2.3. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының бүгінгі заманғы тарихнамасы Қазақстан тарихы тарихнамасында Алаш тақырыбы өте маңызды, өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тарихында ХХ ғасырдың басында дүниеге келген Алаш қозғалысы ерекше және теңдесі жоқ оқиға еді. Қазақ халқының екі ғасырға жуық уақытта өрістеткен ұлт азаттығы үшін күресте алаш қозғалысы ерекше орын алады. Алашқа дейін Ресейдің отаршылдыққа қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстар жеңіліске ұшыраумен келді. Мұның негізгі себептерінің бірі қозғалыстарының саналылығының жеткіліксіздігінде деп есептеу қажет. Алаш қозғалысына келсек, оны қазақтың алдыңғы қатарлы зиялылары басқарды. Олар өздерінің алдында тұрған мақсатын, күрес тәсілдерін дұрыс тұжырымдады. Алаш қозғалысы саяси сипатта болды. Екінші жағынан, Алаш қозғалысының тарихы Кеңес дәуірінде ерекше бұрмаланды.
Міне, жоғарыда айтылған себептердің нәтижесінде Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге қызығушылық Қазақстьан тарихының барлық уақытында толастамады. Сондықтан алаш қозғалысын зерттеушілер жеткілікті.
Біз алаш қозғалысының тарихнамасын үш кезеңге бөліп қарастырып отырмыз.
Бірінші кезеңне 1919-1920 жылдары оқиғаның суымаған ізімен жаөылған зерттеулерді жатқызып отырмыз. Бұл кезеңде Алаш қозғалысының дүниеге келген себебін тұжырымдаған зерттеулер Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қолынан шықты. Мұндай зерттеулердің қатарына Алаштың Басшы қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтардың еңбегін жатқызуға болады. Сонымен бірге 1919 жылы Кеңес үкіметі Алашорда үкіметін құлатып, Алаш партиясын тартқан соң, бұл қозғалыстың тарихын бұрмалау басталды. Сондықтан да бірінші кезеңде сол кездегі ресми басылымдарда Алаш қозғалысының тарихына бъективтік тұрғыдан баға бермекші болған әрекеттермен қатар, оны бұрмалаған әрекеттер де байқалады.
Екінші кезеңге 1921-1980 жылдары жарық көрген әдебиеттерді жатқызып отырмыз. Бұл кезде жүргізілген зерттеулер мен жарық көрген әдебиеттердің ерекшелігі, олар түгелдей дерлік билік басындағы партияның тапсырмасымен жазылған, сондықтан да Алаш қозғалысының тарихын бұрмалағандығында. Осы кезеңде коммунистік идеологтар Алаш қозғалысынң құжаттарын оқырманға ранап басып шығарды. Олардың алға қойған мақсаты Алаш қозғалысына байланысты құжаттар халық бұқараның көз алдында Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлерінің буржуазияшыл-ұлтщыл, контрреволюциялық сипатын әшкерелеуге тиіс болды. Іс жүзінде бұл әрекет кері нәтиже берді. Алаш құжаттары Алаш қайраткерлерінің халық мүддесіне қызмет еткенін дәлелдеп берді. Осы кезеңде сондай-ақ билік басындағы партияның тапсырысымен алаш қозғалысының тарихына байланысты бірлі-жарым әдебиеттерде жарық көрді. Дегенмен, бұл әдебиеттер тапсырыс бергендердің алға қойған мақсатын жүзеге асыра алмады. Сондықтан Кеңес Одағында 30-жылдардан бастап, Алаш қозғалысына байланысты зерттеу жұмысы тоқтатылды. ХХ ғасырдың 30-80 жылдарының аралығында Кеңестік билікпен келісе алмай шетелге кеткен қазақ зиялылары, шетел ғалымдарының қаламынан біраз тарихи әдебиеттер жарық көрді.
Алаш қозғалысының тарихнамасында 1920 жылдан соңғы уақыт ерекше орын алады. Аталған тақырыптың бүгінгі таңда Отан тарихы тарихнамасында ерекше орын алатын себебі, Алаш қозғалысынң тарихнамасына байланысты. Кеңес дәуірінде орын алған бұрмалаушылықтар түзетіліп, осы салада пайда болған ақтаңдақтардың жойылуына байланысты. Аталмыш тақырып саласында бірсыпыра іргелі монографиялық еңбектер, ғылыми мақалалар жарық көрді, ғылыми симпозиумдар ұйымдастырылды. Осы ғылыми шаралар нәтижесінде Алаш қозғалысына ғылыми шындық, объективтік принцип тұрғысынан баға берілді, жалған айыптан жапа шекккен алаш қайраткерлері ақталды.
Жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін оның көшбастаушыларының кімдер болғанын, олардың көзқарасын, оның эволюциясын зерттеу қажет деп есептейді. Соңғы кезге дейін Алаш қайраткерлеріне беріліп келген «буржуазияшыл-ұлтшылдар», «буржуазиялық либералдар», «қазақ ұлтшылдары» деген анықтамалардың қайсысы болмасын алаш партиясының қоғамдағы алатын орнына сәйкес емес деп есептейді ғалымдар. М.Қ.Қозыбаев Алашқа либералды ұлттық интеллегенциясының партиясы деген анықтама бере отырып, оның иделогиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлтшылдық болды деген қорытынды жасайды.
К.Нүрпейісов өз еңбегінде Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негізіне тоқталған. Ол осы негіздерді 4 топқа бөліп қарастырады:
20-30 жылдары жеке жинақтарда жарияланған деректер;
1913-18 жылдардағы қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректемелік мағлұматтар;
Қазақстан, Ресей, Түркия, Америка, Финляндия және т.б. архивтері мен кітапханаларында сақталған деректер;
Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлерінің жеке архивтері мен жарияланбаған еңбектерінде кездесетін деректемелер.
Сонымен қатар, алаш партиясының жарияланбағаны мен белгілі дәрежеде дайындалып қойған шартнамасы болғанын да байқаймыз. Сонымен қатар партия мүшесінің жарнасы да белгіленген.
Айтылғандарды қорыта келе, соның ішінде Алаш партиясының бағдарламасында қойылған мақсат, мүдделердің жалпы ұлттық, жалпы демократиялық сипатын негізге ала отырып, Алаш партиясын «буржуазияшыл-ұлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар» партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия ретінде атауға толық негіз бар деп санаймыз. Партияны құрушыларды ұлттық демократиялық интеллегенция деп атаймыз.