоғарыда айтылған принциптердің барлығын сақтап, оларды кешенді түрде қолдану орынды деп ұйғарылады.
Проектілік әдіске арналған концептуальды маңызға ие методикалық принциптерге жататындар.
Зерделілік принципі, мұнда оқушыларды грамматикалық ережелер жүйесіне сүйендіру талап етіледі, олармен кестелерді қолдану арқылы жұмыстары жүргізіледі.
Қолжетімділік принципі ең алдымен проектілік методика бойынша бірқатар мәселелер қаралып, оқу курсын ұйымдастыру кезінде оқу материалын өңдеу есебінен қамтамасыз етіледі.
Белсенділік принципі тіл үйренушінің шығармашылық әлеуетін арттыруда, сондай-ақ ауқымды жобалармен жұмыс жасау барысында сыртқы және ішкі белсенділікке негізделеді. Проектілік методикасындағы белсенділік принципі ең жетекші рольге ие.
Коммуникативті принципте проектілер дайындау кезінде топтағылар оқытушылармен, өзге топ мұғалімдерімен және бірі-бірімен өзара байланыс орнатады. Проектілік әдістеме жоғары коммуникативтілікке негізделген.
Проектілік методикасында маңызды рольге ие тағы бір принцип – еркіндік принципі. Мұны дәлелдеу үшін «проект» сөзінің түсінігін ұғу керек. Проект – сабақ барысын өздігінен жоспарлайтын әрі оны жүзеге асыратын оқыту ісі. Мұның әрбір жобасы белгілі бір мерзімдегі білгіленген тақырыпты нақтылау мен әзірлеуге қатысты. Проект жұмысы тілдік базаны жасаумен тығыз байланысты.
Жоғарыда айтылған проектілік методиканың принциптері бір-бірімен өзара байланысты әрі зор маңызға ие.
Келесі әдістеме – интенсивтік әдістеме.
Интенсивтік әдістеменің жетекші принципінің бірі – ұжымдық өзара әрекет принципі. Бұл принцип оқу үрдісінің әдістері мен жай-күйін сипаттап, оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын байланыстырады. Осы принцип негізінде оқушылар басқалармен қарым-қатынас орнатып, білімдерін шыңдайды, біліктілігін жетілдіреді, өзара ұжымдық қатынас қалыптастырады. Топ болып оқу жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жағынан ынтасын оятуға зор ықпал етеді.