«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


«Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси құқықтық және әлеуметтік идеялар



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі215,5 Kb.
#120093
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-«Алаш»-либералдық-демократиялық-қозғалысының-дүниеге-идеологиясының-маңыздылығы

1.2. «Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси құқықтық және әлеуметтік идеялар
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі ұсынған демократиялық идеялары партия бағдарламасының жобасында көрініс тапты. Жобада атап көрсетілгендей, партияның басты мақсаты Ресей федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.
Бағдарламаның бірінші бөлімі «мемлекет қалпы» деп аталады. Бөлімнің мазмұнына қарай оның мемлекеттің басқару нысаны туралы екендігін байқау қиын емес. Партия бағдарламасында Ресей демократиялық , федееративті республика болуы тиіс деп атап көрсетіледі және демократия мен федерация ұғымдарына түсінік беріледі. «Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі», яғни халық билігі, ал «Федерация мағынасы құрдас мемлекеттерге бірлесу, әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгігін өзі алып жүреді».Мұндағы негізгі айтылмақ идея өзін өзі басқаратын тең құқылы мемлекеттер одағы.
«Алаш» партиясы ұсынған бұл идеяны Кеңес үкіметі де Ресейдің федерациялық құрылысында пайдаланды. Алаш қайраткерлерінің ұлттық автономия түріндегі мемлекеттілікке қол жеткізуге ұмтылуының өзіндік себептері де бар еді. Оның ең бастысы сол кездегі саяси жағдай дербес тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан да партия бағдарламасына іргесі бөлек, ынтымағы бір дербес басқарылатын автономиялардан тұратын федеративтік, демократиялық Ресей туралы қағида енгізілді.
Мемлекеттік құрылыс мәселесінде үкімет басында-құрылтай жиналысы, оның аралығында құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума белгілі бір мерзімге сайлаған Президент тұрды. Құрылтай жиналысы тұрақты орган емес, ол мезгіл-мезгіл сессия түрінде ғана жұмыс істейді. Оның сессиялары арасында билік тұрақты орган Президенттің қолында болады. Ол халықты құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума алдында жауапты министрлер кеңесі арқылы басқарды.
Жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы – парламенттік республиканың ұсынылуы сол кездегі жағдай үшін бірден-бір дұрыс қағида болатын. Екі палатаның бірлескен отырысында сайланған Президент жоғары өкілді орган алдында жауапты болмады. Егер Парламент алдында Президент те жауапты болса, онда бұл органның билігі абсалютті болар еді. Сондықтан да партия бағдарламасында мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу идеясы енгізілді. Партия бағдарламасы бойынша заң шығару мемлекеттік дума құзырында болды және атқарушы орган қызметіне бақылау жасау мүмкіндігі берілетін сауал салу құқығы да берілді.
Партия бағдарламасының бірінші бөлімінде демократияның ең жарқын көрінісі – сайлау туралы да айтылады. «Депуттарттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады». Яғни, азаматтардың саяси құқығы, шыққан тегі, діні, сенімі, қызметі, мүлкі және жыныс айырмашылығына қарамай, барлығын сайлау құқығын жүзеге аыру арқылы бекітіледі.
Ғасырлар бойы хаыққа ауыртпалық болып келген салықтың халықтың өздері сайлаған өкілді орган – мемлекеттік думаның келісімінсіз салынбауы да Алаш қайраткерлерінің заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысынан туған. Өйткені, мемлекеттік қазына мен халықтың иұрмыс деңгейі де көп жағдайда салық саясатына тікелей байланысты еді. «Салық байлық деңгейі мен жалпы дүние-мүлік жағдайына сәйкес алынуы шарт,бай-көбірек,кедей-аздау төлесін ».Салық салудың мұндай тәртібі әділеттілік талаптарына және қазіргі заманға да толық сай келеді.
Бағдарлама жобасының «Жергілікті бостандық» деп аталатын бөлімінде қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия
құру туралы мәселе ең бірінші кезекке қойылады. Онда былай деп аталады: «Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей республикасының федерациясының бір ағзасы болуы. Реті келсе, қазақ автономиясы достас халықтар мен әзірге бірлесе болуы, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болуы.Қайткенде де осы күнгі земствалықты қабыл алуы».
Бағдарлама жобасында «Алаш» партиясының қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарда қызмет ететін адамдарының халыққа пайдалы да, адал қызмет ететін механизмін жасау жөнінде ұсыныс жасайтыны және оны өмірге енгізу үшін күресетіндігі туралы да сөз болады. Ал земство басқармалары мен милицияларында адал адамдардың қызмет етуі үшін оларды халық қалауына ұсыну туралы идея жергілікті басқарудың таза демократиялық түрін білдіреді. «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртын тарықпау жағына бастайды.
Заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуді басты мақсаттың бірі ретінде көрсеткен бағдарлама жобасынан әділдік пен адамгершілік желінің қалай есетінін де байқау қиын емес. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатындарға аяусыз күрес жүргізуді мақсат тұтқан «Алаш» партиясы әлеуметтік-әділеттілік саястын жүргізуге ұмтылды.
Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі нағыз таза демократиялық және адамгершілік принциптеріне құрылып жасалған. «Дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей барлық адам тең құқылы болады. Жиылыс жасауға, қауым жасауға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік».
Адамның аса маңызды құқықтары болып табылатын бұл принциптер тіпті алғашқы кеңестік заңдарда да кездеспейді. «Алаш» партиясы қайраткерлері көрсеткен, тарихи тұрғыдан алғанда өз уақытынан идеялық жағынан озып кеткен бұл принциптер 78 жылдан кейін ғана 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында өз орнын тапты. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық принципі де бағдарлама жобасынан қалыс қалмаған.
Бағдарламаның «Билік һәм сот» деп аталатын бөлімінде сот билігі және оның ішінде билер соты туралы айтылады. Билік пен соттың әр халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар аударған бағдарлама авторлары халыққа таныс емес құқықтық нормаларды енгізуге қарсылық білдіреді. Олардың айтуынша құқықтық нормалар мен билік халықтың тұрмыс-тіршілігі мен даму деңгейіне сәйкес болуы керек, яғни соттар істі әрбір халықтың тұрмыс жағдайларына қарай қарауға тиіс. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты ескерген Алаш қайраткерлері «қырдағы ауыл, болыс ішінде билігінен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылғаны жөн» деп табады. Мұндағы «жұрт ұйғарған ережелер» деп қазақ билерінің түрлі жиындарды сот істерін шешу кезінде басшылыққа алған ережелері айтылып отыр.
Аталған бөлімде билік ету және сот жүйесінің басқа да қағидалары көрініс тапқан. Олар: би мен судьяның жергілікті халықтың тілін білуі, аралыс халық тұратын жерлерде соттың тергеу-тексеруі мен шешімі сол жердегі көпшілік болып табылатын халық тілінде жүргізілуі, билер мен судьяның тергеусіз орнынан түспеуі, заң мен сот алдында барлық адамдардың тең болуы, Құдайдан кейінгі ең күшті би мен судья болып танылып, барлық адамның солардың үкіміне мойынсұнуы, сот шешімінің тез орындалуы, қазақ көп жерде сот тілінің қазақ тілінде болуы және т.б.
«Алаш» партиясының бағдарламасын жасаушылар мемлекттің зайырлық негізін бекітудің қажеттігін де атап көрсетті. «Дін ісінің мемлекет ісінен бөлінуі» бағдарлама жобасында прогресшіл маңызды көрсеткіштердің бірінен саналады. Мұндағы ең басты нәрсе діннің мемлекет ісіне, мемлекеттің дін ісіне араласпауы. «Дін біткенге тең құық. Дін жаюға ерік.Кіру-шығу жағына бостандық». Яғни, әркім діни сенімі бойынша тең және еркін. Діни сенімі бойынша артықшылық немесе кемсітушілікке жол берілмейді.
Ислам дінінің Қазақстанға сырттан енгенін және оны таратуда Орта Азия мен татар діни орталықтарының белсенді рөл атқарғанын ескерген қазақ зиялылары қазақтардың өз алдына мүфтиі немесе діни орталығы болуы қажет деп есептеді. Неке қию мен ажырасу, балаға ат қою мәселелерінің молдаларға берілуі, мұсылмандық неке құқығының прогресшіл жақтарын ескергендіктен енгізілген болса керек.
Күйеуге шығу құқығы әйелдердің өздеріне байланысты болды. Қалың мал жойылды, молдалар он алты жасқа толмаған қыздар мен он сегіз жасқа толмаған ер балалардың некесін қиюына тыйым салынды және неке қию кезінде молдалар екі жақтың: қалыңдық жағының да, күйеу жағының да келісімін алуға тиісті болды. Жесір дауының сотта қаралуы да әйелдер құқығын қамтамасыз ету шараларының бірі еді.
Бағдарлама жобасында ел қорғау мәселесіне де басты көңіл бөлінген. Әскер жасына жеткендерді жергілікті жерлерде әскер ісіне үйрету және қызмет еткізу ұсынылды. Алаш көсемдерінің бірі М.Дулатов мемлекет қауіпсіздігі мен ел қоғаны туралы былай деп жазады: «Кімнің білегі жуан болса, сол жұрт болады. Кім күшті болса, сол дегеніне жетеді».Ол өз алдына дербес мемлекет болу үшін алдымен әскер жасақтау қажеттігін, күшті әскердің болуы басқа елдерді санасуға мәжбүр ететінін айтады. «Бұл заманда әскері жоқ жұрт-жұрт емес, құл. Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз. Қайсысына түссек те, ерік өзімізде. Бір жол - құлдық жолы. Екінші жол – жұрттық жолы. Осы бастан автономия алудың қамына кіріссек, милициямызды жасап алып, қарамызды көрсетсек, Алашорданы үкіметіміз деп тіресіп қорғасақ, бізді ешкім басынбайды. Үкіметі бар, әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі».
Бағдарлама жобасындағы жер мәселесінде бұрынғы жылдары қазақтардан жердің жаппай тартып алынғаны ескеріліп, жерді ең алдымен тұрғылықты халыққа қайтарып беруде әділ шешу міндеті қойылған және жерді сатуға үзілді-кесілді тыйым салынған жердің бүкіл байлығы; кені, қазынасы, өзендер мен көлдері және ағаштары мемлекет меншігінде болуы тиіс екендігі айрықша атап көрсетілген.
Заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуді басты мақсаттың бірі ретінде көрсеткен бағдарлама жобасынан әділдік пен адамгершілік желінің қалай есетінін де байқау қиын емес. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатындарға аяусыз күрес жүргізуді мақсат тұтқан «Алаш» партиясы әлеуметтік-әділеттілік саястын жүргізуге ұмтылды.
Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі нағыз таза демократиялық және адамгершілік принциптеріне құрылып жасалған. «Дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей барлық адам тең құқылы болады. Жиылыс жасауға, қауым жасауға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы мен ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан саяси қайраткерлердің жанкешті қызметін жоғары бағалап, былай деп жазды: «Алаш» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Онда тұжырымдалған өтпелі кезең қағидалары жаңғырту қарекетін біршама жүйелі атқаруға жағдай жасады. Олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша ұлттың бас біріктіруіне жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай қалды. Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетімізідің қалыптасуына қазақ зиялыларының көзге түсе бермейтін, бірақ мейлінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауы тиіс».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет