АИТВ / ЖИТС мәселелері бойынша құпияны сақтау дегеніміз не?
АҚТҚ/ ЖИТС мәселелері бойынша құпияны сақтау дегеніміз - клиент туралы жеке ақпаратты, тек оның өзі немесе оған тікелей көмектесетін адамдардың алуы. Клиенттің өзі анық келісімін бермесе, бұл ақпарат басқа медициналық қызметкерлерге, клиенттің отбасы мүшелеріне, қоғамдық денсаулық сақтау орындарына, сақтандыру ұйымдарына, қызмет орнына, мектептерге немесе кез-келген үшінші адамға берілмеуі тиіс.
АИТВ инфекциясын анықтайтын тесттен кейін қандай ережелерді сақтау керек:
Тест нәтижесін тек қана науқасқа беру, оны телефонмен және мүмкіндігіше демалыс күндерінің алдында хабарламау;
Тест жасалғаннан кейін, нәтижесін барынша тез беру;
Жағымсыз нәтиже алған адамның сезімдерін ескеріңіз, жұқтырудың алдын-алу және « ауыр кезең» болатындығын айтыңыз;
Ең бірінші кезекте қандай сұрақтар қобалжытатындығын анықтап алыңыз;
Науқаспен жақындағы бірнеше сағаты мен күндерін қалай өткізетіндігі жайында сұхбаттасыңыз;
Науқастың кімнен және қандай қолдау алатындығын анықтаңыз;
Өзінің жыныстық партнерларына тест нәтижесі мен оларға төнген қауіп туралы кім айтатындығын клиентпен талқылау;
Науқастың қандай проблемалар мен қиыншылықтарға кездесетіндігін және оларды қалай жеңуге болатындығын анықтаңыз;
Науқасты сұрақ қоюға шақырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |