Қалас жамалов философия



бет1/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям

ҚАЛАС ЖАМАЛОВ


ФИЛОСОФИЯ

Алматы - 2013


Пікір жазғандар:


Қалас Жамалов


ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ: Философия пәні бойынша студенттерге арналған оқулық. – Жезқазған, ЖезУ, 2000. – 223 б.

Оқулықта философия тарихы мәселелері оның пайда болған уақытынан қазіргі заманға дейінгі дамуы сабақтастықта қарастырылады.


Кітап студенттерге, магистранттарға, қоғамдық ғылым оқытушыларына және білімін жетілдіруші оқырман қауымға арналған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрлігінің тақырыптық жоспары бойынша басылған.


Кіріспе

Философия тарихын өзіндік дамуында көрінісін табатын философия деп анықтаған ойшылдар оның зерттеу тақырыбының ерекше күрделілігін, жалпыға ортақ кейіптегі қабылдаулар арқылы пайымдау жасауға мүмкіндік бермейтінін айтады. Оқулық авторы философия бәрінен бұрын адамзат мәдениетінің, қоғам өмірінің әр түрлі салаларының арқауы болатын, оның ішкі даму қайшылықтарымен тығыз байланысты және осымен қатар өзгешелік жағдайына да өтуі жүзеге асатын рухани үдеріс деп түсінледі.


Нарық қатынасы қалыптасу кезіндегі қоғамымызды дүр сілкіндірген, дағдылы жүйені қайшылықтар иіріміне батырған өзгерістер дәстүрлі «Не істеу керек?» «Дамудың қандай жолын таңдаған тиімді?» деген сияқты сұрақтарды дүниеге алып келді, жандандырды. Күрделі, қайшылықты, ағымды қоғам өмірі бүгінгі күні тек экономикалық, саяси салаларда ғана емес, рухани салада да өзінің философиялық талдауын керек етеді. Бұнымен тек маман философтардың ғана айналысуы міндетті емес. Сондықтан қоғамымыздың әрбір мүшесінің, әсіресе жастардың көңіл көкжиегінің кеңейіп, таным парасатының тереңдеуіне ықпалын тигізу – әрбір арнайы жазылған әдебиеттің парызы.
Философия тарихы өзінің көрініс тапқан елдері, тарихи–мәдени үрдістер арқылы көрінісін табады. Сондықтан кітап ежелгі заманның өркениет орталықтары: Үнді, Қытай, Грек ойшылдарынан бастап, Орта ғасыр, Қайта Өрлеу, Жаңа дәуір арқылы осы уақытқа жеткен философия әлем халықтарының дүниетанымын, ой–санасын көрсетеді. Ойлау мәдениетінің көрінісі болатын философия, рухани құндылықтар әлем халықтарына ортақ және осы философиялық құндылықтар нақты халықтың ойлау жүйесі мен нақты тілдік жүйесінде пайда болады. Демек әрбір мәдениет өкілі, ойшылдар әлем халықтарының философялық ойын білім ретінде қабылдай отырып, өз тұжырымдарын ортаға салады. Осыдан оқулықта француз, неміс, испан, ағылшын т.б. елдердің философиялық жүйелері туралы мәліметтер келтіріледі.
Философия тарихынан қоршаған орта, әлем, ғалам, заттар мен құбылыстардың түпкілікті мәнін, терең мазмұнын ашуға ұмтылып, бірін-бірі алмастырып отырған мектептер мен ілімдердің кайшылығы көрінеді. Мұны меңгеру, даму бағыттарын, сатыларын білу адамзат тарихы мен ғаламды танудың ұлы тәжірибесін ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
Оқулық мақсаты – адамзат қауымдастығының байырғы заманнан қазіргі күнге дейінгі философиялық ойының қалыптасуы мен шыңдала дамуы үдерістерін қысқаша шолу, көрсету, мәліметтер беру.
Автор
І тарау. ФИЛОСОФИЯ: ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ. ТАРИХ ӨЛШЕМІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет