Академиясы


) Иллюстрациялы материалдар



бет2/7
Дата31.01.2018
өлшемі1,49 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 21, видеоролик – Ақылдылар мен мықтылар дәруменді нанға ұмтылар.

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазакстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Адам ағзасында дәрумендер қандай қызмет атқарады?

  2. Дәрумен жетіспеушілік дегеніміз не?

  3. Дәрумендер қалай жіктеледі?

  4. Дәрумендерге деген қажеттілік қандай факторларға байланысты?

5
1) Тақырыбы: Тамақтануда минералды заттардың проблемасының гигиеналық аспектілері.

  1. Мақсаты: Студенттерді минералды заттардың физиологиялық маңызымен және жіктелуімен таныстыру.


3) Дәріс тезистері: Жаңаша зерттеулер минералдық заттардың тіршілік үшін маңызды екендігін және биологиялық белсенді заттар – биомикроэлементтердің үлкен топтарын бөліп қарастыруға болатын биологиялық әсерінің жаңа жақтарын айқындады.

Тамақтанудың қажетті құрамдық бөлігі болып табылатын минералдық заттарды зерттеу эпидемиялық аурулардың: эндемиялық жемсау, флюороз, тіс жегісі, стронцийлі мешел қатарларын қысқартылуын және таралуын ескертумен тығыз байланысты.

Минералдық элементтердің физиологиялық маңызы негізінен олардың қатысуымен анықталады:

1)пластикалық үдерістерде және ағза тіндерінің құрамында, әсіресе сүйек тінінде фосфор мен кальций негізгі құрылымдық компоненттер болып табылады;

2)ағзадағы қышқылды – сілтілі тепе-теңдікті сақтау;

3)қандағы тұздың құрамын бір қалыпты ұстап тұру және оның элементтерінің формалық құрылымына қатысу.

4)сулы – тұзды алмасуды қалыптандыру.

Минералды заттар біздің ағзамызға кіретін басқа заттар сияқты, шығындалады, бұл шығындардың өлшемдері бірқатар себептерге, мысалы, қызмет түріне, жұмыс жағдайына, ағзының күйіне байланысты. Егер де адамның тағамы әр алуан болатын болса, ондағы барлық қажетті микроэлементтер жеткілікті мөлшерде болатын еді. Адам үшін қажетті көптеген минералдық заттардың маңызы мен мөлшері толығымен зерттелмеген. Кальций мен фосфор тұздарының сүйек жүйесінің басты құрамдық бөліктері болып табылатын белгілі, фосфор жүйке және басқа да тіндердің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта жүрек бұлшық еті мен жалпы алғанда барлық бұлшықет жүйесінің дұрыс жұмыс жасауы үшін кальций мен магний тұздарының орны ерекше. Темір тұздары қанның бояушы затының құрамына кіреді де, оттегінің тіндерге тасымалдануына себеп болады, ал мыс тұздарының қанның жасалуындағы ролі ерекше.

Ағза үшін көпшіліктің оны тек дәм беруші зат деп санап кеткен кәдімгі ас тұзының маңызы ерекше. Шын мәніне келгенде, тамақта ас тұзының болмауы немесе ағзаның артық мөлшерде қабылдауы салмақты бұзылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ғылыми зерттеулер дәлелденгендей, егер ағза ұзақ уақыт көлемінде ас тұзын қабылдамаған болса, бас айналу, естен тану, жүрек қызметінің бұзылыстары болады. Тұзды артық мөлшерде қабылдау жүрек қантамыр жүйесіне, бүйрек пен басқа да мүшелер жұмысына әсерін тигізбей қоймайды.

Ағзаның минералды заттарды пайдалануы, олардың ішек қабырғалары арқылы сіңірілуі, біраз мөлшерде шығарылатын өнімдерге байланысты. Кальций көздері сүт, сүтқышқылды өнімдер, сүт сарысуы, сыр.

Фосфор ағзаға жануар және өсімдік текті өнімдермен түседі, ішекте жақсы сңіріледі. Жануар текті өнімдерден алынған фосфорлы қосылыстар, бауыр, ми, ет, сыр, жұмыртқа жақсы қолданыста және жүйке жүйесіне, әсіресе ой жұмысымен қызу жұмыс жасағанда қолайлы әсерін тигізеді.

Магнийдің де ағза үшін рөлі үлкен. Ол жүрек қызметіне, сүйек жүйесі жағдайына әсер етеді. Магний тұздары көздеріне қара нан, жарма жатады. Егер қара нан аз қолданылатын болса, яғни бидай нанының ең жоғары сорты пайдаланылатын болса, онда адамдарға жүргізілген зерттеулер көрсеткендей магний ағзада азаяды. Осы өнімдерді – қара нан, жарманы көп пайдаланғанда, тағамда сүт және өнімдерінің жетімсіздігі кезінде ағза кальцийді жоғалтады, бұл сүйек жүйесінің зақымдануын болдыруы мүмкін.

Жоғарыда ағза үшін ас тұзының маңызы көрсетілген болатын. Осылармен қатар, бүйрек арқылы судың шығарылуына жоғары қан қысымы мен жүрек әлсіздігі кезінде маңызды су мөлшерінің реттелуіне себепкер болатын калий тұздарының рөлін атап көрсету қажет. Калийге бай көздерге түрлі көкөністер, мысалы, қырыққабат, картоп жатады. Натрий тұздары жануар текті өнімдерде болады, әдетке байланысты натрий ас тұзы түрінде түрлі мөлшерде енгізіледі.


4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 12, видеоролик – Ақылдылар мен мықтылар дәруменді нанға ұмтылар.

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Минералдық элементтердің физиологиялық маңызы қандай?

  2. Минералдық элементтер қалай жіктеледі?

  3. Фосфор мен кальцийдің ағза үшін маңызы қандай?

  4. Ағзадағы ас тұзының маңызы қандай?

  5. Адам ағзасында калий, магний, мыс, йод қандай рөл атқарады?

6




  1. Тақырыбы: Ұтымды тамақтану және оны ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.


2) Мақсаты: Студенттерді жеке тағамдық заттар мен ағзаның энергияға деген қажеттілігін тағам рационының құрамына байланыстылығымен таныстыру.

3) Дәріс тезистері: В.П.Петленконың (1996) анықтамасы бойынша физиологиялық тұрғыдан ұтымды тамақтану дегеніміз - жынысын, жасын, еңбек және этникалық жағдайын, аймақтық және генетикалық факторды ескере отырып тамақтануы. Ол денсаулықты, жүйкелік және физикалық еңбекке қабілеттілік пен қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұра білу қабілетінің жоғарылауына, белсенді өмір сүруге және жасының ұзақ болуына жағдай жасайды.

Сәйкестендірілген тамақтануда тағамдық және биологиялық белсенді заттар тиімді қатынаста болып, ағзада өзінің пайдалы биологиялық әсерін максимальды түрде көрсете алады.

Адамның жасына, жынысына, денсаулық жағдайы мен кәсібіне байланыссыз ұтымды тамақтануды ұйымдастырудың ғылыми негізінде гі жалпы физиолого – гигиеналық талаптарға:


  1. Тағамдық рацион бойынша – тағамның энергиялық құндылығы мен сапалық құрамы, тағамдық заттардың сәйкестендірілуі, сіңірілуі, органо лептикалық қасиеті мен оның әртүрлілігі, астың құрылымы мен әртүрлі тағамдық азық – түліктердің үндестігі, санитарлық - эпидемиологиялық тұрғыдан мінсіздігі жатады.

  2. Тамақтану тәртібі – тағам ішудің уақыты мен ұзақтығы, олардың аралығы, тамақ ішудің кезегі мен тағам ішуге байланысты рационды бөлу.

  3. Тағам ішуге жағдай жасау – ас бөлмесінің интерьері, столдың безендірілуі, микроклиматты қадағалау.

Тағамдық азық – түліктің биологиялық, энергетикалық және тағамдық құндылығы ондағы ақуыз, май, көмірсу, минералды элементтер мен дәрумендердің, органикалық қышқылдардың, дәмдік ароматтық заттардың мөлшеріне байланысты; тағамдық азық – түліктердегі ақуыз компонент терінің мөлшері аминқышқылдарының құрамы мен ақуыздың қорытылуына байланысты. Энергия құндылығы тағамдық заттардың биологиялық тотығу үдерісінде босатылатын энергия мөлшерімен сипатталады және ағзаның физиологиялық қызметін қамтамасыз етуге пайдаланылады.

Азық – түліктің тағамдық құндылығы қоршаған орта мен ағза жағдайының үйлесімді болуымен бағаланады.

Ағзадағы зат алмасу мен физиологиялық қызметтің өзгеруіне байланысты адамның тамақтануы өмірінің әр кезеңінде айтарлықтай өзгеріп отырады. Балалардың тағамдық заттар мен энергияға деген қажеттілігі олардың дене салмағына байланысты, ал ол өз кезегінде баланың жасына байланысты. Ақуыз, май, көмірсу мен энергияға деген қажеттілік егде адамдарда біршама азаяды. Егер 30 – 40 жастағылардың тәуліктік рационының калориясын 100% деп алсақ, 41 – 50 жастағылар үшін оны 90%-ға дейін, 51 – 60 жастағылар үшін 80%-ға дейін, 61 – 70 жастағылар үшін 70%-ға дейін, ал одан үлкендер үшін 60%-ға дейін азайту қажет.

Табиғатта адамға қажетті компоненттері толығымен бар азық – түлік кездеспейді. Тек әртүрлі тағамдарды пайдалану арқылы біз ағзаға қажетті тағамдық заттарды, әсіресе дәрумендер мен микроэлементтерді ала аламыз. Әрдайым бір тамақты жей берсек, адам ағзасында оған деген қорғаныштық реакция пайда болады – яғни тамаққа тәбетіміз төмендейді, керісінше, түрлі тамақ жесек - тамаққа деген тәбетіміз артып, асқазан сөлі көбірек бөлінеді, тағамның сіңірілуі артады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда тағам әртүрлі болғаны жөн.

Адам әрдайым белгілі бір уақытта және ретті түрде (регулярный) тамақтануы қажет. Тамақтану тәртібіне байланысты адам ағзасында тағамды қабылдауға және астың дұрыс қорытылуына әсерін тигізетін шартты рефлекстердің маңызы өте зор. Дені сау адам тәулігіне 3 немесе 4 рет тамақтануы қажет, ол калориялық тұрғыдан төмендегідей тәртіппен бөлінгені жөн: таңғы ас - 30%, түскі ас - 40%, бесіндік ас - 10%, кешкі ас 20%.

Тиімді тамақтану барысында адам ағзасына тәулігіне 1,5 тен 3 мың ккал дейін (немесе 6,4-тен 12,5 мың кДж) жалпы энергия қажет. Ол тағамның әртүрлі компоненттері есебінен алынады.

Тағам компоненттері – ағзаға қажетті құрылыс материалдары мен энергия көзі ғана емес, адам ағзасын қоршаған ортаға бейімдейтін маңызды факторлардың бірі. Тірі ағза – қоршаған ортаның тітіркендіргіштеріне аз материалдық, энергетикалық, ақпараттық шығындармен жауап бере алатын салыстырмалы түрде тұрақты, сонымен бірге пластикалық жүйе. Біртүрлі тітіркендіргіштердің бірнеше рет қайта – қайта әсер етуіне, мысалы төменгі температураның әсеріне – ағза бейімделеді, яғни ішкі мүшелерде, жасушалар мен тіпті молекулалық деңгейде қайта құру үдерістері байқалады. Егер кейбір азық – түліктерді пайдалану барысы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тапса, ағза ондай тамақтану түріне бейімделеді. Ағзада өзіне тән зат алмасу үрдісі, соған сәйкес ферменттер мен изоферменттер түрі, асқазан – ішек трактысының микрофлорасы қалыптасады. Бір сөзбен айтқанда, адам ағзасы тамақтанудың осы түріне бейімделеді.

Адам өмір сүру барысында тағамдық ресурстардың түріне, өзінің эстетикалық талғамына, ең маңыздысы климаттық жағдайды ескере отырып өзіне қажетті азық-түліктерді таңдайды. Жер бетін мекендейтін барлық халықтардың ұлттық тағамы осыған байланысты қалыптасқан. Ұлттық тағам – киім, еңбек құралы тәріздес адамның қоршаған ортаға бейімделуінің бір элементі. Егер адам киім мен еңбек құралын өзінен кейінгі ұрпағына қарым – қатынас барысында ұсынатын болса, ағзаның кейбір климаттық жағдайға бейімделуі мен тамақтану барысы генетикалық тұрғыдан адамның тілегіне байланыссыз ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырады, ал онымен санаспау мүмкін емес. Халық диетологиясында бірінші орында тағамның биологиялық құндылығы, ең қиын жағдайларда адамның денсаулығын сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларға ағзаның қарсы тұра білу қабілетін арттыру қабілеті ескерілген.


4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 20

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Тиімді тамақтану дегеніміз не?

  2. Тиімді тамақтануға қойылатын талаптар қандай?

  3. Үйлестірілген тағам дегеніміз не?

  4. Үйлестірілген тағамның негізгі қағидалары қандай?

7


1) Тақырыбы: Тамақтанудың энергиялық тепе – теңдігі.

  1. Мақсаты: Энергия шығынының түрлерімен және оларды анықтау әдістерімен таныстыру.

3) Дәріс тезистері: Адамның энергия шығынын келесі түрлерге бөледі:

  1. Адамның еркімен реттелмейтін энергия шығыны;

  2. Реттелетін энергия шығыны.

Реттелмейтін энергия шығынына негізгі зат алмасу мен тағамның арнайы – динамикалық әсеріне қажетті энергия жатады.

Негізгі зат алмасуға қажетті энергия ағзаның негізгі жүйелерінің қызметін қамтамасыз етуге, яғни жүректің жұмысы мен қан айналымға дем алу мен өкпенің жұмысына, экскреторлық қызмет пен бүйректің жұмысына, секреторлық қызмет пен эндокринді жүйенің жұмысына, дене температурасын қалыпты жағдайда ұстауға, бұлшық ет тонусын қамтамасыз етуге және ағзаның басқа да қызметтері үшін жұмсалады. Негізгі зат алмасудың энергия көлемін бұлшық ет және жүйке жүйесінің тынығуы кезінде адамды ыңғайлы жағдайда жатқызып, ыңғайлы температурада (200С) және адам аш кезінде (соңғы тамақ зерттеуден 14-16 сағат бұрын) анықтайды.

Негізгі зат алмасудың энергия шығыны әр адам үшін жеке және тұрақты көрсеткіш болып табылады. Ол орташа салмақтағы (70кг) ер адамдар үшін 7112,8 кДж (1700ккал), ал орташа салмақтағы (55кг) әйелдер үшін 5857,6 кДж (1400ккал). Негізгі зат алмасуға қажетті энергия көптеген факторларға байланысты, ол ағзаның жағдайы мен сыртқы ортаға да байланысты.

Негізгі зат алмасуға қажетті энергия ОЖЖ-нің жағдайына да байланысты. Күйзеліс, дененің қызуымен байланысты ауытқулар негізгі зат алмасуды жоғарлатады. Эндокриндік жүйелер қызметінің жоғарлауы негізгі зат алмасуға елеулі ықпал етеді.

Негізгі зат алмасу адамның жасына және жынысына байланысты. Әйелдерде негізгі зат алмасу ерлерге қарағанда 5-10 пайызға төмен. Балаларда ересектерге қарағанда 15 пайызға жоғары, баланың жасы кіші болған сайын, негізгі зат алмасу да жоғарылай түседі. Қарттарда, керісінше, негізгі зат алмасу жастармен салыстырғанда 10-15 пайызға төмен.

Тағамның арнайы-динамикалық әсері. Тамақ ішкен сайын энергия шығыны да жоғарылайды, ол ағзадағы тағамдық заттардың өзгеруі мен тотығу үдерістерінің күшеюіне байланысты. Тағам қабылдағанда энергия шығынының жоғарылауы негізгі зат алмасудың да жоғарлауына әкеледі. Сондықтан энергия шығынын есептеген кезде негізгі зат алмасудың көрсеткіштеріне (ерлер үшін 7112,80 кДж немесе 1700 ккал; әйелдер үшін 5857,6 кДж немесе 1400 ккал) 10 пайыз энергия қосу керек. Негізгі зат алмасудың мейлінше жоғарғы көрсеткіштері 30-40 пайыз ақуызы мен тағамдарды пайдаланғанда байқалады. Майлы тағамдарда негізгі зат алмасу 4-14 пайызға, көмірсуда 4-7 пайызға жоғарлайды.

Реттелетін энергия шығынына еңбек ету, тұрмыста, спортпен шұғылданғанда және т.б. жұмыстар атқарғандағы энергия шығыны жатады. Адамның ерік-жігері мен жағдайына байланысты реттелетін энергия шығыны жоғарылап немесе төмендеп отырады.

Еңбек ету барысында жұмсалатын энергия шығыны өндіріс үдерістерін атқаруға қажетті бұлшық ет және дене еңбегінің көлемі мен сипатымен анықталады. Өндірісте физикалық жағдайды қажет ететін қол еңбегінің мөлшері артқан сайын, энергия шығыны да жоғарлайды. Сондықтан да әртүрлі кәсіби топтардың энергия шығынын анықтау барысында физикалық еңбектің көлемін білудің маңызы зор.

Қазіргі кезде еңбек үрдістерінің механикаландыру мен автоматтандырылуына байланысты еңбек ету барысында жұмсалатын энергия күрт қысқарды.

Энергия шығынын анықтау үшін зертханалық және есептеу әдістері қолданылады. Зертханалық әдістерден тура немесе тура емес калориметрия әдістері қолданылады. Хронометраж әдісі – кең таралған әдістердің бірі, ол арқылы бақылаудағы адамның әрбір іс әрекетімен оған кеткен уақытын дәл есептеуге болады.
4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 15

5) Әдебиет:
1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.



6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Адамның энергия шығынын қандай топтарға бөлуге болады?

  2. Реттелмейтін энергия шығыны дегеніміз не?

  3. Негізгі зат алмасу дегеніміз не?

  4. Негізгі зат алмасуға қажетті энергия неге байланысты?

  5. Тағамның арнайы динамикалық әсері дегеніміз не?

  6. Реттелетін энергия шығынына қандай энергия шығыны жатады?

  7. Энергия шығыны қандай әдістер арқылы анықталады?

8




  1. Тақырыбы: Тамақтану тәртібі ұтымды тамақтанудың негізгі құрамдық бөлігі ретінде және негізгі тамақтық заттардың сәйкестендірілуі.

2) Мақсаты: Студентерді тиімді тамақтану тәртібі мен тағам үйлесімділігінің негізгі үдерістерімен таныстыру.

3) Дәріс тезистері: Үйлесімді тамақтану дегеніміз біз пайдаланып жүрген тамақтың құрамындағы ағзаға қажетті барлық тамақтың заттардың жеткілікті болуы. Бұл жерде екі мағына бар:

Біріншісі – дистрофияның алдын алу үшін калория мен азықтық заттардың жеткілікті болуы.

Екіншісі – денсаулықты нығайту мен созылмалы аурулардың алдын алу мақсатында әртүрлі қоректік заттардың физиологиялық байланыста болуы.

Соңғы онжылдықта медицинаның әсіресе молекулярлық биология мен жасуша биологиясының ерекшеліктері қазіргі кездегі трофологияны жасуша ішілік және молекулярлық деңгейде зерттеуге қол жеткізді.

Сондықтан да 21 ғасырдағы үйлесімді тамақтану – дистрофияның алдын алу әдісі ғана емес, сонымен қатар тағам дисбалансына негізделген созылмалы аурулардың алдын алудың қуатты әдістерінің бірі. Тиімді, үйлесімді тамақтану ағза тіндерінің дамуына, мүше қызметтерін қорғауға, зат алмасуды реттеуге, физикалық дамуды нығайтуға, аурудың алдын алу мен ағзаның қартаю үдерісін тежеуге, өмір сүруді ұзартуға бағытталған кепіл болып табылады.

Үйлесімді тамақтану дегеніміз әртүрлі тағамдық заттардың бір-бірімен үйлесімділігі, мысалы, 3 маңызды энергия тасымалдаушылардың (қант, май, ақуыз) пропорционалдылығы. Ал ақуыздың ішінде аминқышқылдарының өзара тепе-тең болуы; қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының тепе-теңдігі; азықтық талшықтар мен көмірсулардың өзара тепе-теңдігі; қышқыл түзетін және сілті түзетін тағамдардың тепе – теңдігі; өсімдік және жануарлар азық-түліктерінің тепе-теңдігі және т.б. Сонымен қатар үйлесімді тамақтану физикалық жаттығулармен қуаттануы тиіс.

Қазіргі кездегі ұсыныстарда ақуыз, май, көмірсулардың ара қатынасы 1:1,2:4,6 беріледі. Тағам рационындағы ақуыз, май, көмірсулардың үйлесімділігі энергетикалық құндылық көрсеткіштеріне байланысты. Соған сәйкес негізгі қоректік заттардың арақатынасы энергия құндылығына байланысты 1:2,7:4,6 деп қабылданған.

Тиімді тамақтанудың негізгі элементтеріне дұрыс тамақтану тәртібі жатады. Тамақтану тәртібіне күнделікті адам неше рет тамақ ішу қажеттілігі, тағамның сандық тұрғыдан дұрыс бөлінуі, тағамды әр мезгіл сайын (таңғы ас, түскі ас, ішкі ас және т.б.) бөлінуі жатады. Физиологиялық тұрғыдан күніне 4 мезгіл тамақтанған жөн. Тамақтану тәртібін сақтамау денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда тек ас қорыту жүйесі ғана емес, ағзаның жалпы жағдайы нашарлайды.

Тиімді тамақтанудың негізгі үдерістеріне тағамды көп мөлшерде ішуді мүлдем тоқтату, тамақ ішу арасы шамадан тыс, ұзақ болмау, тек аз мөлшерде жиі-жиі тамақтану жатады.

Егер тәулігіне 4 немесе 5 рет тамақтанса, тамақ ішу аралығы 4-5 сағаттан аспайды, соның нәтижесінде ас қорыту аппаратына түсетін жүктеме біркелкі болады, ферменттердің тағамға әсері жоғарылап, асқазан сөлінің тағамды толық өңдеуіне жағдай туады.

Түнгі ұйқы ас қорыту мүшесі үшін демалыс уақыты болып саналады. Секреторлық жүйелердің үзіліссіз жұмысы асқазан сөлінің бөлінуін төмендетеді. Ас қорыту бездерінің дұрыс жұмыс атқаруы үшін тәулік сайын 8-10 сағат уақыт қажет. Түнге қарай ішкен тағам секреторлық аппараттың демалуына кедергі келтіріп, қуатының төмендеуіне, ас қорыту бездерінің әлсіреуіне әкеледі. Кешкі асты ұйқыдан кем дегенде 3 сағат бұрын ішкен жөн.

Тәуліктік тағам рационын әр бөліктерге бөлу күн тәртібі мен еңбек сипатына байланысты. Егер адам тәулігіне 4 рет тамақтанса, онда тәуліктік рационның 25 пайыз таңғы ас, 35 пайыз түскі ас, 15 пайыз бесіндік ас, 25 пайыз кешкі астың үлесіне тиеді. Зейнеткерлер мен кезекті демалыс кезіндегі күні бойғы тамақтану рационы біркелкі, аз көлемді мөлшерде 4-5 рет болғаны дұрыс.


4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 14
5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Негізгі тағамдық заттар үйлесімділігі қандай қағидаларға негізделеді?

  2. Қазіргі кезде үйлесімді тамақтанудың өзекті мәселелерін қалай шешуге болады?

  3. Тамақтану тәртібі дегеніміз не?

  4. Тиімді тамақтану тәртібінің негізгі қағидалары қандай?

  5. Тәуліктік тағам рационын бөлу неге байланысты?

9
1) Тақырыбы: Халықтың тамақтану жағдайын бағалау және санитарлық – гигиеналық бақылау.

2) Мақсаты: Санитарлық – гигиеналық бақылаудың әдістері мен тұрғындардың тамақтану жағдайын бағалаудың әдістерімен таныстыру.

3) Дәріс тезистері: Еңбек және тұрмыс жағдайы әртүрлі топтағы тұрғындардың тамақтану жағдайын бағалау мен санитарлық – гигиеналық бақылау жүргізу тамақтануды ағзаның физиологиялық қажеттілігіне жақындату мақсатында жүргізіледі, ол үшін бір жағынан тамақтану қоршаған орта факторының (энергетикалық құндылығы мен рационның химиялық құрамы, тамақтану тәртібі және т.б.) көрсеткіші, ал екінші жағынан зерттелетін топтағы адамдардың денсаулық жағдайын сипаттайтын тағам статусының көрсеткіші ретінде қарастырылады.

Қазіргі кезде тамақтануды зерттеу үшін көптеген әдістер ұсынылған. Оларды таңдау жеке ұжымдағы қоғамдық тамақтану (балалар, жасөспірімдер, ересектер), асханаларда тағамды еркін таңдау немесе үй жағдайындағы (отбасымен немесе жеке адамдардың) тамақтануға байланысты.

Отбасында немесе жеке тамақтану барысын зерттеуде сауалнама және сұрақ-салмақ әдістерін қолданған дұрыс. Сауалнама әдісінде зерттелетін адамдарға арнайы сұрақтары бар сауалнама дайындалады. Осы әдіс арқылы аз уақыт ішінде көптеген адамдардың тамақтануы жайлы мәлімет алуға болады.

Сұрақ – салмақ әдісінде сұрақ қоюмен қатар отбасының немесе жеке адамдардың бір күнде пайдаланатын азық – түліктерін өлшейді.

Әр түрлі ұжымдардың (балабақша, балалар үйі, мектеп – интернат, жазғы сауықтыру лагерлері, кәсіптік – техникалық мектеп, өндірістік және ауылшаруашылығындағы жұмысшылар тобы және т.б.) тамақтану жағдайын білу үшін ас – мәзіріне статистикалық өңдеу жүргізеді. Жыл бойғы тамақтануды сандық және сапалық тұрғыда бағалау үшін әр айдың 6 күніндегі ас мәзірін 4 күндік интервалмен алып өңдейді (ол жалпы 72 ас мәзірін құрайды); ал маусымдық тамақтануды зерттеу үшін маусым біткенше күнара ас мәзірін алып, өңдейді (45 ас мәзірі); ал 1 айдағы тамақтану барысын зерттеу үшін сол айдағы барлық ас мәзірі өңделеді (30 ас мәзірі).

Еліміздің статистикалық басқармалары мен тұрғындардың тамақтануын жоспарлау мекемелері тамақтанудың әлеуметтік – экономикалық негіздерін зерттеу үшін балансты және бюджетті әдістерді қолданады.

Балансты әдіс әрбір елді мекендегі, аудандағы, облыстағы немесе республика көлеміндегі әрбір тұрғынға шаққандағы азық түлікті белгілейді. Бюджеттік әдіс отбасының кіріс бөлімінің тағамға қаншалықты бөлінетіндігіне талдау жүргізеді. Балансты және бюджетті әдістер арқылы алынған мәліметтерді мемлекет азық – түлік өндірісін дұрыс жоспарлау барысында қолданады. Бұл мәліметтер тұрғындардың тиімді тамақтануын зерттейтін гигиенистер үшін де аса маңызды.

Тағам рационының толыққандылығы мен тамақтану тәртібін зерттеумен қатар нақты еңбек және тұрмыс жағдайына байланысты тағамның ағза қажеттілігін толық өтейтіндігін және оған сәйкестігін де анықтау қажет. Ол үшін тағам статусы мен аурушаңдық, ағзаның тамақтану қызметінің жағдайы көрсеткіштері анықталады. Ең маңызды көрсеткіштер қатарына физикалық даму көрсеткіштері (дененің салмағы, бойы, майдың жиналуы және т.б.), зат алмасудың жеке көрсеткіштері (ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералды заттар), жеке мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайы (жүйке және жүрек – қантамыр, жүйесі, асқорыту аппараты және т.б.), сонымен қатар шамадан тыс немесе жеткіліксіз (дәрумендердің, ақуыздың, минералдардың және т.б.) тамақтанудың алғашқы клиникалық белгілері жатады.



Тағам гигиенасы
Сүттің органолептикалық қасиеті.
Тағамдық улану

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу