Академиялық мақсаттағы латын (қазақ) әліпбиі пәні 11-апта тапсырмасы



Дата29.08.2022
өлшемі17,73 Kb.
#148308
Байланысты:
Академиялық адалдық


Академиялық мақсаттағы латын (қазақ) әліпбиі пәні
11-апта тапсырмасы: «Академиялық адалдық» тақырыбына эссе жазу.

Академиялық адалдық


Академиялық адалдық – бұл шындық, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек. Әрбір оқу орны студенттер мен педагогтарға өз қызметінде салмақты моральдық және этикалық шешімдер қабылдауға көмектесетін өзінің академиялық ережелері мен адалдық нормаларын белгілейді.
Академиялық адалдық дегеніміз – жазба жұмыстарын (бақылау, курстық жұмыс, эссе, дипломдық, диссертациялық жұмыстар) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын, пікірін білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы. Академиялық адалдық принциптеріне адалық, автордың құқығын қорғауы, сондай-ақ, ізденушілердің құқықтарының қорғалуы және теңдігі кіреді. Академиялық адалдықтың бұзылуына жол бергені үшін білім алушылар мен ПОҚ, университет қызметкерлері жауап береді. Академиялық адалдық шараларын бұзу шараларына плагиат, тапсырмаларды өз бетімен орындамау, емтихандағы әділетсіздік, жалғандық жасау, басқа пән бойынша баға алу үшін бір оқу пәнін меңгеру кезінде пайдаланылған материалдарды қолдану, жалғандық жасау, деректерге фабрикация жасау, оқытушылардың немесе ізденушілердің материалды іздеу барысында оларға қасақана әрекет жасауы, пара, сыйлықтар немесе қысым көрсету, академиялық мінез-құлықтың басқа да үйлесімсіз әрекеттері жатады.
Әрбір академиялық адалдық шараларын бұзушылық әрекеттеріне жеке тоқталып көрсек:

  1. Академиялық жалғандықтың ең көп кездесетін көрінісі – плагиат. Алғаш рет «плагиат» термині б.з. 80-ші жылдарында Рим ақыны Мартиаль өз шығармаларын оқып, оларды өзінің шығармасы деп ұсынған ақын Фединтинусты әшкерелеген. Мартиаль Фединтинусты «плагиат», шын мәнінде – «ұры» деп атаған. Плагиат – бөтен мәтінді, идеяларды, шынайы авторлықты көрсетпестен өзінің жеке жұмысы ретінде пайдалану (дереккөздерге сілтеме жасамай) немесе орындалған жұмыстың дербестігіне күмән келтіретіндей түрде және көлемде сілтемелері бар шеттен алынған материалдарды пайдалану. Сілтемелерді бұрмалау да плагиаттың түрі ретінде қарастырылады;

  2. Тапсырмаларды өз бетімен орындамау – бөгде тұлғаның немесе тұлғалардың жәрдемдесуін пайдалану, ондай кезде орындалған тапсырманың дербестілігі мен бірегейлігі жоғалады, бұл осы білім алушыдан күтетін оқу нәтижелерінің қалыптасуын бағалауға мүмкіндік бермейді;

  3. Емтихандағы әділетсіздік – емтихан тапсыру кезінде кез келген рұқсат етілмеген көмекші құралдарды пайдалану/беру (электрондық, қағаз немесе кез келген басқа тасымалдағыштардағы ақпарат), білім алушылардың коммуникацияның кез келген нысандарының көмегімен (ауызша, жазбаша, электрондық немесе кез келген басқа түрдегі) ақпаратты бір-біріне пайдалануы/беруі, басқаның жұмысынан көшіру, емтихан нәтижелерін жақсарту мақсатында көмек алу/көрсету, емтихан сұрақтары мен тапсырмаларына рұқсат етілмейтін қолжетімділікті алу/беру, қалаған бағаны алу мақсатында емтихан жұмысы туралы мәліметтерді емтихан комиссиясының мүшелеріне беру және нақты білім алушыда қалыптасқан нақты оқу нәтижелерін объективті бағалауға кедергі жасау мақсатындағы кез келген басқа да әрекеттер;

  1. Жалғандық жасау – басқа адамнан немесе ұйымнан өз жұмысы ретінде алынған не сатып алынған дайын бөтен жұмысты ұсыну, сондай-ақ оның негізінде оқыту нәтижелерін бағалау жүзеге асырылатын материал ретінде өз жұмысын басқа адамға саналы түрде беру. Емтихан кезінде емтиханнан өтетін білім алушының орнына жалған адамның болуы да жалғандық жасау болып саналады;



  1. Деректерге фабрикация жасау – оқу немесе ғылыми жұмыста кез келген ақпаратты немесе дәйексөзді пайдалану кезінде бұрмалау, жалған айту яки ойдан шығару. Ойдан шығарылған дереккөздерді, қисынсыз сәйкеспейтін дәйексөздерді, сандық немесе өзге де деректерді қолдан жасауды және т. б. қамтиды;



  1. Басқа тұлғалардың (білім алушылардың немесе оқытушылардың) академиялық қызметіне қасақана қарсы іс-қимыл – басқа адамдардың қажетті ресурстарға немесе дереккөздерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін не олардың табысты қызметіне тікелей залал келтіретін іс-әрекеттер. Оған зертханалық эксперименттер мен зерттеулерге орынсыз араласу, жалған ақпарат беру, бірлескен жобаларды қоса алғанда, оқу/жұмыс бойынша әріптестерді саналы түрде жаңылыстыруға әкелу, топтық жұмысқа кедергі жасау, кітапхана ресурстарына қол жеткізуді шектеу, компьютерлік файлдарды өзгерту немесе жою және т. б. жатады;



  1. Пара, сыйлықтар немесе қысым көрсету – білім алушыларға, оқытушыларға және қызметкерлерге осылай ықпал етудің кез келген түрін кез келген академиялық қызметті бағалау нәтижелеріне ықпал ету мақсатында кез келген нысанда пайдалануға тыйым салынады;




  1. Академиялық мінез-құлықтың үйлесімсіз басқа да түрлері – тәртіптілік, адалдық, өнегелілік, ашықтық және құрмет қағидаттарына қайшы келетін және академиялық қызметте алдау, бұрмалау және басқа адамның құқықтарының бұзылуы ретінде бағаланатын мінез-құлықтың кез келген басқа түрлері.

Әрбір оқу орнында академиялық адалдық саясатын бұзудың салдарын реттейтін нормативтік құжаттар бар (мысалы, санкциялардың түрлері, санкциялардың ауырлығы және т.б.). Мәселен, Назарбаев Университетінде академиялық бұзушылықтар мен тәртіптік рәсімдерді реттейтін «Студенттердің мінез-құлық кодексі» жұмыс істейді, тәртіп бұзушылықтар кезінде мәселелерді тиімді шешу тетіктері мен қолданылатын шаралар қарастырылады. Бұл ретте негізгі басымдық – студенттердің конституциялық және заңды құқықтары мен академиялық еркіндік қағидаттарын қатаң сақтау болып табылады.
Академиялық құқық бұзушылықтар студенттердің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді және жалпы білім беру ортасының сапасын төмендетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет