І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Студенттердің және аудиторияның сабақ өткізуге дайындығын тексеру.Сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын ояту. (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасы, өткен тақырыпты қайталау.
2.1
«Ой ширату» Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру. (8-мин)
2.2 «Презентация» Слайдтар арқылы топтар ұйымды немесе мекемені салтанатты жағдайда, жұртшылық алдына ұсыну(25 мин)
2.3 «Жарнаманың кемшілігі» Проекторда қала көшелерінде ілінген жарнамалардың қателері көрсетіледі.(3мин)
2.4 «Жарнамалық көрініс» Әр топ өткізуді ынталандыру мақсатында жарнаманы көрініс түрінде көрсетеді. (15 мин)
2.5 «Жарнама құрастыру ойыны» (20 мин)
III. Білімді пысықтау, бекіту. «Шығу парағы»- сабақ аяғында студенттер бірнеше сұраққа жазбаша жауап береді. Ол сұрақтар (немесе тапсырмалар) сабақты қорытындылап, студенттің алған білімін сабақтың қалай өткендігін бағалайды.(5 мин)
IV. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру
Сабақтың қортындысы бойынша студенттерді бағалау.
Үйге тапсырма: «Қазақстандық өнімдерге қаншалықты деңгейде жарнама қажет» 3-5 беттік эссе келесі сабақта өткізу тапсырылады.(2 мин)
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Студенттердің және аудиторияның сабақ өткізуге дайындығын тексеру. Сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасы, өткен тақырыпты қайталау.
2.1 «Ой ширату» Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.