Ажимбетова Каламкас Байкеновна Оқу мен оқытудағы өз тәжірбиенізде енгізгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп Еңбек жолымды дәстүрлі сабақ



бет1/3
Дата02.02.2017
өлшемі0,49 Mb.
#8507
түріСабақ
  1   2   3
ШҚО Жарма ауданы

Шар қаласы

Т.Көбдіков атындағы орта мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі

Ажимбетова Каламкас Байкеновна
Оқу мен оқытудағы өз тәжірбиенізде енгізгендігі өзгеріс жайлы

рефлексивтік есеп
Еңбек жолымды дәстүрлі сабақ беруден бастағанмын. Сабақ беру барысында әрқашанда ойланып жүретінмін мұғалім көп оқып ізденеді, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, айтқан білімінің барлығын оқушылардың барлығы қабылдай бермейді. Бұдан шығу жолы қандай деп көп ойланатынмын. Сол себепті мұғалімдердің сабақтарына қатысып, іс-тәжірибе алмасып отыратынмын.

3-деңгей бағдарламасы оқытылып жатыр деген күннен бастап өзімде бір осы бағдарламаны білгім келіп асықтым. Өйткені, қазіргі жаһандану заманында бар білімімен шектеліп қалу мүмкін емес. Сондықтан да өзімде өмірде үздіксіз білім алу керек деген мақсат қойғанмын.

Педагогикалық шеберлік орталығында 3-деңгей бағдарламасы жайлы біздің трениріміз бізге жете түсіндіріп барлық мағлұматты айтты. Қолымызға мұғалімге арналған нұсқаулықты ашып оқығанда маған оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері бөлімінде өзім іздеген сұраққа жауапты алдым деп ойлаймын. Дәлелі мұғалімге арналған нұсқаулықта былай жазылған «Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды» деген.

Бағдарламаны оқуда әр модулді жеке дара оқып біліп түсіне бастадық. Әрбір жасаған жұмыстарымыз топқа бірігіп бірлесе орындаумен болды. Көптеген сұрақтарға бірлесе жауап іздедік. Бұдан түсінгенім топқа бірігу кезіндегі жұмыстың нәтижесі жүйелі болатынына көзім жетті. Сонымен қатар әр сабаққа рефлексивті есеп беру арқылы нәтижелігін көрсетті.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдынғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? Абайдың он бесінші қара сөзі бұған дәлме – дәл келеді.

Сондықтан мектептегі іс-тәжірбиемде осы тұстарды пайдаланамын деп ойладым. Күнделікті сабақ жоспарын құру кезінде бірнеше жыл бойы сабаққа мақсатты дұрыс қойып жүрмегеніме көзім жетті. Дәстүрлі сабаққа үш мақсат қойылады білімділік, дамытушылық, тәрбиелік сонда мен мақсатты жалпылама алып көптеген өзіме міндеттер алады екенмін. Қазіргі таңда қысқа мерзімді жоспар құрғанда оқушыға бағыттап сол қырық бес минутта қарастырылатын тақырып бойынша мақсат қоя бастадым.

Сондай – ақ қысқа мерзімді жоспар құруда сонымен оқушылардың жас ерекшеліктерін және жан дүниесін де оқытуға байланысты тақырып дайындауда да назар аударатын болдым. Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Үшінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық – 6 бет).

Қысқа мерзімді жоспарда мақсат пен күтілетін нәтижелерді анықтап алғаннан кейін маған жоспар құру жеңіл болды.

Тарих сабағы көбінесе оқушылардың сөйлеу мәдениеті және ойын жетік жеткізе алу керек. Қазіргі таңда мектебіміз қаншалықты қазақ тілді болғанымен оқушыларымыз орыс тілде ойланып, қысқа да нұсқа жауап береді. Сондықтан өзім сұрақты қоя біле үйрендім. Мысалы бұрынғы сабақтарда Тайпалар қай ғасырға жатады? Билеушісі кім? Қай территорияны қамтиды? Және т.б. Оқушылар бұл сұрақтарға тезара жауап береді болды сұрақтың мағынасы солай жабылады. Қазіргі таңда оқушыға бірінші сұрақ қою үшін өзім ойланып аламын. Мысалы: Қазіргі таңда маңызы қандай? Неліктен олай ойлайсын? Егер де бұл оқиға басқалай өрбісе не ойлар едің? Тағы сол сияқты сұрақтар қойылып оқушылар ойланып, пікірлесіп, ой тұжырымдары қалыптасады.

Сұрақты қоя отырып оқушы оны түсіне отырып жүйелі нақты жауап беру керек. Өзімнің сабақтарымда да осыны пайдаланып көрдім. Ойлап қарап отырсам өткен сабақатарымда сұрақтардың барлығы төмен дәрежеде екен. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық – 38 бет). Сабақта түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.


(Оқушы ойын жетік жеткізе алмады мен сұрақты басқа оқушыға бағыттадым).

Сабақта бұл тәсілдер өз нәтижесін берді. Бірінші сабағымда «Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетінде қосқан үлесі қандайa?» деп сұрақ қойдым. Бастапқы уақытта оқушы қысқа жауап берді, басқа ой білдіретін түрткі сұрақ қойғанымда оқушылардың жауабы кеңейе түсті, өз идеяларын дамытуға көмектескендей болып оқушылардың ойлары көбейе түсті, бір ойдан екінші ой туындай түсті. Жауап бере алмаған оқушыға А. ойын дамыта түсші деп басқаға бағыттай білдім.



Сонымен қатар топта жұмыс жасағанда ең бірінші ережеге бағына отырып жұмыс жасау керектігі және топта ролдер, жеке, жұппен жұмыс жасау әдістерінің маңыздылығын түсіне білдім. Әсіресе күрделі тақырыпты ашу мақсатында осы топпен жұмыс жасау тиімді болып отырды. Өйткені, орта мерзімде көрсетілген тараудың тақырыптары кітапта берілмеген. Маған тақырыптың барлығын басқа қосымша кітаптардан алып оқушыларға тақырып түсінікті болу үшін мәтінге барлық мәселелрді кірістіруге тырыстым бұл мәтіндер ауқымды болып шықты. Сондықтан топпен жұмыс жасағанда бұл мәтіндерді меңгерту тиімді болғандығы сондықтан. Оқушылар топта мәтінді жеке оқып алып, жұпта бірге талқылап, топта ой бөлісіп отырды.

(Топта жаңа тақырып бойынша мәтінмен танысуда).

Негізінен қандай жұмыс жасасанда ережеге бағынуды үйретіп отырса жұмыстың нәтижелігі көрінеді екен. Топпен жұмыс жасай отырып оқушы арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасумен қатар бір-бірімен диалогқа түсіп, пікір алыса отырып көптеген тақырып бойынша тұжырымдар, дәлелдемелер келтіріп, ой қорытата алады. Выготскийдің айтуы бойынша оқушылар өздерінің «жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық – 36 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет