КҮні: 01 наурыз 2021 жыл
Тобы: М-Л-19
Қайырлы күн, білім алушылар!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Рационал теңсіздіктерді шешу
Егер теңсіздікте бөлшек рационал өрнек (бөлімінде айнымалысы) бар болса, ол бөлшек-рационал теңсіздік деп аталады.
Рационал теңсіздіктер шешудің стандартты тәсілін қарастырайық. Бұл тәсіл берілген теңсіздікті көпмүше теңсіздігіне келтіруінде негізделген. Ендеше, рационал теңсіздігін қарастырайық f(x)>g(x), мұндағы f(x) және g(x) - рационал функциялар, яғни көпмүшелер қатынасы түрінде көрсетілетін функциялар. Рационал теңсіздіктің екі жағын сол жаққа көшіріп, оны екі көпмүше қатынасы түрінде көрсетейік
P(x)/Q(x)>0
Теңсіздіктің осындай түрін стандартты деп атаймыз).
Келесіні байқайық:
P(x)/Q(x)>0 ⇔P(x)⋅Q(x)>0, яғни екі көпмүшенің көбейтіндісі оң болса, сонда және тек қана сонда олардың қатынасы да оң болады.
P(x)/Q(x)<0 ⇔P(x)⋅Q(x)<0, яғни екі көпмүшенің көбейтіндісі теріс болса, сонда және тек қана сонда олардың қатынасы да теріс болады.
Сонымен,
P(x)/Q(x)>0 ⇔P(x)⋅Q(x)>0,
P(x)/Q(x)<0⇔P(x)⋅Q(x)<0.
Рационал теңсіздіктерді шығарғанда, бөлшек бөліміндегі өрнекті ескеру керек.
Рационал теңсіздіктерді шығарудың алгоритмі :
1) теңсіздік құрамындағы барлық өрнектерді оның бір жақ бөлігіне шығару керек;
2) шыққан қосылғыштарды ортақ бөлімге келтіріп, оны бір бөлшек түрінде жазу керек;
3) бөлшектің алымын да, бөлімін де жай көбейткіштерге жіктеп жазу керек;
4) сан осін салып, аралықтар тәсілін қолдану керек;
5) есеп жауабын жазу керек.
Үй тапсырмасы:
1. Е. С. Кочетков Алгебра және элементар функциялар
2.Собалақов Математика тарихы
3.Мектеп математика, оқулығы, әдістемесі,
4. Математикалық журналдар «Математика және физика» , «Квант»
5. Ә.Бидосов. Математиканы оқыту методикасы. Алматы, 1989
6. А.Әбілқасымова Математиканы оқытудың теориясы меен әдістемесі. Алматы, 2005
Техникалық құралдар, материалдар: www.nismath.org, www.bilimland.kz, https://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/1130.pdf
https://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/391.pdf сайтынан қазақша кітаптардан қараңыз
Құрметті, студент!
Лекция материалдары және ұсынылған сілтемелердегі ақпаратпен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындап, жауаптарыңызды жүктеңіз
Рахмет! Жауабыңызды күтемін0>
Достарыңызбен бөлісу: |