Диагноз қойыңыз:
*Мезгіліне жеткен жүктілік , босаудың І-кезеңі, қағанақ суының ерте кетуі, бетпен жатудың алдыңғы түрі (иек бойынша);
Есеп.
Мерзімі мезгіліне жеткен жүктілігімен және жамбас өлшемдері қалыпты, қайта босанатын әйел босану әрекетінің басталғанынан
4 сағаттан кейін, қағанақ суының бүтіндігімен перзентханаға келіп түсті. Нәрестенің жүрек соғысы анық , ырғақты, 1 минутта 140 соққы, сол жақтан ,кіндіктен төмен естіледі.
ҚЗ : жатыр мойны жайылған, ашылуы 3 см, нәресте қабы бүтін.
Нәресте басымен жатыр , кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған. Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта , алда. Мүйске саусақ ұшы жетпейді.
Дұрыс диагнозын қойыңыз:
*Мезгіліне жеткен жүктілік , ұзынша орналасуы , I –позиция , алдыңғы түрі, баспен жатуы , босанудың I-кезеңі ;
Есеп.
Мерзімі мезгіліне жеткен жүктілігімен және жамбас өлшемдері қалыпты, бірінші босанатын әйел, іштің төменгі жағының ауыру сезіміне, жиі зәршығаруымен, шырышты «тығынның» кетуімен шағымданып перзентқанаға келіп түсті. ІШ-100см, ЖТТБ-35см. Нәрестенің орналасуы ұзынша ,нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған. Нәрестенің жүрек соғысы 1 минутына 136 соққы, анық, ырғақты. Жатыр қозған.
ҚЗ:жатыр мойны “пісіп жетілген”. Нәресте қабы бүтін . Бас кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған .Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |