Айнымалы ток тізбегі: активтік, индуктивтік және сыйымдылықты кедергілер



бет2/3
Дата16.09.2022
өлшемі222,66 Kb.
#149653
1   2   3
Байланысты:
Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Индуктивтілігі бар ТІЗБЕК. Айнымалы тоқтың электр машиналары, трансформаторлар, электромагниттер, реле, контакторлардың орамалары (катушкалары) бар. Кез-келген катушканың қандай да индуктивтілігі L, кедергісі R R жəне сыйымдылығы C бар. Кейбір жағдайларда R жəне С параметрлері елеусіз жəне электр тізбегіндегі физикалық процестерге айтарлықтай əсер етпейді.
Осындай катушкалар тек индуктивтілікті ғана ескеретін мінсіз катушкаға жақын (2-cурет, а-сурет).
Индуктивтілігі бар тізбекте кернеу тоқтан фаза бойынша 90° бұрышқа алға жүреді. Индуктивтілігі бар тізбек үшін векторлық диаграмма 2, б, В- суретте көрсетілген:

𝐼 = 𝑈𝐿 /𝜔𝐿 (3)



2 -сурет. Индуктивтілігі бар электр тізбегі
а — схема; б — тоқ пен кернеудің уақыт диаграммасы; в векторлық диаграмма

(3)- формула Ом формуласына ұқсас жəне айнымалы тоқ пен кернеудің ағымдағы мəндері үшін құрастырылған. X L индуктивті кедергі реактивті кедергі деп аталады (X L ДЕП БЕЛГІЛЕНЕДІ), жəне келесі формула бойынша есептеледі


X L = ωL = 2πL. (4)


2.1-мысал Кернеуі UL = 120 В жəне жиілігі f = 50 Гц ағымдағы мəндері бар желіге индуктивтілігі L = 0,127 Гц жəне елеусіз азғантай кедергісі бар катушка кіргізілген. Катушка тоғын I анықтау.
Ш е ш і м і . Катушканың индуктивті кедергісі XL = ωL = 2 π fL = 2 • 3,14 • 50 • 0,127 = 40 Ом. Катушка тоғы I = UL/ X L=120/40=3 À

Индуктивтілігі бар тізбек энергияны біресе тұтынады, біресе оны сол мөлшерде шығарады. Айнымалы тоқтың бір кезеңі ішіндегі қуаттың орташа мəні нөлге тең. Катушка арқылы реактивті тоқ деп аталатын айнымалы тоқ өтеді. Реактивті тоқтар электр тасымалдау желісін жəне электр генераторын пайдасыз жүктейді, бұл генераторлық белгіленген қуатының толық пайдаланылмауына жəне жалғағыш сымдардағы энергия шығынының ұлғаюына əкеледі. Сондықтан осындай қабылдағыштарды айнымалы тоқ желісіне қосу қажет емес.


Индуктивтілігі бар тізбектегі қуаттың максимал мəні реактивті қуат деп аталады жəне QL деп белгіленеді. Реактивті қуат неғұрлым үлкен болса, бірлік уақыт ішінде электр энергиясы көзінен катушкаға дейін жəне кері қарай энергия көп мөлшерде жіберіледі. Реактивті қуат
QL = ULI = I2XL (5)
Реактивті қуаттың бірлігі реактивті вольт-ампер (вар) болып табылады. Реактивті қуаттың одан ірі бірлігі реактивті киловольт-ампер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет