«Айнымалы ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тапсырма: Айнымалы ток пен тұрақты ток арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсіндіріңіз______________________________[2]
Катушканың индуктивтiлiгi 100 мГн, катушка қосылған әсерлi кернеу 120 В, ток жиiлiгi 1.2 кГц. Тiзбектегi токтың амплитудалық мәнiн табыңыз. [2]
Индуктивтігі 30 мГн идеал индуктивті катушканы кернеуінің амплитудасы 50 В айнымалы токка қосқанда индуктивті кедергісі 5 Ом болса, катушкадағы магнит өрісі энергиясының ең үлкен мәні? [3]
Айнымалы ток тізбегіне сыйымдылығы 60 мкФ конденсатор, индуктивтігі 500 мГн катушка және кедергісі 12 Ом резистор тізбектей қосылған. Тізбектің толық кедергісін анықтаңыз. Айнымалы ток жиілігі 50 Гц. [4]
Егер тербелмелі контурдың индуктивтілігін 25 есе азайтып, ал сыйымдылығын 10 есе арттыратын болса, контурдағы меншікті тербелістер жиілігі? [2]
Синусоидалы кернеу мен тоқ былай өзгеріп отыр: u = Um sin (ωt + 20º), i = Im sin (ωt - 10º). Тоқ пен кернеудің фазалық ығысуын табыңдар ? [1]