Акушерство және гинекология



Pdf көрінісі
Дата30.05.2020
өлшемі356,62 Kb.
#71767
Байланысты:
akusher-qaz



Акушерство және гинекология 

1.  Перинаталдық өлім-жітімдік дегеніміз не: 

2.  Жүкті әйел Р, 31 жаста, ұрық айналасы суының 15 минут ағуы шағымымен жедел медициналық 

көмек  бригадасын  шақырды,  жүктілік  мерзімі  30  апта.  Жүктілік  анамнезі  –  3,  оның  біреуін 

мезгілінен  ерте  босанған,  баласы  тірі,  келесі  жүктілік  18  апталық  мерзімде  үзілген. 

Аймақтандыру  бұйрығына  сәйкес  әйелді  ауруханалық  көмектің  қандай  деңгейіне  жіберу 

керек? 

3.  Нәрестенің  бөксемен  келуінде  Цовьянов  бойынша  қол  көмегімен  босандыруды  қай  сәттен 

бастайды: 

4.  Қайта  босанушы  26  жаста,  жамбас  өлшемдері  26-25-28-18  см.  Жүктіліктің  39  апталық 

мерзімінде  босану  әрекеті  басталғаннан  3  сағат  өткен  соң  түсті,  ұрық  айналасындағы  су 

сақталған. Түскен кезде сирақтары мен аяқ басының ісінулері байқалады, екі қолында да АҚ 

145/90  мм  сынап  бағаны.  Іш  көлемі  -  96  см.,  жатыр  түбінің  биіктігі  (ВДМ)-38  см.,  нәресте 

тігінен орналасқан, басымен келген, жамбас кіре-берісіне жабысқан. Нәрестенің жүрек қағысы 

минутына  140  соққы.  Сыртқы  акушерлік  зерттеуде  кіндік  аймағында  жергілікті  ауырсыну 

шағымы  пайда  болған.  Жатыр  тонусы  жоғары,  кернеулі,  нәрестенің  жүрек  қағысы 

тұйықталған.  Жыныс  жолдарында  аздаған  қанды  бөліну  пайда  болды.  Әрі  қарайғы  дәрілік 

әрекет қандай: 

5.  Қуыстық  акушерлік  қысқыштарды  салуға  көрсеткіштер  бар.  Нәресте  тірі,  орташа  көлемді. 

Қынаптық тексеруде: жатыр мойны толық ашылған, нәресте суы жоқ. Нәрестенің басы кіші 

жамбас қуысында. Жебе тәрізді жік солжақ қиғаш өлшемде. Кіші еңбек оң жақтан алдында. 

Кіші  жамбастың  қандай  өлшемінде  қысқыш  салу  керек  және  қысқыштың  қандай  тармағы 

"кезбе" болып табылады? 

6.  Босанудың  екінші  кезеңінде  кіші  жамбас  қуысының  тар  бөлігінде  нәресте  басының 

орналасуында  нәрестеге  жасалған  КТГ-да  децелерация  тіркелген  (суретке  қараңыз). 

Децелерация түрін және осы децелерация түріне тән патологияны анықтаңыз? 

 

7.  28  жастағы  қайта  босанушы  жүктіліктің  37-38  апталық  мерзімінде  5  сағаттан  бері  ұрық 



айналасы суының ағуына шағымданып түсті, толғақ күші жоқ. Нәрестенің жамбаспен келуі 

анықталған.  Нәрестенің  жүрек  қағысы  анық,  ырғақты,  минутына  145  рет.  Нәрестенің 

болжамды  салмағы  3100,0  ±200,0.  ҚР  ДСМ  04.07.2014  жылғы  "Ұрық  қабының  мезгілінен 

бұрын жарылуы" №10 хаттамасына сәйкес сіздің жасайтын әрекетіңіз:  

8.  Босану  биомеханизмінің  көрсетілген  ерекшеліктері:  -  нәресте  басының  жебе  тәрізді  жікпен 

кіші  жамбастың  қиғаш  өлшемінде  ұзақ  тұруы;  -  нәресте  басының  қатты  бүгілуі;  -  нәресте 

басының қатаң синклитикалық орналасуы төменде берілген анатомиялық тар жамбас түрінің 

қайсысына сәйкес:  




9.  Сіз алғаш жүкті болған 38 жасар әйелге босану жөнінде кеңес өткізудесіз. Әйел өзінің босануы 

туралы қатты уайымдайды және босану кезіндегі әртүрлі ауруды басу түрлері туралы, әсіресе 

пудендалдық анестезия туралы сұрады. Пудендалдық анестезия қандай неврологиялық әсер 

көрсетеді?  

10. 36  жастағы  қайта  босанушы  "Жүктілік  36  апта  4  күн,  ЭКҰ  индукцияланған.  Дихориалдық, 

диамниотикалық егіздер" диагнозымен түсті. Түскен кезде шағымдары жоқ. АҚ 140/90, зәрде 

протеин 1,6 г/л. Допплерометрия – ЖПНҚ (МППК) және нәресте гемодинамикасы бұзылмаған. 

УДЗ-де нәрестелер салмағы 2650,0 және 2800,0. Нәрестенің орналасуы: 1 нәресте жамбаспен, 

2 нәресте баспен келген. Әрі қарайғы іс-әрекет: 

11. Босану үйіне 35 жастағы алғаш жүкті болушы түсті, жағдайы қанағаттанарлық. Жүктілік 40 

апта. Анамнезінде - бедеулік 7 жыл. Жамбас өлшемі - 24-27-30-19.5 см. Нәрестенің болжамды 

салмағы - 3600 г. Толғақ күші 10 сағаттай. Қарау кезінде толғақ 25-30 с 7-8 минут сайын. Суы 

кетпеген. Сыртқы акушерлік тексеруде жатыр түбінде нәрестенің дөңгелек қозғалатын бөлігі, 

кіші  жамбасқа  кіреберісте  -  кіші  өлшемде  нәрестенің  қозғалмайтын  бөлігі  орналасқан. 

Нәрестенің жүрек қағысы сол жақтан кіндіктен жоғары естіледі, минутына 150 рет. Қынаптық 

тексеруде:  жатыр  мойны  тегістелген,  оның  шеттері  қалың,  5-6  см-ге  ашылған.  Ұрық  қабы 

бүтін. Нәресте бөксемен келген. Диагоналдық конъюгата- 12 см. Келесі  болатын акушерлік 

әрекетті таңдау қажет:  

12. Патология  бөлімшесіне  босандыру  үшін  жүктілік  мерзімі  41  апта-4  күндік  жүкті  әйелді 

жатқызды.  Босану  паритеті:  Б-3,  Р-2.  Қынаптық  тексеруде:  Бишоп  бойынша  жатыр 

мойнағының  жетілу  дәржесі  7  баллдан  жоғары.  Нәрестенің  КТГ  қалыпты.  Осы  жағдайда 

индукция әдісін және босандыру әдісін таңдаңыз:  

13. Босанушы Д, 3-ші босану өздігінен болған, шүйдемен келген, жүктіліктің 39 апталық мерзімі. 

Босанудың 3 кезеңі белсенді өтуде. 20 минут бойына плацентаның ажырау белгілері жоқ, қан 

кетпеген. ҚР ДСМ 10.12.2015 жылғы "Босануды өткізу" №10 хаттамасына сәйкес дәрігердің 

осы жағдайдағы әрекеті:  

14. Босанушы туудың латентті фазасында таңғы сағат 10-да түскен. Басы 5\5. Жатыр мойнағы 4 

см-ге ашылған. 10 минут ішінде 2 толғақ болған, ұзақтығы 20 сек. Сағат 14те басы әлі де 5\5 

жағдайда қалған, жатыр мойнағы 4 см-ге ашылған. 10 минутта 3 толғақ, ұзақтығы 30 сек. Ұрық 

қабы  өздігінен  жарылған,  амнион  сұйықтығы  ашық  түсті.  Сағат  16.00-де  толғақ  әлі  де  сол 

деңгейде,  жатыр  тесігінің  ашылуы  4см.  Сіздің  диагноз  және  ҚР  ДСМ  27.12.2017  жылғы 

"Босану қызметіндегі аномалия" №36 хаттамасына сәйкес әрі қарайғы әрекетіңіз: 

15. ҚР  ДСМ  27.12.2017  жылғы  "Нәрестені  бағалау"  №36  хаттамасына  сәйкес  доплерометрия 

өткізіледі:  

16. Науқас  К.  жүктіліктің  32  аптасында,  күшті  жөтел  мен  іріңді  қақырыққа,  ентікпеге  (тыныс 

жиілігі  минутына  30-32  рет),  әлсізддікке,  бас  ауруына,  дене  температурасының  38°С 

жоғарылағанына  шағымданып  түскен.  Анамнезінде:  Б-4,Р-2,А-1.  Тұқымқуалаушылық  жоқ. 

Бұрын ауырған аурулары: Боткин ауруы, бала кезде туберкулезбен ауырған. 10 жылдан бері 

күніне  10  темекі  шегеді.  Физикалық  тексеруде:  оң  жақта  жауырынның  төменгі  бұрышында 

перкуторлы дыбыс әлсіреген, аускультацияда  – айтылған орында әлсіреген тыныс, ылғалды 

ұсақ-көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің болжамды диагнозыңыз және диагнозды нақтылау 

үшін қосымша зерттеу әдістері: 

17. 38 жастағы жүкті әйел жедел жәрдем машинасымен жүкті әйелдердің патология бөлімшесіне 

жеткізілді,  жүктілік  мерзімі  33  апта,  эпигастрийдегі  ауырсынуға  шағымданады,  ауру  сезімі 

арқаға таралады, тамақ ішкенде күшейеді, жүрегі айниды, бірнеше рет құсқан. Осы шағымдар 



2 күннен бері мазасын алған. Терісі бозарған, АҚ 100/70 мм сынап бағаны, пульс 88 соғу/мин., 

ырғақты.  Қарау  кезінде  іші  жұмсақ,  эпигастралдық  аймақ  ауырады.  Сіздің  болжамды 

диагнозыңыз және қандай зертханалық мәліметтер диагнозды нақтылай алады: 

18. Жүкті  әйел  Ж,  31  жаста,  гестацияның  19  апталық  мерзімінде  глюкоза  деңгейін  кездейсоқ 

анықтауда глюкозаның 11ммоль/л-ге дейін жоғарылағаны анықталған. Әрі қарайғы дагностика 

үшін венозды плазмадан глюкозаны ашқарында анықтауға жіберілген – 6,8ммоль/л. Диагноз 

қойыңыз:  

19. ҚР ДСМ 04.07.2014 "Жүрек ақаулары бар фертильді жастағы әйелдерді, сонымен қатар жүйкті 

әйелдерді тексеру" 10 хаттамасына сәйкес жүкті әйелдердегі жүрек ақауларының клиникалық 

жіктемесі бойынша аналық қатерлікті бағалау арқылы ДДСҰ IV-не жатады:  

20. Жүкті әйел Н, 36 жаста, гестацияның 35 апталық мерзімінде босану үйіне әлсіздік, тәбетінің 

болмауы,  жүрек  айну  және  құсу  шағымдарымен  түсті,  сонымен  қатар  оңжақ  жоғары 

квадранттағы  ауырсынуға  және  3  күннен  бері  басының  ауырғанына  шағымданады. 

Объективті:  жағдайы  ауыр  ауырлықты  дәрежеде,  терісі  сарғайған,  аяқтарында  ісіну.  АҚ 

150/100 мм сынап бағаны. ҚЖТ cito: протеинурия 0,65г/л. Әрі қарайғы диагностика және емдеу 

мақсатында АРИТ бөлімшесіне жатқызылды. Swansea-ның 7 оң критерий анықталған. ҚР ДСМ 

29.09.2016 жылғы "Жүктілікпен байланысты бауыр аурулары" №12 хаттамасына сәйкес сіздің 

диагнозыңыз: 

21. 31-32 апталық мерзімдегі жүкті әйелде босануға дейін ұрық айналасының суы кеткен. Жағдайы 

қанағаттанарлық. АҚ 110/70 мм сынап бағаны. Пульс минутына 78 рет. Жатыры белсенді емес. 

Нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136 рет. Ашық түсті ұрық айналасындағы 

су  аздап  ағуда,  иісі  жоқ.  ҚР  ДСМ  04.07.2014  жылғы  "Ұрық  қабының  мерзімінен  бұрын 

жарылуы" №10 хаттамасына сәйкес антибактериялық емдеу сызбасы қандай»:  

22. Жүкті әйел әйелдер консультациясында жүктіліктің 34 апталық мерзімімен бақыланады, резус 

теріс, қандағы антидене титрі 1:32. Нәрестенің УДЗ: нәрестенің болжамды салмағы –2250 гр, 

АСИ  (ИАЖ)  -22см,  ішкі  ағзалары  ерекшеліктерсіз,  қосарланған  контур  жоқ.  ҚР  ДСМ 

04.07.2014 жылғы "Ана мен бала қанының изосерологиялық сәйкессіздігі" №10 хаттамасына 

сәйкес осы науқасқа жасалатын әрекет қандай болмақ? 

23. ҚР  ДСМ  04.07.14  жылғы  "Иммунды  тромбоцитопения  және  жүктілік"  №10  хаттамасына 

сәйкес жүктілік кезіндегі иммунды тромбоцитопенияның бірінші қатарын емдеуді көрсетіңіз 

24. Жүкті  әйел  К,  29  жаста,  гестацияның  30  апталық  мерзімінде  зәрден  бактериялар  ++ 

анықталған. Зәрдің дақылдық зерттеуі өткізілген, онда E.coli 105КТБ анықталған. Зәр-жыныс 

жүйелері бойынша патологиялардың клиникалық белгілері жоқ. ҚР ДСМ 27.12.2017 жылғы 

"Жүктілік кезінде, босануда және босанудан кейінгі кезеңдегі зәр жолдарының инфекциясы" 

№36 хаттамасына сәйкес сіздің әрі қарайғы әрекетіңіз қандай: 

25. Жүктілік мерзімі 18-19 апталық мерзімдегі науқас әйелдер консультациясында диспансерлік 

есепте  тұрады.  Науқаста  оқтын-оқтын  диастолалық  қысымы  90  мм  сынап  бағанына  дейін 

жоғарылайды.  Тексеру  кезінде  протеинурия  0,09г/л  анықталды,  шаршаған  кезде  бас  ауруы 

мазасын алады. ҚР ДСМ 27.12.2017 жылғы "Жүкті әйелдердегі артериялық гипертензия" №36 

хаттамасына сәйкес ықтимал болатын диагнозды және жасалатын әрекетті атаңыз: 

26. Босанудан кейін эндометрияның физиологиялық қалпына келу мерзімі: 

27. ҚР  ДСМ  27.12.2017  жылғы  "Босанудан  кейінгі  эндометрит"  №36  хаттамасына  сәйкес 

босанудан кейінгі эндометритті емдеу принциптері: 

28. Босанушы К., 35 жаста, 15-ші тәулікте гинекологиялық бөлімшеге дене температурасының 39° 

С-ге жоғарылауына, қынаптан шіріген иісті бөлінділердің болуына, ішінің төменгі жағы мен 



беліндегі  ауырсынуға,  жалпы  әлсіздікке  шағымданып  түскен.  14  күн  бұрын  босанған,  II, 

мерзімді;  босанудың  жалпы  ұзақтығы  12  сағат  10  минут  болған,  сусыз  аралық  —  10  сағат. 

Объективті:  жалпы  жағдайы  ауыр,  тежелген  жағдайда.  Терісі  бозарған,  ылғалды.  Жүрек 

тондары дыбыссыз, пульсі ырғақты, 112 соғу/мин, толымы және кернеулгі қанағаттанарлық. 

АҚ  110/70  мм  сынап  бағаны.  Тілі  ылғалды,  сұр  өңезбен  жабылған.  Іші  жұмсақ,  кеппеген, 

пальпацияда  төменгі  бөліктері  ауырады;  ішпердені  тітіркендіру  симптомы  жоқ. 

Гинекологиялық  тексерулер:  цервикальды  каналдан  1  көлденең  саусақ  өте  алады.  Жатыры 

жұмсақ, жүктіліктің 10 аптасына сәйкес үлкейген, ауырады. Жатыр тамырлары проекциясында 

үлкейген және ауыратын жіпшелер пальпацияланады. Бөлінулер көп, іріңді, жағымсыз иісті. 

Сазонов-Бартельс жіктемесіне сәйкес осы жағдай қандай іріңді-септикалық кезеңге жатады? 

29. Перинаталдық кезеңге жататын уақыт: 

30. Жаңа туылған нәрестедегі гемолитикалық ауру кезінде қанды алмастырып құю көрсеткішіне 

билирубиннің сағаттап өсуі жатады, бұл: 

31. Жаңа туылған нәрестеде тыныс алу белгілері жоқ, цианозды, тітіркенулер әсер етпейді, пульсі 

минутына 90 рет, аяқ-қолы салбырап тұр: Апгар шкаласы бойынша бастапқы бағалау қандай: 

32.  ҚР ДСМ 09.06.2016 жылғы "Жатыр миомасы" №36 хаттамасына сәйкес интрамуралдық миома 

FIGO (2011 ж) жіктемесінің қандай кодына сәйкес келеді?  

33. Сызбада қалыпты етеккір циклі берілген. Төмендегі сызбаға сәйкес Эстрадиол және Ингибин 

В гормондарын көрсетіңіз: 

34. Берілген  клиникалық  симптомдар  кездесетін  ауруды  атаңыз:  етеккірі  және  жүктілік  жоқ, 

аналық  без  тінінде  көптеген  премордиалдық  фолликулалар  (гистологиялық  зерттеуде), 

көптеген әйелдерде прогестерон сынағы оң, қан плазмасында ФСГ және ЛГ деңгейлері жоғары 

35. 31 жастағы науқастың етеккір  циклі  қалыпты,  біріншілікті бедеулік  жөнімен есепте тұрады. 

Емдеу  мақсатында  кломифенмен  овуляцияны  күшейтуді  бастауды  шешкен.  Емді  бастамас 

бұрын дәрігер науқасты қандай ақпаратпен таныстыруы керек?  

36. Бедеулігі  бар  науқасты  тексеруде  КПИ  индексі  80%  сәйкес  келеді.  Осы  нәтиже  қандай 

гормоналдық жағдайды дәлелдейді 

37. 48  жастағы  әйел  учаскелік  гинекологқа  бұтаралығы  аймағындағы  қолайсыздық,  ауа 

"ұрғылауы"  шағымдарымен  қаралды.  Гинекологиялық  қарауда  айнада  жатыр  мойынының 

өлшемі қалыпты, таза. Сатылығын өлшеуде РОР-Q кезінде D нүктесі қынапқа кіреберістен 6 

см-ден аз қашықтықта орналасқан (суретке қараңыз).  

38. ҚР ДСМ 09.07.16 жылғы «Бұтаралығы, вульва және қынаптың қабыну аурулары (бартолинит, 

вульвит,  вагинит)"  №  14  хаттамасына  сәйкес  жүкті  әйелдегі  бактериялық  вагинозды  емдеу 

сызбасын көрсетіңіз: 

39.  35  жастағы  әйел  профилактикалық  қаралуға  келді.  Шағымдары  жоқ.  Объективті  қарауда 

жыныстық  кіші  және  үлкен  еріндерде  өлшемі  1-2  мм-ден  1—2  см-ге  дейінгі  түйіндер 

анықталған, консистенциясы жұмсақ, айналасындағы тіндермен бірікпеген, бозғылт-қызғылт 

түсті. Сіздің әрекетіңіз? 

40. 32  жастағы  науқас  гинекологиялық  бөлімшеге  молынан  келетін,  ұзаққа  созылатын  жүйесіз 

етеккірге шағымданып қаралды. Жатыр қуысына диагностикалық бөлінген қырнау өткізілді. 

Гистологиялық талдау – эндометрияда безді-кистозды гиперплазия. ҚР ДСМ 04.07.14 жылғы 

"Етеккір  циклінің  бұзылысы"  №  10  хаттамасына  сәйкес  осы  себептер  қандай  жіктемелік 

категорияға жатады? 

41. 18 жастағы қыз бала, шағымдары: салмақ қосу және сырт келбетінің өзгеруі, жалпы әлсіздік, 

аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсіздігі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, депрессия, сүйектерінің 



ауыруы, басы ауыруы. Қараған кезде байқалғаны: беті ай тәрізді. Терісі азып кеткен, терісінің 

түсі  сұп-сұр,  құрғақ,  қабыршақтанып  кеткен,  тері  астынан  тамыр  бедерлері  көрініп  тұр. 

Бетінде, мойынында, кеудесінде, ішінде, арқасында май басқан тұстары анық көрінеді, терісі 

созылған - багролық бояу/бедер стриясы. Бойы ұзын емес, еңкіш тарқан, аяқ-қолдары арық, 

"іші тасбақатәріздес". Жүрек-қан тамыры тарапынан - кардиомиопатия, аритмия, артериальная 

гипертензия.  Рентгенограммада  –  гипофиз  микроаденомасы.  Келтірілген  диагноздардың 

қайсысы анағұрлым сәйкес келеді?  

42. Науқас 46 жаста, жыныс жолынан етеккір басталғаннан 14 күннен бері жағылмалы қоңыр түсті 

бөліндінің болуына шағымданады. Босану паритеті: Р-1, А-0, В-0. Анамнезінде 9 жыл бұрын 

атипиясыз  эндометрия  гиперплазиясы.  Қазіргі  уақытта  жатыр  мойыны  миомасында 

пролиферациялық  өсу  белгілері  жоқ  (  д28мм),  жатыр  мойнының  эктопиясы  (CIN1), 

ретенциялық кисталар. Сіздің әрекетіңіз қандай? 

43. Біріншілікті 

түтікті-перитонеалдық  бедеулікпен  ауыратын  31  жастағы  науқасты 

экстакорпоралдық ұрықтандыруға дайындауда. ГСГ өткізгенде анықталды: (суретке қараңыз). 

Осы науқасқа өткізілетін әрі қарайғы әрекет қандай?   

44. Сипатталған  техника  бойынша  әйелдерді  хирургиялық  стерилизациялау  әдістемесін 

көрсетіңіз: 1) лапаротомия 2) түтікті тұзақ түзілгенге дейін жоғары тарту 3) тұзақ аймағында 

қуатты клеммамен түтікті жаншу 4) лигатурамен байлау 

45. Науқас  М  (24  жаста),  қарау  кезінде  олигофрения,  ішінде,  жамбаста,  санда  және  емшекте 

теріасты-майлы  шелмайдың  жиналғаны  анықталды,  беті  дөңгелек,  дене  салмағы  қалыптан 

артық, терісі жұмсақ, мәрмәр түсті, шапта және қолтықастында жүндер өте аз, сыртқы жыныс 

ағзалары жетілмеген, қынабы тар, жатыры қалыптан кіші, аменорея. Сіздің диагнозыңыз және 

аменорея қандай деңгейдің бұзылысымен қамтылған? 

46. Әйел 48 жаста. Анемия мазалайды, сол үшін тұрақты түрде темір препараттарын қабылдайды. 

Menses  жүйелі,  5  күннен,  28  күн  сайын,  бірақ  ұйындылармен  және  молынан  келеді, 

етеккіраралық  қан  кетулер  жоқ.  Кіші  жамбас  ағзаларын  УДЗ-де:  алдыңғы  қабырғада 

интерстециалдық  миоматозды  түйін,  өлшемі  21мм  ,  артқы  қабырғасында  субмукозды  түйін 

өлшемі 10мм. УДЗ бойынша динамикада соңғы екі жылды миома белсенді түрде өспеген. ҚР 

ДСМ 09.06.16 жылғы "Жатыр миомасы" №9 хаттамасына сәйкес сіздің іс-әрекетіңіз? 

47. Науқас Ж, 28 жаста, 3 айдан бері етеккірінің кідіруінен кейін болған ұзаққа созылған жатырдан 

қан  кетуге  шағымданып  қаралған.  Анамнезінде:  4  жылдан  бері  біріншілікті  бедеулік. 

Гинекологиялық қарау – ерекшеліктерсіз. Гистероскопияны бақылай отырып жатыр қуысына 

диагностикалық  қырнау  өткізілген.  Гистологиялық  талдау:  эндометрияның  безді 

гиперплазиясы. Етеккір циклін реттеу үшін осы жағдайда нені тағайындауға болады: 

48. Науқас К, 34 жаста, 3 күннен бері болып жатқан қан кетуге шағымданады. Босану паритеті: Ж-

3, Б-2,Т-1. Анамнезінде: медикаментозды түсік 2 ай бұрын. Еттеккір қызметі 13 жастан бастап 

жүйелі. Соңғы етеккір циклі 2 апта бұрын болған, 3 күннен бері етеккірден кейін жағылмалы 

бөлінді  келуде.  Қынаптық  тексеру  ерекшеліктерсіз.  Қанды  бөліну  өте  көп.  Кіші  жамбас 

ағзаларын УДЗде: Жатыр қуысында гиперэхогенді түзілістер жатыр түбі аймағында өлшемі 

1,7см, ТДК (ЦДК) тәртіпте нақты карталанады. Сіздің әрі қарайғы әрекетіңіз: 

49. Науқас Г, 46 жаста. Ішінің төменгі жағының ауырсынуына шағымданады. Етеккірі жүйелі, 24-

25 күн сайын, 1-2 күннен, аз. Ж- 5, Б-3, Т -2. Соңғы 10 жылда КЖА УДЗ-де жатыр миомасы. 

Қынаптық тексеруде: жатыр 12 апталық жүктілік мерзімдегідей үлкейген, тығыз-эластикалық 

консистенцияда,  жатыр  түбі  аймағына  жақын  жатырдың  оңжақ  бұрышында  көлемі  8х9см 

түзіліс пальпацияланады. КЖА УДЗ қорытындысы: Жатыр миомасы, көлемі 79х86мм түйін, 




FIGO  бойынша  3-тип.  ҚР  ДСМ  09.06.16  "Жатыр  миомасы"  №9  хаттамасына  сәйкес  сіздің 

әрекетіңіз? 

50. ҚР  ДСМ  04.07.14  "Етеккір  циклінің  бұзылысы"  №10  хаттамаға  сәйкес  L  репродукциялық 

кезең, гемоглобин 88г/л, эритр  2,9*10*12г/л, гемодинамикасы тұрақты ЖАҚ (АМК) кезінде 

гемостаздың негізгі әдісі қандай? 

51. Гетеросексуальды  типтерде  жалған  мезгілінен  бұрын  жыныстық  жетілу  немен  қамтамасыз 

етіледі 

52. 2  жасар  қыздың  анасы қызының  зәр  шығаруының қиындағанын,  кіші  дәретке  сирек  баруын 

байқаған.  КЖА  УДЗде  қынап  толығымен  көрінеді.  Қарауда  қынапқа  кіреберіс  жоқ,  клитор 

астында нүкте тәрізді тесік бар. Диагноз? 

53. 15  жасар  қыз  балалар  гинекологына  етеккірінің  және  екіншілікті  жыныс  белгілерінің 

болмауына  шағымданып  қаралған.  Жыныстық  формула:  Ма1  Р1  Ax0  Mе0.  Анамнезінде 

созылмалы  тонзилит,  УДЗ  тексеруде  –  патология  анықталмаған.  Сіздің  болжамды 

диагнозыңыз:  

54. Пубертатты  кезеңде  жыныстық  жетілудің  "өшірілген"  вирилизациясы  типі  бойынша 

бұзылысы бар қыз баланы емдеу 

55. КЖА УДЗ-де 16 жасар қыздың оң аналық безінде өлшемі 5*4см, ТЭ 1,4см фолликулалық киста 

анықталған. Сіздің әрекетіңіз: 

56. Анасы 6 жасар қызын балалар гинекологына солжақ сүт безінің ісінуі шағымымен алып келген. 

Толық  тексеру  өткізілген.  Қойылған  диагноз:  Мезгілінен  бұрын  жыныстық  жетілу. 

Оқшауланған телархе. Емде әрекеті қандай: 

57. Сүт  безінің  түйіндік  түзілісінің  берілген  клиникалық  көрінісінің  қайсысы  фиброаденомаға 

жатады: 

58. Сүт безінің дисгормоналдық патологиясының берілген этиопатогенетикалық факторларының 

ішінен негізгісін атаңыз: 

59. Науқас 64 жаста, диагнозы жатыр лейомиосаркомасы T1N0M0, I сатысында хирургиялық ем 

қолданылған (жатырды қосалқыларымен бірге экстирпациялау). Әрі қарайғы емдеу әрекетін 

таңдаңыз: 

60. Эндометрияның  аталған  патологияларының  ішінде  қайсысы  эндометрияның  облигатты  рак 

алды процесі болады: 

61. Аналық  бездің  ісігі  бар  науқасқа  овариоэктомия  жасалды.  Гистологиялық  зерттеуде 

метастаздық  зақымданулар  туралы  қорытынды  жасалды.  Қай  жерде  орналасқан  қатерлі  ісік 

аналық безге жиі метастаз береді? 

62. 38  жастағы  науқаста  көпіршікті  тығындалу  (пузырный  занос)  анықталған.  Гинекологиялық 

қарауда  қағанақ  тығынын  алып  тастағаннан  кейін  1  айдан  соң  жатыр  денесі  үлкеймеген. 

Хориондық  гонадотропин  титрі  –  1000,  қанды  бөлінулер  жоқ.  Науқасқа  жасалатын  әрекет 

қандай:  

63. ҚР  ДСМ  29.07.2017  жылғы  №24  хаттамасына  сәйкес  макролидтерге  төзімді  Mycoplasma 

genitalium туындатқан инфекцияға қандай антибиотиктер қолданылады  

64. Нәрестедегі мерезде төменде берілген қандай клиникалық белгілер болады: 

65. 22  жастағы  әйел  2  айдан  бері  жағымсыз  иісіті  қынап  бөліндісі  шағымымен  гинекологқа 

қаралған.  Қарау  кезінде  қынапта  орташа  гиперемия  және  кіреберісі  сілемейінің  ісінуі 

анықталған,  10%  KOH  сынамасы  оң.  жағындыда  –  лейкоциттер  аз  мөлшерде,  «түйіндік» 

жасушалар> 20%, грамм – оң кокктар. Сіздің диагнозыңыз: 




66. Науқас Н., 27 жаста, жыныстық өмірі ретсіз, бұзылған, бадамша бездерінің бір жақты үлкеюі 

және тығыздалуы байқалады, эритемасы мыс түстес қызыл, шекаралары анық, эрозия немесе 

ойық  жара  жоқ,  температурасы  бар  және  жұтынғанда  ауырсыну  сезінеді.  Жақасты  лимфа 

түйіндері  ұлғайған,  тығыз-эластикалық  консистенцияда,  қозғалмалы  және  пальпацияда 

ауырмайды. СРК теріс. Сіздің болжамды диагнозыңыз?  

67. Әйелінде  біріншілікті  серонегативті  мерез  диагнозы  қойылған.  Күйеуімен  жыныстық  өмірі 

жүйелі.  Жолдасы  тексеруден  өткен.  Мерездің  клиникалық-серологиялық  белгілері 

анықталмаған. Күйеуін қандай емдеуден өткізу керек: 

68. Егер жүкті әйелді серологиялық зерттеуде оң серологиялық реакция (ВР +4, микрорекация +4) 

болса,  бірақ  мерездің  клиникалық  белгілері  болмаса  Сіздің  әрекетіңіз  қандай  болмақ? 

Жыныстық серіктесі тексерілмеген:  

69.  Преэклампсиясы  бар  32  жасар  әйел  39  апталық  мерзімде  босанған.  Босану  кезінде  амнион 

сұйықтығында  мекониялардың  көптігі  байқалған.  Жаңа  туған  нәрестені  Апгар  бойынша 

бағалау  1  және  5  минуттарда  сәйкесінше  7  және  8  балл.  Осы  жағдайға  қатысты  төменде 

берілгендердің қайсысы дұрыс болады?  

70. Ауруды басу үшін босану кезінде Сіз эпидуралдық анестезия жасайсыз. Осы уақытты міндетті 

түрде нені мониторлайтын боласыз? 

71. Әйел 26 жаста, жұлынға анестезия арқылы жасалған кесар тілігінен кейін (39 апта, ұл, дені сау) 

12  сағат  өткен.  Операциядан  кейінгі  кезең  ерекшеліктерсіз.  Соңғы  бірнеше  сағатта  шаршап 

мазасы қашқан. Осы сәтте: T 37.1°C, ЖЖЖ 118, АҚ 79/ 51, ТЖ 22, Sp O2 94% оттегісіз. Аяқ-

қолдары  суық,  ісінген.  Гемоглобин  90  г/л.  Сұйықтық  болюсын  венаішіне  жіберу  оның 

көрсеткіштерін жақсартпаған. Орталық венаға катетер қойылған, артериялық катетер. Орталық 

веналық қысым – 15 мм сынап бағаны, артериялық толқындар формасы жүрек шығарымының 

нашарлығын  көрсетеді.  Науқас  ентікпеге  шағымдана  бастаған,  ентігу  жатқан  кезде  күшейе 

түседі. Шоктың түрін атаңыз. 

72. Әйел 32 жаста, қайталап мерзімінде босанушы, босану кезінде АҚ жоғарылағаны байқалған, 

ЖЖЖ  артқан,  төс  артында  ауырсыну,  ентікпе,  өлімнен  қорқу  сезімі,  цианоз  белгілері  бар. 

Нәресте  өлі  туылған,  екі  сағат  өткен  соң  өкпе  ісінуінің  клиникасы,  диссеминациялық 

тамырішілік ұю синдромы дамыған. Қандай диагнозды болжамдайсыз?  

73. Преэклампсиясы  бар  32  жасар  әйел  39  апталық  мерзімде  босанған.  Босану  кезінде  амнион 

сұйықтығында  мекониялардың  көптігі  байқалған.  Жаңа  туған  нәрестені  Апгар  бойынша 

бағалау  1  және  5  минуттарда  сәйкесінше  7  және  8  балл.  Осы  жағдайға  қатысты  төменде 

берілгендердің қайсысы дұрыс болады?  

74. Жіті  түрде  ота  жасалынған  босанушыға  тыныс  алу  жетіспеушілігінің  дамуына  байланысты 

жасанды тыныс беру аппаратын қосты. Науқастың артериядағы оттегі қысымы 60 мм сынап 

бағ.,  ал  көмір  қышқыл  газының  қысымы  25  мм.сн.бағ.құрайды.  Осы  жағдайды  ӨЖЖ 

аппаратында коррекциялауды ... бастайды.  

75. 33  жастағы  босанушы  әйел  босану  үйіне  жоспарлы  кесір  тілігі  отасын  жасатуға  келіп  түсті. 

Босанушы  әйелді  операциялық  столға  жатқызған  сәтте  кенеттен  брадикардиямен  бірлескен 

артериялық гипотония, жүрек айну, құсу, ентікпе пайда болды. Бұл белгілер жүкті әйелді бір 

қырынан жатқызғаннан кейін жоғалды. Ең ықтимал себеп: 

76. Босану  үйінің  интенсивті  терапия  және  реанимация  бөлімшесіне  жыныс  жолдарынан  көп 

мөлшерде қан кетуімен 22 жастағы босанушы әйел жеткізілді. Тері қабатының айқын бозаруы, 

тахикардия анықталды. Артериялық және орталық венозды қан қысымы едәуір  төмендеген. 




Эритроцитарлық массаның болмауына байланысты айналмалы қан көлемін толықтыру үшін ... 

қолданылады. 

77. Қағанақ  суы эмболиясына күдік туындағанда немесе алғашқы симптомдары пайда болғанда 

алғашқы кезекте тамыр ішіне нені енгізуіміз керек? 

78. Нәрестелердегі  ауыр  асфиксия  және  қан  айналым  тоқтауындағы  қарқынды  терапия  және 

реанимация кешені? 

79. Гинекология 

бөлімшесіне  «Жатырдан  тыс  жүктілік»  диагнозымен  науқас  келіп 

түсті.Диагностика  мақсатында  пункция  жасау  шешілді.  Жатыр  түтігінің  жыртылуы  кезінде 

бірінші кезекте қан жиналады:  

80. Гинекология  бөлімшесіне  «Жатырдан  тыс  жүктілік»  диагнозымен  науқас  түсті.  Қынаптың 

артқы күмбезі пункциясы нәтижесінде дуглас кеңістігінде қанның болуы анқталды. Тамырды 

қандай аймақта байлау қажет:  

81. Жатырдың  экстирпациясы  кезінде  жатыр  артериясын  байлаған  кезде  оң  жақ  несепағар 

зақымдалды, несепағар мен жатыр артериясының өзара қарым –қатынасының байланысы: 

82. Босануды  жансыздандыру  үшін  жыныс  нервісіне  блокада  жасау  кезінде  акушер-  гинеколог 

неге бағдарлама жасайды: 

83. Несеп ағарда тас болған кезде, ауырсынудың сыртқы жыныс мүшелері аймағын және санның 

медиальды беткейі аймағына берілу себебін түсіндіріңіз: 

84.  Тік  ішектің  ампула  үсті  бөлігінің  артерияларының  ұштасатын  жері  «Зудектің  қауіпті 

аймағы»деп аталады; 

85. Жатырмаңылық майлы кеңістіктен іріңдік таралады:  

86. Қуық алды майлы кеңістігінен іріңнің таралу жолдарын көрсетіңіз:  

87. Iшперде  арты  кеңістікте  оң  жақ  бүйрек  және  төменгі  қуыс  венасынан  түзілетін  бұрыш 

аймағында қандай тамыр төменгі қуыс венасына құяды? 

88. Тік ішектің висцеральды майлы кеңістігі немен шектелген? 

89. Науқас  38  жаста.  Жүктілік  25  апта  +3  күн,  шұғыл  түрде  қабылдау  бөлмесіне  жеткізілген. 

Кенеттен пайда болған ентікпеге, жөтелге шғаымданады, қысқа уақытқа есінен танып қалған, 

төс артында ауырсыну сезімі бар. Объективті: терісі бозарған, суық, акроцианоз. АҚ=70 және 

50  мм  сынап  бағаны.  ЖЖЖ=Ps=минутына  125  рет.  Эхокардиография:  жүректің  оңжақ 

бөлімдерінің кеңеюі, қарыншааралық қалқадағы парадоксальды қозғалыстың диастолаға өтуі. 

Миокардтың  жиырылғыш  қабілетін  жақсарту  үшін  осы  жағдайда  қандай  препарат 

тағайындаған дұрыс? 

90. Науқастан  гестациялық  гипертензия  анықталған.  АҚ=160  және  105  мм  сынап  бағаны. 

PS=ЖЖЖ=минутына 100 рет. ҚР ДСМ ДСДРО клиникалық хаттамасына сәйкес (27.12.17) осы 

жағдайда бірінші реттегі емдеу түрінде қандай препаратты тағайындау керек? 

91. Науқас  37  жаста,  кесар  тілігі  арқылы  босануда.  Қосымша  патология:  экзогенді-

конституциональдық  семіздік,  андроидты  тип,  тұрақты.  ДСИ=43  кг/м2.  ҚР  ДСМ  ДСДРО 

клиникалық  протоколына  сәйкес  (27.08.15)  осы  жағдайда  қандай  препарат  тамырлар 

патологиясының алдын алудың негізін құрайды? 

92. Науқас 25 жаста. Жүктілік 12 апта. Ауруханадан тыс пневмония, оң жақта жоғарғы бөлігінде 

орналасқан,  орташа  ауырлықты  дәрежеде,  этиологиясы  аралас  (Mycoplasma  pneumoniae+ 

Chlamydophila  pneumoniae).  ТЖ  I.  ҚР  ДСМ  клиникалық  хаттамасына  сәйкес  (04.2013)  осы 

клиникалық жағдайда қандай препарат ұтымды фармакотерапияның негізін құрайды? 




93. Науқас  26  жаста,  Жүктілік  35  апта+6  күн,  анамнезінде:  қантты  диабет,  тип  1,  орташа 

ауырлықты  дәреже.  ҚР  ДСМ  клиникалық  хаттамасына  сәйкес  (12.12.2013)  осы  жағдайдағы 

инсулинотерапияның ерекшелігі қандай? 

94. Преэклампсия белгілері бар науқаста протеинурия-0,5 г/л, көру нервінің дискісі ісінген, АЛАТ, 

АСАТ  деңгейлері  артқан.  Босандыру  24  сағат  бойында  жоспарланған.  ҚР  ДСМ  ДСДРО 

клиникалық хаттамасына сәйкес (27.12.17) осы жағдайда құрысуға қарсы фармакотерапияның 

негізін құрайды?  

95. Жатырдан  тыс  жүктіліктің  қайсысы  кіші  жамбаста  көп  мөлшерде  экссудаттың  (жалқық) 

болуымен жүреді? 

96. Кіші  жамбас  ағзаларының  қандай  патологиясында  трансперинеалдық  ультрадыбыстық 

зерттеуді өткізуге болады? 

97. Эхограммада жатырдың қандай патологиясы берілген? 

 

98. Жүктілігі дамымаған 23-24 апталық мерзімдік жүкті әйелге жүргізілген эхографияда нәресте 



ішінің алдыңғы қабырғасы аймағында әртүрлі дәрежеде кеңейген ішектің жүзіп жүрген бос 

тұзақтары анықталған. Сукөптік белгісі бар. Нәрестеде қандай патология болуына күдіктенуге 

болады? 

99. Жүктілігі  дамымаған  25-26  апталық  мерзімде  нәрестеге  өткізілген  эхографияда  көрнекті 

теріасты  ісінуі  анықталған  (екінші  контурдың  болуы),  асцит  белгілері  бар.  Аталған 

өзгерістерге көпсулылық, плацентомегалия қосылған. Эхографиялық белгілер: 



100. 

Жеткіліксіздіктің истмико-цервикалды ультрадыбыстық белгісі дегеніміз не: 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет