Ақкербез өзінің курстық жұмысында осы мәселелерге назар аударуға тырысқан



Дата02.02.2022
өлшемі41,85 Kb.
#117055
түріСабақ
Байланысты:
Аккербез Сын пікір


Қостанай педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс М-41 тобының студенті Қайырбекова Ақкербездің «Бастауыш сыныпта математика сабақтарында адамгершілік тәрбиесінің маңызы» атты курстық жұмысына

Сын пікір

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Ақкербез өзінің курстық жұмысында осы мәселелерге назар аударуға тырысқан.

Ақкербез курстық жұмысы кiрiспе, негiзгi және практикалық бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Әр бөлiмi белгiлi бiр нақты тақырыппен белгiленген. Жұмыс мазмұны берiлген тақырыпқа сай кей жерлерде тақырыптан ауытқушылық байқалады.

Автор алдына мынадай мақсат қояды: Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi жолдарын iздестiру.

Зерттеу нысанасы: Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды ұйымдастыру үрдiсi.

Ақкербез адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы педагогикалық- психологиялық, әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасауға,«адамгершiлiк мәдениетi” ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыруға, математика пәнінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтау, оқу қызығушылықтарын зерттеу үрдістеріне көңіл бөлген. Негізгі бөлімінде бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде математика пәнінен адамгершілікке тәрбиелеу үшін мұғалімнің атқаратын жұмыстарын ашып көрсеткен. Оны иноватциялықтехнологияларды пайдаланып жүлгізу үлгілерін ұсынған.

Практикалы бөлімінде іс –тәжірибеден өткен кезінде тақырыбына сай мәселелер көрсетілген, практикалық бөлімі салыстырмалы дәлелдемелер көрсетілген.

Кемшіліктері бақылау жасалған бірақ зерттеу жұмыстары , басқа сыныптармен зерттеу салыстырмалары жоқ..

Кемшіліктерді ескере отырып жұмыс «4» жақсы деп бағаланды.

Сын-пікір беруші

Қостанай педагогикалық колледжінің



оқытушысы: Г.Г.Бейсенбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет