Сыйымдылығы БАР тізбек. 3, а-суретте электр тізбегіне С сыйымдылығы бар конденсатор қосылған. Конденсатордың активті кедергісі мен индуктивтілігі аз болғаны сонша, оларды ескермейді. Оған синусоидалық кернеуді əкелеміз.
Сыйымдылығы бар тізбекте тоқ кернеуді фаза бойынша 90° бұрышқа озады (3, б-сурет). Сыйымдылығы бар тізбек үшін векторлық диаграмма 3, В-суретте көрсетілген:
I = UC/XC (6)
(6) формула тоқ пен кернеудің арасындағы қатынасты көрсетеді жəне сондықтан сыйымдылығы бар тізбек үшін Ом заңы деп шартты аталады.
Мəні кедергімен өлшемдес болады (Ом) 1/ωC жəне реактивті кедергі деп аталады (Хс деп белгіленеді):
XC=1/ωC=1/ 2πfC (7)
мұндағы ω — бұрыштық жиілік, рад/с; С — конденсатор сыйымдылығы, Ф.
Жиілік ұлғайған сайын сыйымдылықты кедергі де азаяды. Тізбектегі қуаттың амплитудалық мəні реактивті қуат Qc деп аталады. Ол генератор мен сыйымдылығы бар тізбек араындағы энергия алмасу жылдамдығын сипаттайды:
Qc = Ucl = I2 Х С .
2.2-мысал. Сыйымдылығы С = 63,7 мкФ конденсаторға жилігі f = 50 Гц кернеу U = 100 В салынған. Конденсатордың тоғы мен реактивті қуатының ағымдағы мəнін анықтау.
Ш е ш і м і . С ы й ы м д ы л ы қ т ы к е д е р г і X C =1/2πfC
=106 /2 * 3,14 * 50* 63, 7≈ 50 Ом.
Тоқ I= UC/XC= 100/ 50=2 A.
Реактивті қуат
QC = UCI = 100 • 2 = 200 вар.
3 -сурет. Сыйымдылығы бар электр тізбегі:
а — схема; б — тоқ пен кернеудің уақыт диаграммасы; в — векторлық диаграмма
Достарыңызбен бөлісу: |