Айбульдинова Шынар Изатовна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» а бөлімі



бет3/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,68 Mb.
#24190
1   2   3   4



мақсатында әріптестерімнен сауалнама алдым.Сауалнама нәтижесі бойынша әріптестерімді толғандыратын сұрақ «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбы екендігін анықтадым. 4 әріптесімнің барлығы «Талантты және дарынды балаларды оқыту» бойынша төмен балл қойған. Сауалнама аясында мұғалімдер мынандай мәселелерді алға тартты: Біздің мектебімізде бұл мәселе өзекті деп айтуға болады. Себебі ҰБТ-дан аудан бойынша бірнеше жылдар қатарынан алғы 2, 3 орындарды иеленсек те, «Алтын белгі» алған оқушы мектеп тарихында болған емес(география пәні мұғалімі). Қалалық олимпиададан жүлделі орындар бар, ал облыстық олимпиадада орындар жоқ. Ғылыми жобалар бар, облыс көлемінде жүлделі орындар аз. Әдетте дарынды оқушы деп, біз «5»-ке оқитын оқушыны ойлаймыз. Бірақ ол оқушы өмірде өз орнын таба алмай қиналады. Оның себебі біз мұғалімдер «талантты» мен «дарынды» оқушыны өзіміз ажырата алмаймыз. Сондықтан «Талантты және дарынды оқушыларды оқыту бойынша» тақырыбында коучинг-сессия өткізу арқылы өзгеріс енгізуді жоспарлаймын. Бұл жоспар бойынша коучинг сессияның мақсатын пен міндеттерін айқындау үшін, Коуч қатысушылармен бірге мәселе жолын 7 жолақ салу әдісін пайдалану арқылы төмендегідей сұрақтар қояды: Талантты және дарынды оқушыларды ынталандыратын тапсырмаларды ұйымдастыру Сіз үшін маңызды ма? Қаншалықты маңызды?

- Ол сізге не әкеледі? Сұрақтар қою арқылы қарым-қатынасқа түсу арқылы Коучидің анықталған проблема бойынша мақсатын нақтылайды. Коуч ақиқатты талдау үшін төмендегідей сұрақтар қою арқылы сұхбатқа шақырады: Талантты және дарынды оқушыларды ынталандыратын тапсырмаларды ұйымдастырудың мәнісі неде? Тапсырмаларды тиімді өткізуге Сіз қалай қол жеткізесіз? Кері байланыс жасау кезінде жылы шырай танытып, сенімділік тудыруға тырысады. Коучи сұрақтарға жауап береді, өз ойын айтады, кедергілерден шығу жолын анықтайды. Коуч шешімді іздеу үшін ашық сұрақтар қоя отыра, Коучидің тиімді шешімді табуына ынталандырады: Сіздің мақсатқа жету үшін жасайтын бірінші қадамыңыз қандай? Жетістікке жету үшін Сіздің таңдаған жолыңыздың тиімділігі қандай? Коучи ашық сұрақтарға жауап беру арқылы шешу жолдарын таңдайды. Мақсатқа жету жолының жоспарын құру үшін, сұрақтарға сараптама жасап, нақты жоспар құруға жетелейді: Мақсатқа жету жолын неден бастар едіңіз? Оны қандай қадамдармен жүзеге асырар едіңіз? Мақсатқа жетудің жоспарын құрастырады. Бір-бірімен ақылдаса отырып жеке-дара қағаз бетіне жоспарларын түсіреді. Сессия арасында не істегенін, қандай қиындыққа тап болғанын айтады, өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға тырысады. Мақсатты іске асыруда, тапсырмаларды ұйымдастыру барысында тәжірибеңізде қажетті дағдыларыңызды іске асыра алдыңыздар ма? Қаншалықты іске асыра алдыңыз деп ойлайсыздар? Нәтижені қайдан көресіз?-деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жасайды.







Сессия соңында оқушылардан алынған сауалнамаларды талдауды ұсынамын. Оқушылардан сауалнама алу, мұғалім үшін маңызды екен. Сауалнама арқылы оқушыны не толғандыратынын анықтауға болады. Мысалы, оқушы жауап бергенде оған есеп шығарған ұнайтындығын айтады. Сол есеп шығару үдерісінде және есептің дұрыс жауабын тапқанда, ол жұмысты табысты аяқтағаннан рахат сезіміне бөлене ала ма? Баланың оқу үрдісіндегі сезімдері мұғалім үшін маңызды болуы тиіс. Себебі осы рахат сезімінің дәмін бір рет сезген бала, сол сезімге қайта бөлену үшін, одан да қиынырақ есепті шығаруға талпынады. Осы қадамдар арқылы баланың «дарындылық» және «таланттылық» қабілеттерін біз біртіндеп оята бастаймыз. Ендеше әрбір пән мұғалімі өз сабағында тапсырманы орындату барысында,сол орындалған іс-әрекеттен бала рахат сезіміне бөленетіндей, бойында келесі тапсырманы орындасам одан да күштірек сезім билеп алатындығын түсінсе. Міне, сонда ғана «Ұстаз болу бақытына» бөленген сезімнен біз ұстаздар білім беру үдерісінен рахат сезіміне бөлене алар едік. Сол деңгейге жеткен ұстаз да, мұғалім де бақытты болады. Сонда ғана оқушы кез келген қиын тапсырманы орындауға құлшына кірісетін болады. Ендеше Эйштейн секілді дарын иесінің балалық шағына көз жүгіртейік. Альберт Эйнштейн казармалық қатал тәртіп орнаған Пруссия гимназиясында оқып жүргенде өте төмен көрсеткіштер көрсеткен екен. Кейінірек оның жанұясы Швейцарияға көшкенде мұндағы мектептерде орын алған либералдық (жұмсақ) қатынастар Эйнштейнде барлық дағдылардың ашылуына мүмкіндік береді. Дарындылық пен таланттылықты оятуда, ұстаз тарапынан танытылатын мейірімділіктің орны ерекше екен.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, « Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016 ж


Каталог: uploads -> doc -> 00f3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00f3 -> Сыныбы: 7-сынып Тақырыбы: Зат есімнің түрленуі (қайталау/ашық сабақ). Мақсаты: Білімділік
00f3 -> Сабақта қолданылатын материалдар а- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, постер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет