Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет41/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Мектеп жасындағы балаларда көру кемшілігін болдырмау шаралары Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В. Ф. Уткин (1971) мен Э. С. Аветисовтың (1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%, 7-10 жаста 4,5%, 11-14 жаста 10,5%, 15-18 жаста21,5%, 19-25 жаста 28,7%-нда жақыннан көру қабілеті байқалады. А. А. Сычевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-нда байқалады. Әсіресе балаларды көру гигиенасымен, партада дұрыс отыру ережелерімен таныстырмаған жағдайда бұл кемшілік көбейіп кетеді. Осыған байланысты мұғалімдер өздері де, олардың оқушылары да көру гигиенасын жақсы біліп, бұл кемшіліктің алдын алғаны жөн. Көру гигиенасының талаптары:
Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см; баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.
- Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек;
- Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
- Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болағанда).
- Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
- Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау:
6-7 жаста - 10 минут,
7-10 жаста — 15 минут,
10-12 жаста -20 минут,
12-15 жаста — 25 минут,
5-18 жаста - 30 минут, яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыс пен айналысқан жөн.
Есту талдағышы. Құлақтың құрылысы, акустикалық қасиеттері, жас ерекшелігі, гигиенасы.
Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ - қабылдаушы бөлімі.
Сыртқы құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасын дабыл жарғағы бөліп тұрады. Ол өзіне жеткен дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді.
Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан есту сүйекшелері - балғашық, төс және, үзеңгі орналасады. Балғашық дабыл жарғағына, ал үзеңгі - ішкі құлаққа баратын сопақша тесікті жауып тұратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып тұратын жарғаққа беріледі. Сүйектің ерекше байланысының және үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқыныныңкүші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кетсе құлақ қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп, дыбыстың әсер күші азаяды.
Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекті қалқанда екі тесік болады. Олар жүқа дәнекер ұлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім түтіктер (улу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікті -саға (кіреберіс) терезесі деп атайды.
Ішкі қулақ, немесе шытырмақ (лабиринт), самайдың айыршық сүйегінің ішінде жатады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі құрылымның арасыңда перилимфа, ал жарғақты лабиринттің ішіңде эндолимфа (ішкі сүйық) болады.
Сүйекті лабиринт үш құрылымнан - сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (ұлудан) және жартылай дөңгелек түтіктерден, - тұрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін қүрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай доңгелек түтіктер тепе-теңдік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан.
Саға - кішкентай қуыс. Ол сопақша және деңгелек қапшықтарға бөлінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелек түтіктермен, ал дөңгелек қапшық - иірімді түтікпен жалғасады.
Иірімді түтік (улу) - орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айналым жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембранасы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға - сопақша тесіктен басталатын саға өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне және иірімді түтік өзегіне - бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің тобесінде бір-бірімен тар тесік - геликотрема, - арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мұнда дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орналасады.
Корти мүшесі - күрделі құрылым. Ол негізгі мембрананың ішкі беткейін бойлай орналасқан есту жасушалары мен сүйеніш жасушалардан қүралады. Есту жасушаларының ұшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының әсерін қабылдайды. Осы жасушалардың үстінде бір ұшы сүйекті тұлғаға жалғасқан, екінші ұшы бос жататын жабынды табақша орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет