Айбульдинова Шынар Изатовна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» а бөлімі



бет4/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,68 Mb.
#24190
1   2   3   4

Коучинг-сессия жоспары

Тақырыбы: Дарынды және талантты оқушыларды оқыту

Мақсаты: Мұғалімге дарынды және талантты балалармен жұмыс барысында ынталандыратын тапсырмаларды ұйымдастыру жолдарын алуды айқындау.

Күтілетін нәтиже: Дарынды және талантты балаларды ынталандыратын Тапсырмаларды ұйымдастыруда кәсіби дағдыларын өз мүмкіндіктеріне пайдаланады, тиімді жолдарын шығара алады.


Этап

Коучтың іс-әрекеті

Коучидің іс-әрекеті

Коучтың мүмкін деген сұрақтары

1.Мақсат пен міндеттерді қою, осы коучинг-сессияның басымдығын анықтау

Коуч қатысушылармен бірге мәселе жолын 7 жолақ салу әдісі арқылы анықтайды.Қарым-қатынасқатүсу арқылы коучидің мақсатын нақтылайды.

Анықталған проблема бойынша мақсатын анықтайды.

-Талантты және дарынды оқушыларды ынталандыратын тапсырмаларды ұйымдастыру сіз үшін маңызды ма? Қаншалықты маңызды?

-Ол сізге не әкеледі?



2.Ақиқатты, шындықты талдау.Бар ресурстарды, шектеулерді, кедергілерді бағалау

Сұхбатқа шақырады, кері байланыс жасайды.Сенімділік тудырады.

Сұрақтарға жауап береді, өз ойын айтады, кедергілерден шығу жолын анықтайды.

- Талантты және дарынды оқушыларды ынталандыратын тапсырмаларды ұйымдастыру мәнісі неде?

-Тапсырмаларды тиімді өткізуге сіз қалай қол жеткізесіз?



3.Шешімді іздеу:таңдауларды қарастыру.Мақсат пен міндеттерді шешуде таңдау жасау


Шешімді іздеуде ашық сұрақтар қояды. Тиімді шешімді табуға ынталандырады.

Ашық сұрақтарға жауап беру арқылы шешу жолдарын таңдайды.

-Сіздің мақсатқа жету үшін жасайтын бірінші қадамыңыз қандай?

-Жетістікке жету үшін сіздің таңдаған жолыңыздың тиімділігі қандай?



4.Мақсатқа жету жолының жоспарын жасау

Сұрақтарға сараптама жасап, нақты жоспар құруға жетелейді

Мақсатқа жетудің жоспарын құрастырады. Бір-бірімен ақылдаса отырып жеке-дара қағаз бетіне жоспарларын түсіреді.


-Мақсатқа жету жолын неден бастар едіңіз?

-Оны қандай қадамдармен жүзеге асырар едіңіз?



5. Мақсатты іске асыруда қолдау көрсетіп, серіктес болу

Мақсатты іске асыруда қолдау жолдарын айқындайтын ашық сұрақтар қояды. Қолдау көрсетеді.

Сессия арасында не істегенін, қандай қиындыққа тап болғанын айтады, өздеріне деген сенімділіктері артады.

-Тапсырмаларды ұйымдастыру барысында тәжірибеңізде қажетті дағдыларыңызды іске асыра алдыңыздарма?

-Қаншалықты іске асыра алдыңыз деп ойлайсыздар?



-Нәтижені қайдан көресіз?


Тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Коуч-сессияның сауалнамасын өткізу кезінде жаңа өзгерістерді білуге белсенділік танытқан Тәжірибелі көмекшінің моделі (Egan, 1998) 1975 жылдан бері үнемі дамып келеді. Шын мәнінде, бұл – көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым. Бұл құрылымның бірінші кезеңі үдерістің басында тәліптің іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін анықтауға бағытталған; екінші кезең – тиісті тиімді шешім таңдауды; үшінші кезең – өзгерістерді енгізуді мақсат етеді[1]. Тәліптің іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін анықтауға бағытталған сұрақтар қойдым.Тәжірибені талдау Тәлімгер екеуміз жаңаша оқыту туралы,оның дәстүрлі сабақтан айырмашылығы туралы әңгіме жүргіздік. Мен оған екінші деңгей бағдарламасы туралы және 7 модуль туралы айтып бердім. Сұхбаттасу барысында оқушыларымыздың сабаққа ынтасы төмен екендігін, сабақтар бала үшін қызықсыз өтетіндігі туралы сөйлестік.



Проблеманы анықтау: топпен жұмысты ұйымдастыруда, оқушыларды бірлескен жұмысқа жұмылдыру қиындық туғызатынын айтты. Өзекті проблемаларға көңіл бөлу:тәліпкерге топтық жұмыс оқушыларды ынтымақтастық орта құра білуге, бір-бірін тыңдай білуге, өзара бағалай білуге, өзінің ойына және іс-әрекеттерне сыни тұрғыдан қарай білуге үйрететендегі туралы түсіндірдім.

Күтілетін нәтижелерді анықтау:мен сұхбаттасу барысында екеуміздің бірігіп істеген іс-әрекетіміздің нәтижесін неден көруге болды? –деп сұрақ қойдым.Ол ойланып былай деп жауап берді:жаңа білімді игеру кезінде білім сапасы артады және баланың жеке-дара қасиеттері ашыла түседі, сонымен қатар жұмыстың нәтижесіне оң әсер тигізетіні-баланың өзіне деген сенімділігі артады,топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын анықтайды. Мен тәліптің жауабына дән риза болдым. Оны өз тәжірибесі туралы терең ойлана білетіндігі,болашақты үлкен табыстарға жеткізетіне сенім білдіріп мадақтадым.Жалпы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгерте алады[1].

Мақсат қою:оқыту үдерісіне деңгейлері әртүрлі оқушыларды топтық жұмысқа тартуды ұйымдастыру.

Мақсаттың тиімділігін және орындылығын анықтау:топ бір тапсырманы орындайды,бірақ топтың әрбір мүшесі бір-бірінен тәуелсіз жалпы жұмыстың бөлігін орындайтындығын, жалпы тапсырманы топтың әрбір мүшесі кезек-кезегімен орындайындығын, топтың мүшесі басқаларымен тығыз байланыста болтындығын талдадық.

Тиісті стратегияны таңдау үшін: «Бутерброд»,«Дейін-кейін», «Бір қадам артқа», «5 жол өлең», «Гибсс» старгияларын талдаймыз. «Джигсо», «Фишбоун» тәсілдерін қолдануды жоспарлаймыз.

Бірлесіп іс - әрекет жоспарын құрдық. Үлестірме материалындағы 26-27 беттегі «Топтық жұмысты бақылау кестесін» қолданып талдау жүргіземіз.

Жоспарымыз бойынша тәліптің бірінші сабағына қатысамын.Сабақты талдаймыз. Мұғалімнің анықталған мәсілесін нақтылаймыз.Екінші сабақта топпен жұмыс жоспарланып құрастырылған болады.Бұл сабақта өзгерістерді күтемін.Кері байланыс жасаймын.Дұрыс құрастырылған сабақ кезеңдері және арнайы таңдалған тапсырмалар оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып,ойлануға ынталандырып,талдау арқылы мәселенің шешімін бірігіп табуға үйрететіндігіне сенімдімін.Тәліпке сабақ соңында кері байланыс жасаулары керек екендігі айтылған болатын. Сабақты бейнежазбаға түсуру туралы әріптесімнен рұқсат сұраймын.Сабақтың толық бейнесін бейнежазба арқылы көріп бірге талдаймыз. Тәліп бейнежазбадағы өз кемшіліктерін көреді деп ойлаймын, себебі сырттан өзіңнің іс-әркетіңді бақылағанда кемшіліктеріңді табу қиынға соқпайтындығын жақсы білеміз.



Үшінші сабақта тәліппен сабақ талдауда бейнежазбадан балалардың сұрақты топта қалай талқылап жатқанын,олардың топтағы жұмыстарын анық көруге болды деп ойлаймын.Сенімділік қарым-қатынасы бар ма? Оқушыларды бір-бірін дұрыс бағалай білуге үйретуміз қажет екендігін айтып өтемін. Балаларды ынталандырып отыруымыз,оларды мадақтауымз туралы аса айтқан жөн. Тәліп топтық жұмысты ұйымдастырудың оң жақтарына назар аударуы қажет. Бұл әдісте топ мүшесінің өзін-өзі дамытудағы және ұжым болып жұмыс істеу тиімділігін түсінуі керек.

Төртінші сабақтан кейін тәліп жаңаша жұмыс істеуді түсенеді деп ойлаймын. Жылы қарым-қатынас, сеніміділік екеумізге қиындықты жеңуге көмектеседі.Әлі де талай қиындақ болады,бірақ «Біргіп істеген істе береке бар»-дейді ғой дана халқымыз.Маған да әлі көп үйрену қажет деп ойлаймын.Екеуміздің бірігіп істейтін жұмысымызға қорытынды жасаймыз.Тәліпті дұрыс жұмыс істеуге үйрету үшін,өзім дұрыс жұмыс істеуге үйренуім керек.Менің ойымша ең бастысы біз ұстаздар балалардың өз білімдерін талдай білуге,басқаны бағалауға,ойын еркін дәлелдеп,мұғалімнен тәуелсіз өз білімін жетілдіре алуымызға үйретуіміз қажет.Екінші деңгейлі курс бізді көп нәрсеге үйретті.Біздің әрқайсымыз өз тәжірибесімен әріптесімен бөлісіп, оның білмейтінін үйретуі керек.Біз көбінесе өз қателіктерімізді көрмейміз.Ал бейнежазбадан соларды көріп,бірден түзетіп отыруға болады.Сондықтан сабақтардың бейнежазбасын жазу маған да,тәліп үшін де дағдыға айналуы қажет.Егер әдістемелік бірлестікте бірігіп сабаққа талдау жасасақ, жетістікке тезірек қол жеткізуге болады.Тәліп үшін жаңаша жұмыс істеу дағдығы айналғанша өз көмегімді тигізуге аянбаймын.Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім  адамзаттың хас жауы» -деп айтқандай оқушыларды тәрбиелеуде жүрек жылуының орны ерекше.Мен тәліпке жүрегімнің жылуымен жаңаша қалай жұмыс істеуді үйретсем,ол өз жүрегінің жылуын балаларға бере алады деп ойлаймын.Себебі тек қана ыстық ықыласпен, шынай көңілмен, таза жүрекпен берген білім санаға сіңеді деп ойлаймын.Әр сабағынан кейін тәліпті қолдап, жаңа ойлармен толықтырып, тиімді шешім қабылдауға тартуым қажет.



Тәлімгерлік ету жоспары

Тәлімгерлік етудің жалпы мақсаттары

Оқыту үдерісіне деңгейлері әртүрлі оқушыларды топтық жұмысқа тартуды ұйымдастыру үйрету


Күтілетін нәтиже

Оқыту үдерісіне деңгейлері әртүрлі оқушыларды топтық жұмысқа тартып,ұйымдастыра алады


Тәлімгер


Тәлім алушы

Уақыт шеңбер-лері

Тәлімгерліктің мақсаты

Тәлімгерлік нәтижелері

Табыс критерийлері

Қалай анықтайсыз?

Кездесу ұйымдастыру.

Сұхбат анықталған проблемалар бойынша тәлімгер мен тәлім алушы бірлесе отырып мақсат қою, жоспар құру.



Сұрақ қояды,мақсатын нақтылайды, қарым-қатынасқа түседі


45 минут

Жағымды қарым-қатынасты орнату, тәліптің алдына мақсат қою

Жағымды қарым-қатынасты орнатылды,мәселе орнатылады,мақсат айқындалады,жоспар құрылады.

Сұхбат

Мәселені анықтау мақсатында сабаққа катысу

Дәстүрлі сабақ өткізу

45 минут

Мәселені нақтылау, бағалау

Мәселе нақтыланады, жағдай бағаланады

Бақылау формасы, «Бутерброд» әдісі арқылы кері байланыс


ОМЖ құрастыруға көмектесу. Сенімділік орнату.


Өз ойын еркін білдіреді.

45 минут

ОМЖ құрастырудың жолдарын айқындау

ОМЖ құрастырудың жолдары айқындалады

Бақылау формасы, ««Дейін-кейін» стратегиясы» әдісі арқылы кері байланыс


«Үлестірме материалдар 1 апта кітабынан» топтық жұмысты ұйымдастыруға үшін қажет әдіс-тәсілдермен таныстыру


Ұсынылған материалды меңгеру, талдау, ой елегінен өткізу

20 минут

Қажет материалдарды анықтау

Қажет материалдарды анықтады.

Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер

кітабы

Тәлімгердің сабағына ену.

Сабақ өткізеді

45 мин

Өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі


Бақылау формасы, «5 саусақ» әдісі арқылы кері байланыс

Өзгерісті анықтау үшін сабаққа катысу

Сабақ өткізеді

45 мин

Өзгеріс деңгейін анықтау

Өзгеріс деңгейін анықталады.

Бақылау формасы, «Гиббс» әдісі арқылы кері байланыс

ҚМЖ құрастыруда көмек беру

Өз ойымен бөліседі

45 мин

ҚМЖ құрастыруды үйрену

ҚМЖ құрастыруды үйренеді

«SWOТ»әдісін қолданып кері байланыс жасау

Тәліптің сабағына жаңаша сабақ беру дағдысының қалыптасу дейгейін айқындау үшін қатысады.

Сабақ өткізу

45 мин

Мақсатқа қаншалықты қол жеткізгендігімізді талдаймыз

Даму деңгейі анықталады.

Бақылау формасы, «Бір қадам артқа» әдісі арқылы кері байланыс

Тәліптің жұмысын бағалау, қорытынды шығару

Өткізілген сабақтар бойынша қорытынды шығару, өзгерістері мен өсу деңгейін бағалау

20 мин

Сабақтардың қорытындыларын шығару, бағалау

Сабақтарға өзгеріс қалай енгізілгені туралы,оның сабаққа оң әсерін қорытындылау.

Рефлексиялық есеп

Жалпы мақсаттарға жетудің табыс критерийлері (бағалау жоспары)

Оқыту үдерісінің нәтижесіне анализ, синтез, салыстыру арқылы деңгейлері әртүрлі оқушыларды топтық жұмысқа тартуды ұйымдастыру үйренеді.


Қолданылған әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, « Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016 ж- 26-27беттер, 105 -106бет

Каталог: uploads -> doc -> 00f3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00f3 -> Сыныбы: 7-сынып Тақырыбы: Зат есімнің түрленуі (қайталау/ашық сабақ). Мақсаты: Білімділік
00f3 -> Сабақта қолданылатын материалдар а- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, постер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет