Қайырлы таң, білім алушы! Тобы: дз-19



бет3/3
Дата12.06.2020
өлшемі166,33 Kb.
#73227
1   2   3
Байланысты:
766 6958 74548

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау.

Құрал-жабдықтар: жазық параллель пластина, ағылшын түйреуіші -4 дана, өлшеуіш сызғыш, ақ қағаз; шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағаш сымдар, саңылау бар экран, транспортир.

Жұмысытң теориясы.

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылыс бақыланады. Мұның себебі - әр түрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болады. Сыну заңы бойынша:

n=sinα/sinβ

Жұмыстың барысы:

1. Электр шамын кілт арқылы батаеяға қосып, тізбек құрыңдар.

2. Шамның алдына саңылау бар экранда орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.

3. Кілт арқылы тізбекті қосыңдар да, қағаз бетіне жіңішке жарық жолағын алыңдар.



4. Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.

5. Пластинаның пішінін қағазға салып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан Ғ шығу нүктесін белігдеңдер.

6. Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинадан алыңдар.

7. А мен В, В мен Ғ нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.

8. Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.

9. Шынының сыну көрсеткішін (1) формула бойынша есептеңдер.

10. Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаңдар және нәтижелерді салыстырыңдар.

11. Тәжірибелерді жарық көзінсіз, ағылшын түйреуіштерін пайдаланып жасаңдар.


ТАПСЫРМА

Сұрақтарға жауап жазыңыз

 

1. Сыну көрсеткішінің физикалық мәні неде?



2. Абсолюттік және салыстырмалы сыну көрсеткіштерінің өзара байланысының өрнегі;

3. Толық ішкі шағылу  қандай жағдайда болуы мүмкін?

4. Жарықтың толық ішкі шағылуының шекті бұрышының шартын жаз;

5. Егер ортаның абсолют сыну көрсеткіші 1,5 болса, онда бұл ортадағы жарық жылдамдығы қандай?

6. Жарықтың оптикалық және геометриялық жол ұзыныдығы дегеніміз не және олар бір-бірімен қалай байланысты?

8. Жарықтану және жарық көзінің ашықтығы (яркость) дегеніміз не?



Қосымша ресурстар

  1. Білімленд цифрлы білім ресурсы. 11 сынып физика. Оптика Жарықтың сынуы

  2. http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2015/Fizika/Bimbetova%20i%20dr/Teory/1.1.htm

  3. https://infourok.ru/shinini-sinu-krsetkishin-anitau-zerthanali-zhmis-630532.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет