Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Жыныс бездері, олардың маңызы



бет46/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Жыныс бездері, олардың маңызы
Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары –әйелде аналық клетка және ерлерде аталық клеткалар – сперматазоидтар өніп дамиды.Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары түзіледі. Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап, баланың өсуіне,дамуына әсер етеді және жымыс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді.Жыныс гормондарының негізгі қызметтері – тұқым өрбіту болғандықтан жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері жоғары болады. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі мезгілді асексуальды немесе жыныстық нейтралдық мерзім, яғни инфантильдік (исп. Инфант – бала) шақ деп есептейді.
Жыныс бездерінің жас ерекшеліктері. Ересек әйелдің аналық безінің салмағы 5-8г, жаңа туған қыз балада 0,2г, 5- жаста 1г, 8-10 жаста 1,5г.Ересек ер адамның жыныс безінің салмағы 20-30 г, 8-10жасқа дейін 0,17 – 0,18 г. Ерлердің жыныс бездерінде қосымша қуық түбі безі простата мен шәһует көпіршіктерінің маңызы үлкен. Ересек адамзаттың қуық түбі безі (простата) жыныстық жетілу мерзімі жақындағанда дами бастайды да,шамамен 17жаста толық жетіледі. Оның ұзындығы ер азаматта 2,5-4см, ені 2,5-5 см, қалындығы 1,7-2,3 см салмағы 17-28 г шамасында өзгеріп отырады.
Ер бала мен қыз балалардың жыныстық жетілуі
Жыныстық жетілу ер балаларда 10 – 11 жаста, қыз балаларда 9 – 10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі жетіле бестайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекші жыныс белгілері: көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, сондықтан баланың сымбаты өзгереді, ер адамға тән қасаға түктері пайда болады. 15 жастан аса қолтығында түктер өседі, сақал – мұрты шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды.18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. Ер бала біртіндеп ер жетіп, жігіт, одан әрі ересек адам болады.
Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталып, 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда емшегі өседі. 13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түтіктер шығады, етеккір келеді. 16-18 жаста бойжеткендер толық жыныстық жетіледі. Бұл өзгерістер қыз баланың организіміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты.
Ер баланың жыныстық жетілуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет