Айбульдинова Шынар Изатовна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» а бөлімі



бет1/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,68 Mb.
#24190
  1   2   3   4

Айбульдинова Шынар Изатовна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» А бөлімі

ПШО ЖМ филиалы Павлодар қ. Мұғалім портфолиясы




Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп


Мектепте 7 модуль туралы естідім, бірақ дұрыс түсінбеген екенмін. Мен оны Блум таксономиясымен шатастырыппын. Курска келген соң 7 модульді сабаққа қалай кіріктіруге болатындығы туралы үйрендім. Осы алынған білім негізінде 7 модуль кіріктірілген орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрастыруға кірістім. 8 сыныптағы «Магнит өрісі» тарауынан тақырыптарына тізбектелген сабақтар топтамасына 7 модульді кіріктіру үшін орта мерзімді жоспар және бір сабаққа арналаған қысқа мерзімді жоспар құрастырдым Әрбір сабақтың мақсаты SMART болатындай етіп құрастыруға тырыстым. Орта мерзімді жоспарлау дегеніміз - мұғалім тобының оқу бағдарламасын тізбектелене сабақтар топтамасына айналдыруы. Бұл ретте бұл топтама аясында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының барлық жеті модулі оқыту тәжірибесіне кіріктіртірілуі тиіс. Әрбір мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сыныпқа арналған егжей-тегжейлі сабақ жоспарын құрастыру үшін пайдаланады [1]. Орта мерзімді жоспарды құрастыру барысында сабаққа жеті модульді ықпалдастыруды ойластырып, әр сабаққа арналған мақсатты құрастырдым. Ұйымдастыру кезеңдерінде жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Атомдар мен молекулалар», «Жүректен жүреккке» , «Бәрі сенің қолыңда» , «Австралия жаңбыры» әдістерін «АКТ» құралын тиімді пайдалануға болады.Бұл «Мен» тұжырымдамасының эмоциялық бөлігін іске асыруға көмектеседі.Тізбектелген сабақтарымда қалыптастырушы бағалауды топтық бағалау және өзара бағалауды іске асырамын. Өзара бағалу арқылы оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мұғалім үшін маңызды. Сабақтың кезеңдерінде кері байланысты іске асыру үшін ««Үш М және Ә» , «Қосу-алу қызықты» «Рефлексиялық нысана» әдістерін қолданамын. Тізбектелген төрт сабақтар топтамасында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай білуге, жоғары деңгейлі сұрақтарды қоя біліп, жауап беруде мағынасына терең бойлай алуға үйренеді. Сабақты топпен жүргізу кезінде жаңа тақырыпты топ болып талдау үшін «Ротация» әдісімен топтар әзірлеген жұмыстарын бір-біріне ұсынады, екі топ бір-бірінің жұмыстарымен танысады, талдайды. Сабақтың осы кезеңінде диалогқа түсу арқылы ойларын талдауға үйренеді. Ендеше ДО мен СТО модульдерін ықпалдастыра отыра оқушылардың өз ойын еркін білдіре алатын, дәлелдер келтіре алатын, басқаның пікірін тыңдай алу қабілеттерін дамытуға болды. Ал егер тізбектелген сабақтар топтамасында жүйелі түрде осындай тапсырмаларды мұғалім қолданса, біртіндеп дағды қалыптаса бастайды. АКТ-дын бейнежазба көрсету арқылы қолданып СТО, ДТ, ЖЕСО модульдерін ықпалдастыра отыра эксперименттік тапсырма беру арқылы физика сабағында оқушы эксперимент жүргізіп, оны түсіндіру кезінде «Блум таксономиясы» бойынша талдау деңгейі іске асырылады. Мұғалім бағыттай отыра баланың бойында алған білімдерін практикамен ұштастыра білу, зерттеу жүргізу арқылы теория мен практиканы салыстыра білу қабілеттерін дамытады. Табиғаттың тылсым құбылыстарын тануға деген құштарлықтарын оятады, ол өз кезегінде көрінбейтін дарындыларды анықтауға септігін тигізеді.

Деңгейі бойынша тапсырмалар сапалық сұрақтарды қою арқылы іске асырылады. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының жас ерекшелігіне сай оқыту модулі кіріктіріледі. Бұл іс-әрекетті іске асыруда оқушының метасаналық қабілеттері дамиды.Тапсырманы дұрыс орындаған оқушы келесі тапсырманы орындауға құлшыныспен кіріседі, өзіне деген сенімін арттырады. Тізбектелген сабақтарда сабақ басында «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін кіріктіру үшін бағалау парақтары таратылады, әр тапсырмалардан кейін оқушылар алдын-ала құрастырылған критерий бойынша өз-өздерін бағалап отырады. Әр тапсырмадан кейін рефлексия жасайды.Сабақ соңында қорытынды шығарады. Критерий арқылы бағалау кезінде мұғалім нақтылайды.Оқушылар өзара пікірлесіп, шешім қабылайды.Ендеше дұрыс жоспарланған әрбір сабақ, өмірде жауапкершілікті өз мойнына ала білетін, алған білімін дәлелдей білетін, өзінің ісін бағалай отыра, қоршаған ортаның талабына сай бейімделе алатын тұлғаның қасиеттерін қалыптастыруға себепші болады

Қазіргі заман талабына сай мұғалімге өзгеру қажет. Оған қандай қиын болса да, болашақ ұрпақ үшін өзінің бойына жаңа дағдыларды қалыптастыра білуі қажеттілік болып табылады. Себебі бүгінгі жасаған болмашы қадамдарымыз, болашақта үлкен өзгерістерге алып келеді.Тек сол өзгерістер дұрыс жасалған қадамнан болса екен деп тілеймін.
Сынып: 8 сынып

Пән: физика

Тарау: Магнит өрісі


  • Мақсаты: магнит өрісі, тұрақты магниттің магнит өрістері, тұрақты магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері туралы физикалық құбылыстарды білу, құралдардың құрылымын және жұмыс ітеу принциптерін практикада қолдану, сапалық және эксперименттік есептерді шығарып, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындай алу.

  • Күтілетін нәтиже:

Барлығы: тұрақты магнит, магнит өрісі тұрақты, магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін туралы негізгі түсініктерді айтып береді

Көбісі: Алған білімдерін практикада қолдана алады: тұрақты магнит, магнит өрісі тұрақты, магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін талдай алады

Кейбіреуі: сандық, сапалық және эксперименттік есептерді шығарып, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындай алады

Бағалау критерий: магнит өрісі, тұрақты магниттің магнит өрістері, тұрақты магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсеріне байланысты физикалық құбылыстарды түсіндіреді, эксперимент жүргізеді БК оқу мақсатымен байланысты ма??

Тақырыбы

  1. Оқытудің негізгі мақсаттары



2. Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

3. Оқу нәтижелері

4. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау

5. Барлығын қосқанда

6. Негізгі дерек -көздер

  1. Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі.




тұрақты магниттің магнит өрістері туралы физикалық құбылыстарды түсіну, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау.



Сергіту сәті «Атомдар мен молекулалар»

Кіріспе бөлім

Миға шабуыл;

(2 минут)

Негізгі бөлім

Зерттушілік әңгіме: ДО,ОүБ,ЖЕСО

«Магнит», «Магниттің тұрмыста қолданылуы»

Топтық жұмыс

(окулық,интернет желісі);

(15 минут)

Бекіту:

Эксперименттік тапсырма беру:

1)Тәжірибе арқылы магнит өрісінің күш сызықтарын алу (доға тәріздес, таяқша).

(10 минут)

Ашық сұрақ қою:ТжД,СТО «Ой қозғау»
(8 минут)
Қортынды бөлім

Постер арқылы ассоциация құру

(10 минут)
Рефлексия

Үй жұмысы:п.52, Реферат дайындап келу.Тақырыбын өзің ойластыр.



Кейбір оқушылар тұрақты магниттердің табиғатын зерттеушілік тұрғыдан талқылайды
Көбісі тұрақты магниттердің табиғатын сипаттауда мысалдар келтіру арқылы анықтайды
Барлық оқушылар тұрақты магниттің магнит өрістері, тұрақты магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері туралы физикалық құбылыстарды түсіндіре алады, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындайды.

Топпен жұмыс жасауды үйренеді,ашық сұрақтың жауабын іздеуде сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады,диалогтік қарым-қатынас қалыптасады.



Мадақтау

«Ротация» әдісі арқылы бағалау


Оқушылар өз-өздерін бағалау критерий арқылы қалыптастырушы бағалу парағы.
Рефлексиялық нысана» техникасын қолданып бағалау.


Тақырып бойынша А,В,С деңгейлік тапсырмаларды сұрақтар арқылы беру:

1.Тұрақты магниттер дегеніміз не?

2.Болаттан жасалған шарды магниттеуге бола ма?

3.Магниттердің полюстері өзара қалай әрекеттеседі?


ТжД,СТО,ДО:

Магнитті қыздырғанда ол магнитсізденеді.

Неліктен бұлай болтынын түсіндіріңдер?

Бағалау парағынан қортынды шығару




1 .8-сынып оқулығы Алматы «Мектеп» 2015

2.Интернет желісі

8-сынып дидакт. материал


  1. Жердің магнит өрісі.



Жердің магнит өрісін зерттеу

Сергіту сәті «Атомдар мен молекулалар»


Кіріспе бөлім

Миға шабуыл;

Сурет Жер кесілген арасында магнит бар

(2 минут)


Негізгі бөлім Бейнеүзінді Жердің магнит өрісі, компас

Жаңа сабақты меңгеру

(15 минут)

Топтық жұмыс жаңа тақырыпты меңгереді

Бекіту: Шағын тест (10 минут)

Қортынды бөлім

Ашық сұрақ

(10 минут)

Рефлексия

Үш М және Ә
(2 минут)

Үй жұмысы



Кейбір оқушылар Жердің магнит өрісін зерттеушілік тұрғыдан талдайды
Көбісі оқушылар Жердің магнит өрісін мысалдар келтіру арқылы дәлелдейді
Барлық оқушылар Жердің магнит өрісін зерттейді
Топпен жұмыс істеуге дағдыланады,білімдері нақтыланады,тақырып бойынша алған білімдерін өмірде қажет екендігін түсінеді,оқулықтағы тапсырманы орындауға үйренеді.

Мадақтау,

Критерий арқылы бағалау,

Бағдаршам ;

Оқушылар өз-өздерін бағалау критерий арқылы қалыптастырушы бағалу парағы.


Екі жұлдыз бір ұсыныс;

п 53, «Жердің қорғаушысы-магнит» эссе.


Тақырып бойынша А,В,С деңгейлік тапсырмаларды сұрақ арқылы беру:

1)Жерде магнит өрісінің бар екені қалай дәлелденді?

2)Жердің магниттік полюстері оның географиялық полюстерімен сәйкес келе ме?



ТжД,СТО:

Аспан денелерінде магнит өрісінің пайда болу шарттары?


Жұппен жұмыс

1 .8-сынып оқулығы Алматы «Мектеп» 2015

2.Интернет желісі

8-сынып дидакт. материал


  1. Тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі

Тоғы бар өткізгіштің магнит өріс туралы білімдерін күнделікті өмірде, есептер шығаруда қолдана білу


Сергіту сәтті «Австралиялық жаңбыр»
Кіріспе бөлім

топқа бөлу:магнит полюстері арқылы

Миға шабуыл;

Бейнеүзінді. Тоғы бар өткізгіштің компас стрелкасына әсері

(2 минут)

Үй тапсырмасын сұрау (3 минут)


Негізгі бөлім

  1. «Джик со» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгерту

(15 минут)

  1. Эксперименттік тапсырма

(10 минут)

  1. Сапалық есептер. 25 жаттығу -1-6

(10 минут)

Ашық сұрақ:

(5 минут)
Қортынды бөлім

Рефлексия

(3 минут)
Үй жұмысы


Кейбір оқушылар тогы бар өткізгіштің магнит өрісін

зерттеушілік тұрғыдан талдайды


Көбісі есептер шығаруда негіздемесін келтіреді
Барлық Тоғы бар өткізгіштің магнит өріс туралы білімдерін күнделікті өмірде, есептер шығаруда қолданады


Мадақтау,
Критерий арқылы бағалау,

Бағдаршам ;

Екі жұлдыз бір ұсыныс;

Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.)


Тақырып бойынша А,В,С деңгейлік тапсырмаларды сұрақ арқылы беру:
1)Магнит өрісіне анықтама беріңдер?

2)Магнит өрісін қалай байқауға болады?

3)Түзу өткізгіштің магнит өрісін тәжірибе жүзінде қалай зерттеуге болады?

4) Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтауға арналғанбұрғы ережесін айтыңдар?

1 топ

25-жаттығу. №1, №2, №3.



2 топ25-жаттығу.

№4, №5 №6.

Бала қолына зарядталған

шарды ұстай отырып,әткешек тебеді.Зарядталған шар балаға қатысты магнит өрісін тудыра ма?

п.54 ,дидактикалық материалдар 8 сынып


1 .8-сынып оқулығы Алматы «Мектеп» 2015

2.Интернет желісі

8-сынып дидакт. материал


  1. Тоғы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер

Тұрмыста электромагниттерді қолдану мүмкіндіктерін айқындау

Сергіту сәттері

«Жүректен жүреккке»



Миға шабуыл

Бейнеүзінді. Тоғы бар өткізгіштің компас стрелкасына әсері

(2 минут)
Негізгі бөлім


  1. «Ротация» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгеру

(15 минут)

  1. Эксперименттік тапсырма

(10 минут)


  1. Сапалық есептер. 25 жаттығу 3-6

(10 минут)

Қортынды бөлім

Ашық сұрақ

(5 минут)

Рефлексия

(2 минут)


Үй жұмысы:

Кейбір оқушылар электромагниттерді, тоғы бар шарғының магнит өрісін зерттеушілік тұрғыдан талдайды
Көбісі оқушылар басқа салалармен де байланысын анықтайды
Барлық оқушылар Тұрмыста электромагниттерді қолдану мүмкіндіктерін айқындайды

Мадақтау,
Критерий арқылы бағалау,
Бағдаршам ;

Екі жұлдыз бір ұсыныс;

Рефлексия

«+,-,алға» әдісі арқылы


Тақырып бойынша А,В,С деңгейлік тапсырмалар беру.


1)Электромагнит деп нені айтады?Ол қандай бөлшектерден тұрады?

2)Электромагниттік темір денелерді өзіне тартатын күші неге тәуелді?

3)Электромагниттік реленің құрылысы қандай?Ол қандай қызмет атқарады?

4)Магнит өрісі құбылысын табиғатта қалай байқауға болады

26 жаттығу №4,5
ТжД,СТО:

Электромагниттік реле,термометр және автоматты түрде дабыл қағатын қоңырау көмегімен шектік температураға жеткені туралы хабар беретін құрылғыны ойлап табыңдар.Осындай автоматты әзірлеудің тізбегін сұлба түрінде салыңдар?

SWOT талдау арқылы
п.55,26 ж.№1-3


1 .8-сынып оқулығы Алматы «Мектеп» 2015

2.Интернет желісі

8-сынып дидакт. материал


Қысқа мерзімді жоспарлауға рефлексиялық есеп
Қысқа мерзімді жоспар құрастыру үшін «Тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі» тақырыбын алдым. Сабақта оқушылардың көңіл күйін көтеру үшін «Австралиялық жаңбыр» сергіту сәтін ұйымдастырамын. Топтарға бөлу үшін магниттің екі полюсіне байланысты таяқшалар таратамын топқа бөлу үшін. Миға шабуыл ретінде «Тоғы бар өткізгіштің компас стрелкасына әсері» бейнеүзінді ұсынамын. Осы бейне үзінді арқылы жаңа тақырыпқа шығамын. Оқушылар «Диалогтік оқыту» модулінен зерттеушілік әңгіме жүргізу үшін «Тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі» тақырыбын оқулықтан оқып, шағын топта өзара ойларымен бөлісіп, бір-бірін бағалау арқылы ұжымдық білім қалыптастырады. Екінші топ «Тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі» тақырыбында ноутбукті, интернетті қолданып мәлімет іздеп, зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Зерттеушілік әңгіме жүргізу барысында оқушылар алған білімдерін жоспарлайды, тұжырымдайды. Ендеше баланың бойында ұйымдастырушылық, ақпаратты түрлендіре білу қабілеттері дами бастайды.

Ал жүйелі түрде жүргізсе дағдыға айналады деп ойлаймын. Екінші топтың жұмысында «Оқыту мен оқудағы АКТ» модулін қолдану арқылы оқушылардың ғылыми мәліметті қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге болады. АКТ құралын тиімді қолдана білу өнеріне үйренеді. Сабақтың бұл кезеңінде «Джигсо» әдісін пайдаланғанда оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеуге дағдыланады, білімдері нақтыланады, тақырып бойынша алған білімдерін өмірде қажет екендігін түсінеді, оқулықтағы тапсырманы орындауға үйренеді. Эксперименттік тапсырманы балаларға АКТ-ны қолданып іске асырамын. Эксперименттік тапсырма беріп, тәжірибе арқылы сабаққа «Оқудағы танымдық тәсіл» және «Оқудағы әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл» арқылы жас ерекшеліктеріне сай модулін кіріктіруді жоспарладым. Сыни тұрғыдан ойлау мен жас ерекшеліктеріне сай оқытуды іске асыру үшін оқушыларға сапалық есептер ұсынамын. Кері байланыс жасау үшін (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) әдісін қолданамын. «Дарынды және талантты балаларды оқыту» мен «Сыни тұрғыдан ойлау» ықпалдастыру үшін ашық сұрақ қоямын.7 модульдің ішіндегі «Дарынды және талантты балаларды оқыту» модулін ерекше ұнатамын. Себебі тарихқа көз жүгіртсек тек қана дарынды тұлғалардың арқасында өркениет алға жылжиды. Бұрынғы сабақтарыма ой жүгіртсем көп олқылықтар орын алған сияқты. Курсқа дейін кей сабақтарымда ғана оларға назар аударсам, енді «Дарынды және талантты» балаларды жүйелі бақылауға алып, «Қиын есептерді шығара білуді» олардың дағдыларына айналдыра алуым керек деп ойлаймын. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін [2]. «Ер жеткен соң түспеді уысыма» деген өлең жолдарынан Абай атамыздың өкініш лебін сеземіз. Әлем таныған ұлы тұлға көп нәрсеге қол жеткізе аламадым деп неге өкінеді. Физикада табиғат құбылыстарын танып, білуге және зерттеуге деген ұмтылыс баланың таңқалуынан басталады. Ендеше неғұрлым ертерек баланың бойында дарындылық және таланттылық қабілеттерін оята білсек, соғұрлым ғылымға деген қызығушылықты арттыра аламыз. Ол үшін 7 модульді ықпалдастра алудың әдіс-тәсілдерін ұстаз меңгеріп қана қоймай, қысқа мерзімді жоспарлауды құрастыруда шебер қолдануды дағдыға айналдыруы қажет.Біз ұстаздар болашақта еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуіне, сабақтарымызға құрастыратын жоспар арқылы үлес қоса аламыз.Ендеше қысқа мерзімді жоспарды шебер құрастыруды өз алдыма мақсат қоямын. Бірден жете аламасам да, уақыт өте келе кәсіби шеберлігімнің артатынына сенімдімін. Мұғалімдердің көпшілігіне сын тұрғысынан ойлаудың маңызды әрі тиімді екенін ұғындырудың қажеті жоқ, бұған олардың көздері әлдеқашан жеткен. Алайда мұғалімдер оқып, білім алуды және қолдауды қажетсінеді. Яғни оқушыға бағдарланған әдістерді пайдалану кезінде сыныпты басқаруда туындайтын проблемалармен және жоғары танымдық қажеттілікпен байланысты нақты сабақтарды жоспарлау мәселелерін терең түсінуде қолдау көрсету қажет[1].





  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, « Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016 ж- 37 бет,48бет




Сабақтың аты

§54 Тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Тоғы бар өткізгіштің магнит өріс туралы білімдерін эксперименттік,сапалық,сандық есептерді шығаруды қолдана білу.

Күтілетін нәтиже

Кейбір оқушылар тогы бар өткізгіштің магнит өрісін

зерттеушілік тұрғыдан талдайды


Көбісі есептер шығаруда негіздемесін келтіреді
Барлық Тоғы бар өткізгіштің магнит өріс туралы білімдерін күнделікті өмірде, есептер шығаруда қолданады



Негізгі идеялар

Эрстед тәжірибесін жасау.

Электр тогы бар мыс өткізгіш орналасқанкеңістікте магнит тілгшені қозғалысқа келтіретін күштер болатынын тәжірибе нәтижесі көрсетті.



Бірдей бағыттағы ток өтетін екі параллель өткізгіш бірін-бірі тартады, ал қарсы бағыттағы ток өтетін өткізгіштер бірін-бірі тебеді.

Электр тогы өтетін өткізгіштер арасындағы мұндай өзара әрекеттесу магниттік өзара әрекеттесу деп аталады.



Магнит өрісі деп өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады.

Түзу сызықты токтың магнит өрісін табу және зерделеу үшін ұсқа темір ұнтақтарын пайдаланамыз.

Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің сызықтары немесе магнит өрісінің күш сызықтары деп аталады.





Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сыныбы: 8 Пәні: физика



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет