Алатау жалпы орта білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Искакова Раушан Куандыковнаның озық іс-тәжірибесі
Тақырыбы: Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері
Кіріспе...................................................................................................................3-4
І. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту.................................................5
1.1. Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы................................................5-7
1.2. Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі..8-10
1.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы....................................................................................................11-17
ІІ. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері............................................18
2.1. Мазмұндама – оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы.....18-24
2.2. Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері................................25-29
2.3. Диктант және оның түрлері......................................................................30-32
Қорытынды..........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................34
Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қазақ тілінің жазба жұмыстары» деп аталады Курстық жұмысымды зертттеу барысында қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың шығармашылық , оның түрлерін ажыратып, жаңғырту, жаңа тхнологиядан іздену – тіл дамыту жұмысының басты мақсаты болып саналады. Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, екі тарау, алты бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмысымның бірінші тарауы: «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту» деп аталады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың маызы». Бұнда оқушылардың алған білімін жиі және жедел тексеруде қысқа мерзімді жазбаша жұмыстардың үлкен мәні негізге алынды. Бақылау, лездеме жұмыстары арқылы оқушылардың терең әрі нақты білім алуына, сондай-ақ білім алу барысында жіберілген олқы тұстарын тез арада анықтауға мүмкіндік беретін басты құралдардың бірі ретінде қарастырылды. Екінші бөлімде «Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі» деп аталады. Бұл бөлімде мектепте балалардың білімін жетілдіруде, әдебиетті терең түсінуде, одан алған әсерін сезіне білуде орны ерекше жұмыстың бір түрі- жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі терең ұғынылды. «Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы» деп аталатын үшінші бөлімде - Дәстүрлі оқытудағы барлық жазба жұмысының басты мақсаты – балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып жан-жақты қарастырылды.
Курстық жұмысымның екінші тарауы – «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері» деп аталады. Бұл тарауда үш бөлім үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде «Мазмұндама – оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы» қарастырылған. Бұнда мазмұндама арқылы балының өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі қарастырылып, мазмұндама жүргізу мақсатына қарай, тәсіліне қарай және жеткізу тәсіліне қарай түрлері жан-жақты терең ашылды. «Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері» деп аталатын екінші бөлімде - сөз үйрету арқылы сөздің мағынасын білдіру, сөзді таңдай білуге, әр шығарманың әр бөлімне лайықты сөз қолданысын меңгеруге және ойтатау арқылы сөзден идея тудыру, идеяны түсіндіру, идея мен тақырыпты ұғыну арқылы, шығарма жазуға дайындаудың әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылды. Үшінші бөлім «Диктант және оның түрлері» деп аталады. Бұл соңғы бөлімде оқушының ізденіс, қызығушылығын қалыптастыру арқылы зиятерлігін арттыру. Сонымен қатар диктанттың түрлері: сөздік диктант, есте сақтау диктанты, көру диктанты, терме диктант, шығармашылық диктант, бақылау диктанттары қарастырылып, диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптары терең жан-жақты зерттеліп ашылды.
Курстық жұмысты зерттеу барысында Қазақ тілі мен әдебиетінің майталман маманы Құсаиын Айтқалиевтың жазба жұмыстарын жүргізу тәжірибесін және М.Калинин тағыда басқ ғалымдардың айтқан пікірін қарастырып, бірнеше кітаптар мен журналдарды пайдаландым.
І. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту.
1.1. Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы.
Оқушылардың алған білімін жиі және жедел тексеруде қысқа мерзімді жазбаша жұмыстардың үлкен мәні бар.
Бұл жұмыстардың құндылығы жоғары, өйткені оны өте жиі жүргізуге болады. Алайда жаңа материалды игеру жоспарына кедергі келтірмеу керек. Бұл жұмыстың нәтижелілігі сол, оқушы біліміндегі олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Негізінен, мұндай жұмыстарда формулаларды, ереже немесе теоремаларды игеру және бекіту деңгейін жүргізген абзал. Мұның нәтижесінде оқушылар теориялық материалдарды дер кезінде оқып үйренеді және үй тапсырмаларын жүйелі орындауға дағдыланады.
Осындай «лездеме-жұмыс» қазақ тілі пәнінің қай бөлімін өткізгенде де жүргізіледі. Сондықтан оқушылар бұған қай мезгілде де дайын болуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, «лездеме-жұмыстар» кезінде оқушылардың басым бөлігі жақсы және үздік бағалар алады.
«Лездеме-жұмыстар» оқушылардың терең әрі нақты білім алуына, сондай-ақ білім алу барысында жіберілген олқы тұстарын тез арада анықтауға мүмкіндік беретін басты құралдардың бірі болып табылады. Егер мұғалім мұндай жұмыстарды жеткілікті әрі жедел жүзеге асырған жағдайда үлгірмеушілікке жол бермейді.
Енді біз осы жұмысты ұйымдастыру мәселесіне қысқаша тоқтала кетейік. Тәжірибе дәлелдегендей, «лездеме-жұмыстар» сабақтың соңында оған қалдырылған 8-20 минут аралығында жүргізілгені тиімді. Жұмыс екі нұсқада беріледі. «Лездеме-жұмысты» бастамас бұрын оқушылардан парта үстінде ештеңе қалдырмауы сұралады, содан соң ғана мәтіндері жазылған карточкалар мен дәптерлер таратылады. Біздегі жұмыс мәтіндері сыныптар және тақырыптар бойынша нөмірленген және әрбір нөмір 20 дананы құрайды. Бұл тұтас сыныпта екі нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларға таратылған дәптерлерде «бірінші нұсқа» немесе «екінші нұсқа» деген жазу болады. Бұл оқушы дәптерде жазылған нұсқаны орындауға міндеттейді.
Оқушы дәптерді алған соң оны ашпай партасына қояды. Тек оқушылардың жұмысқа әзірлігі тексерілгеннен соң олар дәптерлерін ашып ай, күнін және жұмыс тақырыптарын жазуға кіріседі. «Лездеме-жұмыстарды» әр оқушы әр түрлі жылдамдықта орындайды. Бірақ біз тапсырманы орындаған оқушының жұмысын сол мезетте алып сыныптан босатуды дұрыс деп санамаймыз. Біріншіден, тапсырма орындаған оқушы өз жұмысын бірнеше рет қайта тексеруге үйренеді, екіншіден, сабақ кезінде тысқа шығып кеткен оқушының әрекеті көптеген мектептердің ішкі тәртіп ережесіне қарама-қайшы келеді. Сондықтан біз қоңырау соғылысымен барлық оқушылардың жұмысын бір мезгілде аяқталуын дұрыс санаймыз. Бұл, сөз жоқ, жұмыс мазмұны және уақыт бойынша оқушыларды бірдей жағдайға теңестіреді.
Жасыратыны жоқ, кейбір оқушылар бақылау жұмыстарын өз білігімен тез орындайды да, сыныптан шығып кетеді. Біздің байқағанымыз: көп жағдайда сондай оқушылар кездейсоқ қателер жіберіп алады, бұл өз кезегінде жұмыс сапасын төмендетеді. Ендеше жоғарыда келтірілген талаптар жұмысты орындау барысында ондай келеңсіздіктерге жол бермейді.
Бақылау жұмысын орындап бітірген оқушы қалғандарына кедергі келтіреді не көмектеседі деп қауіптенуге негіз жоқ. Біздің пікірімізше, оқушыларға үлкен сенім артқан жөн, мұндай талаптар жиынтығы бүкіл сыныпқа қолайлы әсерін тигізеді. Өйткені «лездеме-жұмыстар» мазмұнының өзі басы артық қосымша қағаздарды қолданудың тиімсіздігін көрсетіп отыр.
Мұғалімдер оқушылардың математикадан әріп белгілерін меңгеру кезінде көптеген қиындықтарға кезігетіндіктерін алға тартады. Бұл қиындықтарды белгілі дәрежеде жеңуге болады. Ол үшін мұғалім математикалық бақылау жаттығуларын жүйелі түрде өткізіп отыруы қажет. Ондай жұмыстарды атқарғанда мынандай мақсаттар алға қойылуы тиіс:
оқушыларға әріп белгілерін пайдалануды үйрету;
сөздік мәтіннен әріп белгілеріне саналы түрде өтуге баулу;
оқушылар санасына іс-әрекет және көп тараған алгебралық көріністерді бекіту.
«Математикалық диктанттар» өткізу әдістемесінің қазақ тілі бойынша диктант жазу әдістемесінен айырмашылығы шамалы. Бастапқыда оқушылар диктант мәтінін толық тыңдап алады, одан соң мұғалім әрбір сөйлемді бөлек айтады, ал оқушылар тиісті формуланы жазып көрсетеді, ал қалған оқушылар өз жазғандарын сонымен салыстыра тексеріп, қателері болса түзетеді.
«Математикалық диктант» бақылау жұмыстары сипатына ие. Мұғалім диктант соңынан дәптерлерді жинап алады және сабақтан соң тексереді. Жұмыстың бұл түрін сабақтың қай кезеңінде де өткізуге болады, ол үшін сабақтың соңындағы 10-15 минут жеткілікті. Мұндай диктанттар 4-сынып оқушылары үшін аса пайдалы. Жоғары сынып оқушылары арасында да мәтінді күрделендіре отырып өткізуден бас тартпау керек.
1.2. Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі.
Мұғалім бір жағынан, бойындағы бар білгенін береді, ал екінші жағынан, халықтың өміріндегі, ғылымындағы таңдаулы атаулының бәрін суша сіміріп, өн бойына дарытады да, осы таңдаулыны қайтадан балаға береді» деп М.Калинин айтқандай, саналы өмірінде білгенін шәкірттеріне үйретіп, өзі де үйренуден, білімін жетілдіруден, озат тәжірибесін әріптестерімен бөлісуден жалықпайтын, соның нәтижесі ретінде халық құрметіне бөленген біртуар ұстаз- КСРО халық мұғалімі, Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұғалім, Еңбек Қызыл Ту орденінің, «Еңбектің ерлігі үшін» медалінің иегері Айтқалиев Құсиын Айтқалиұлы.
Ұстаздың өз еңбегіне деген сүйіспеншілігін оның әр сабағына деген дайындығынан, ізденісінен көреміз. Ол әр сабаққа дайындалар алдында өзінен-өзі «Осы тақырып оқушылар өмірінің қай жерінен кездесуі мүмкін, оны қалай пайдаға асыра алады, ол үшін мен не істеуім керек?» деген сұрақ қоя отырып, соған жауап беруге, соны меңгерту әдістерін іздестіруге керекті материалдар мен көрнекіліктер жинайды.
Құсайын оқушылардың газет-журнал беттеріндегі жаңалықтармен, тәрбиелік мәні бар материалдармен танысуына баса назар аударып, басшылық беріп отырады. Ол үшін өзі сабақ беретін сынып оқушыларына газет-журнал материалдарына арнап дәптер ашқызған. Сол дәптерге әрбір оқушы өздері оқыған баспасөз беттеріндегі керекті деген мақалалар мен суреттерді қиып алып жинастырады, тақырып бойынша топтастырады. Әдебиет сабағында белгілі бір материалды өткен кезде оқушылардың шығармамен тақырыптас немесе мазмұны жағынан ұқсас материалдары бойынша сөйлеуге мүмкіндік беріп отырады. Өз бетімен жұмыстың осы түрі арқылы мұғалімнің оқушылардан сыныптан тыс оқуына, тілін дамытуына, сабақтың тәрбиелік мәніне баса назар аударатыны көрінеді.
Құсайын Айтқалиев оқушылардың бесінші сыныптан бастап алған әдеби теориялық білімдерін сыныптан сыныпқа көшкен сайын кеңіте түсіп, он бірінші сыныпта бағдарлама материалына сәйкес қайтадан жүйелеп, әр шығарма тұсында бекітіп отырады. Көлемді шығарманы оқыту үстінде оқушының әдебиет теориясы туралы білімін өмірлік қажетіне жаратып, толық білмейтін ережелерді естеріне түсіріп, білімдерін бекіте түседі. Сөйтіп, оқушыны әдебиеттің маңызына, адамды адамгершілік мұраттарға тәрбиелейтін құдіретті күшіне көз жүгірттіріп қоймай, қоғамның дамуына ықпал етуге үйретеді. Сонымен қатар, әдебиеттің эмоциялық табиғатына оқушы назарын аударады. Баланың ой қиялын, сезімін оятумен қатар шығарма кейіпкерімен бірге қуана да, ренжи де білуге және жақсыны үйреніп, жаманнан жирене алатын оқушы санасын қалыптастыруға көңіл бөледі.
Мектепте балалардың білімін жетілдіруде, әдебиетті терең түсінуде, одан алған әсерін сезіне білуде орны ерекше жұмыстың бір түрі- жазба жұмысы. Ұстаздың әдебиет сабағында оқушылардың жазба жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыру тәжірибесі де жас мамандарға үлкен көмек болары сөзсіз.
Оқушылардың өз ой- пікірлерін кең және еркін білдіретін шығарма жазуға дайындық сатысы ол – мазмұндама жазу. Мұғалім V-VIII сыныптар аралығында мазмұндама жаздырғанда, мәтінді оқушыларға оқытып, оған жоспар құрғызады. Жоспар жасау арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттырып, олардың өз пікірін ашық та анық айтуға үйретеді. Бір мәтіндегі бір-бірімен байланысты ойлардың өзара жігін таба білуге дағдыландырылады. Бұл жұмыстар оқушының жазғалы отырған мәтінде толық әрі жан-жақты түсінуіне мүмкіндік береді. Балаларды өз ойларын жүйелеп жазуға үйретеді. Мазмұндама жазғанда мынадай жұмыстар қатаң сақталады.
Кіріспе (тақырып бойынша жалпы түсінік, шолу, автор жайлы бірер сөз).
Мәтінді оқу, талдау (алдымен мұғалімнің бағыт-бағдар беруі, оқушылардың мазмұндамаға байланысты әңгімесі, мәтіндегі негізгі ойға талдау жасау, мазмұнды ашуға тікелей қатысты тірек сөздерге түсінік беру, мағыналық жағынан талдауды қажет ететін сөздер, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге тоқталу, т.б.).
Қорыту (жоспар жасау, жеке білімдерді жинақтау, бір оқушыға мәтіннің мазмұнын әңгімелету, туындының ой түйіні өрілген тұсын баса көрсетіп, жоспарға енгізу, жеке білімдердің мазмұндық ерекшеліктерін оқушының анықтауына бағыт беру).
Қайталау (балалардың түсінбеген тұстарына тоқтау, мәтінді тұтас немесе қиын тұстарын қайталау).
Мұғалім өз тәжірибесінде мазмұндама жазуды бағдарламалық материалдардың ішіндегі таныс мәтіндерден бастайды. Мұндай жағдайда шәкірт шығарманың әрбір бөлімін бұрынғыдан да гөрі тереңірек меңгереді. Екіншіден, өздеріне таныс мәтінді сауатты әрі сапалы жазуға төселеді. Мазмұндама жазар алдында ұстаз балалармен дайындық жұмыстарын жүргізеді. Шығарманың бірнеше тараудан тұратынын ескертеді. Сондықтан әр тарауды жеке-жеке оқып, мазмұнын түсініп, талдап, жоспар жасап, ат қойдырады. Содан соң мәтінді түгел оқытып, жинақтап, түсініктерін ауызша айтқызады. Осы бөлімдердің біреуі бойынша келесі сабақта мазмұндама жазатындарын ескертеді. Балалар үйлерінде өз беттерінше мазмұндама жазу үшін жеке-жеке тақырып таңдайды. Мазмұндаманы сыныпта жазғанда балалардың дайындап келген бірнеше тақырыпшасы бойынша жазудың үлгісін көрсетеді. Алдымен оқушының жеке ойы тыңдалады, оны мұғалім өз ойымен байытып, ортақ пікірге келеді.
1.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы.
Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласында жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты- балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту үрдісінде де жүргізіліп келеді.
Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену- тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.
Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың төрт түрін ұсынуға болады: сөздік диктанттың жаңа түрі; модельге негізделген диктант; «өзің біл» диктанты; «бестік » диктанты.
Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылыққа, жазу мәдениетіне баулу; көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру.
Шығармашылық диктанттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі тиіс: диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың алынуы; даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу; көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну; оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады; диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерін ұсыну.
Диктант жазар алдында шығармашылық байқау жариялауға болады. Байқау оқушыларды ынталандырады, олардың назарын бір мақсатқа жұмылдырады.
Ал қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген бұл сөздік диктанттың әдістемесін нақты мысалдармен түсіндіруге болады.
I кесте. Сөздік диктанттың I түрі
Мұғалім оқитын сөздер
|
Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы
|
Көксерек
Құрмаш
|
Аңшылар ауылға әкелген қасқырдың бөлтірігі
Көксеректі бауырына басып, аялап өсірген бала.
|
Сөздік диктанттың II түрі. Керісінше, сөздің мағынасы айтылады, оқушы ол сөзді табады.
II кесте. Сөздік диктанттың II түрі
Мағынасы
|
Сөздер
|
Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты.
Бөлтірікті өсірген бала.
Көксеректі бастан теуіп еңіреген адам
|
Көксерек
Құрмаш
Құрмаштың әкесі
|
Мұндай диктанттарды қазақ тілінің қай тақырыбы болмасын әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармаларды негізге ала отырып, бірлікте жүргізуге болады. Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да, жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық; әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі пәніне пайдалана білулері.
Шығармашылық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдыға келтіру немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модельдеуді диктанттарға да пайдалануға болады.
Сөздік диктанттардың келесі түрі модель толтыру негізінде жазылады. Оның әдістемесі. Диктант екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде диктант мәтіні оқылады. Ол әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармадан алынады. Мысалы, 6-сыныпта оқып жатқан Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім ?» өлеңінің негізінде жазғызуға болады. Көп нүктенің орнына оқушылар керекті сөзді тауып жазады, яғни Мағжанның өзіне берген бағасын еске түсіре отырып жазады. Екінші кезеңде мұғалім алдарына ұсынған модель-сызбаны толтырып, диктантты ары қарай жалғастырады.
Үлгі:
Арыстанмын
Күнмін
Мен кім? Жолбарыспын
Тұлпармын
Бұлтпын
Екінші кезеңде өлеңді еске түсіру мақсатында мұғалім мәнерлеп оқиды. Сызбаның сұлбасы ғана беріледі, ал оқушылар әдебиеттен, қазақ тілінен алған білімдері бойынша оны жоғарыдағы үлгіге қарап өздері толтырады.
Сөздік диктанттың бұл түрі мына кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде тапсырмалар беріледі, мақсат түсіндіріледі. Екінші кезеңде оқушылар керекті сөздерді теріп жазады, өлеңнің түпнұсқасындағы сөздерді дәл жазу арқылы ақын «Менінің» моделін толтырады. Үшінші кезеңде қазақ тілі бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Моделдеріндегі есімдіктерді, зат есімдерді тауып, тұлғасына қарай талдайды. Талдау түрлері мұғалім қалауына қарай басқаша да болады. Төртінші кезеңде оқушы өзіне «Мен кім?» деген сұрақ қоя отырып, «Мағжан ізімен» деген тапсырма орындайды. Онда олар өздеріне өздері баға беріп, өз «Менін» толтырады. Бесінші кезеңде осы соңғы тапсырманы «Сен кімсің?» деген сұрақ арқылы, бір-біріне баға беру арқылы жалғастырады. Осы жұмыстардың үлгісі төмендегідей болады.
Мағжанның «Мені»
Мен кім?- Арыстанмын
-Жолбарыспын
Оқушының өз «Мені»
Мен кім?- Жас тұлпармын
Жас қыранмын т.с.с
Бір-біріне берген баға:
Сен кімсің? – Үлгілі баласың т.с.с.
Соңғы бесінші кезеңдегі тапсырмалардың білімділік мәнімен қатар тәрбиелік мәні де зор. Ол әділдікке, турашылдыққа, өз-өздерін бағалай білуге әсер етеді. Сөздік диктанттарда да оның тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлген жөн.
Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болды. Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді. Үшіншіден, өздерін-өздері, бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетлдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады. Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, түзету жасауға тиімді болып келеді. Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды. Бұл үрдіс бесінші, алтыншы кезеңдерде жүзеге асады. Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі- «Өзің тап». «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына үстеулер т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдыда жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, түзету жұмысын жүргізеді.
«Өзің тап» диктанты арқылы тіл дамыту үрдісін жүзеге асыру әдіс-тәсілдерін төмендегі жолдармен жүргізуге болады.
6-сынып. Қазақ тілі: Көсемше.
Әдебиет: Д.Исабеков «Ата үміті».
Берілген тапсырмалар.
Көсемшелерді қайталаңдар.
Д.Исабековтің «Ата үмітінің» мазмұны мен бас кейіпкерлерін еске түсіріңдер.
Алдыңда үзінді жатыр. Асты сызылған көсемшелердің «Ата үмітіндегі» түпнұсқасын табыңдар.
Диктантты жазып болған соң мәтіндегі 2 көсемшеге, түпнұсқадағы 2 көсемшенің жасалу жолына талдау жасаңдар.
Түн жарымы ауды. Немересі ойлап жатып-ақ қалғып кетіпті. Жас ұлғайған сайын ұйқы үркек бола ма, ертеңге де керек адамбыз, дем алайын деп қанша көз жұмса да, Тоқаңның кірпігі айқаспай-ақ қойды. Әрі Омаштың осы кезге дейін қайтып оралмауы ойын сан-саққа шашыратып, көңіліне әлдеқалай бір күдік пен қорқыныш туғызды. «Бұ пәтшағар қайда жүр? Әне бір тентек суды жұтып-жұтып қазан арыққа түсіп кетті ме екен? Жеті түнде мас боп келсе, апшымызды тарыдай шашыратып, немеремнің жүрегінің отын алады-ау. Аспаннан түскен әзірейілдей боп қайдан ғана сап ете түсіп еді, бар болғыр. Ала сиырды үш мезгіл тұқыртып арқандау мұң боп жүргенде, адырда ұйықтап, дермене ору не теңім еді. Е, Алла, әйтеуір, арты қайырлы болса болғаны да!».
«Өзің тап» диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды: оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді; сөздік қорының баюына ықпал етті; пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды.
Бестік диктанты. Шағын шығармашылық диктанттардың бірі- «Бестік» диктанты.
Оның моделі төмендегідей:
1 2 3 4 5
Сөз – сөйлем- сұрақ- жауап- жазу.
Диктант әдебиеттен оқып жатқан тақырыппен байланыстырылады. Мысалы, 6-сыныпта М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан «Біржан сал Абай аулында» деген үзінді берілген. Оқушылар алдын ала диктантты жазудың әдістерін меңгеруі керек. Сол себептен де мұғалім түсінік жұмысын жүргізеді. Әдебиеттен өтіп жатқан шығарманы қайталап оқып, қайталауды тапсырады. Дайындық кезеңі үйде орындалады. Ал сабақта мұғалім диктанттың тақырыбын жазады. Оның моделі әр оқушыға таратылады, модельден ауытқуға болмайды, оның қатары қатаң сақталады.
Диктантты жүргізу әдістемесі.
Мұғалім «Сөз» дегенде, бала «Біржан» деуі мүмкін немесе «Абай» деуі мүмкін.
Мұғалім «Сөйлем» дегенде оқушылар «Біржан Абай аулында» немесе «Біржан Абай аулында қонақта отыр» деуі мүмкін. Енді сұрақ қойылады.
Сұрақ: - Біржан Абай аулына неге келген?
«Өнерімен үлгі беруге келген» немесе «Абай оның әнін тыңдауға шақырған» деген сияқты жауаптар айтылуы мүмкін.
3 кесте. Диктант жүру барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті.
Мұғалім сұрағы
|
Оқушы жаубы
|
Оқушы жазған диктант мәтіні
|
Сөз
Сөйлем
Сұрақ: неге келді?
Жауап
|
Біржан
Біржан Абай аулында
Өнер шашуға келді
|
Біржан Абай аулына өнер шашуға келді.
|
Түзету жұмыстарынан кейін дайын болған мәтінді мұғалім қайталап оқып жазғызады. Осы үлгіде диктант ары қарай жалғасады.
«Бестік диктанттың» өзіндік ерекшелігі сол- мәтін әдебиеттен оқып жатқан көркем туындыдан алынады, екіншіден, ол қазақ тіліндегі тақырыппен байланыстырылады, үшіншіден, оқушы әдеттегі диктанттардағы өнімсіз іс-әрекеттен, яғни көшіруші, қайталаушы емес, оның мәтінін өздері құраушы дәрежесінде болады.
«Бестік» диктанттарды поэзиялық шығармалар негізінде де жүргізуге болады. Өлең мәтіні оқушылардың алдында жатады. Мұғалім сұрақтарына оқушылар өлеңнен жауап іздеп, тауып жазып отырады. Бұл жұмыстар көру диктантына үндес болып келеді.
ІІ. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері.
2.1. Мазмұндама – оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы.
Мектептерде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы екі түрлі бағытта іс жүзіне асырылады. Осы уақытқа дейін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ болып келеді. Ал қазір тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану өрісі кеңейіп, іс қағаздары қазақша жүргізіліп жатқанда, мемлекет тілде тек ауызекі сөйлеумен шектелудің жеткіліксіз екені айқын байқалуда. Сондықтан ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге арта түсуде, өйткені адам өз ойын жазбаша, сауатты, әдеби-көркем тілде жеткізе білгенде ғана, тілді толық меңгерген болып саналады. Бұл нәтижеге жетуде көптеген жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері жүргізілуі қажет.
Оқушылардың жазбаша тілін дамыту әдісі де жаңадан дамып келеді. Оқушылар тілдік нормаларды айту, сөзді қолдану, сөйлем құрастыруды біле отырып, жазбаша, ауызша өз ойларын жеткізуге, тілдік құралдарды қолдануға талпыну керек.
Оқушылардың тілін дамытуда қазақ тілі сабақтарында келесі жұмыстар жүргізіледі:
сөйлеудің дыбыстық жағынан жұмыс;
сөздің мағыналық бөліктері;
сөз және фразеологизмдермен жұмыс;
сөздің морфологиялық формасы бойынша жұмыс;
сөз тіркестерімен жұмыс;
тіл мәдениеті бойынша жұмыс;
сөйлем бойынша жұмыс;
стилистика бойынша жұмыс;
ауызекі сөйлеу бойынша жұмыс.
Осыған байланысты оқушылардың тілін дамыту 3 бағытта жүргізіледі
1. Оқушының сөздік қорын байыту. Жаңа сөзбен толықтыру, сөздің мағынасын, қолдану аясын анықтау. Сөздік қор қазақ тілі сабақтарында жаттығу орындау, шығарма, мазмұндама жаздыруда жүйелі түрде өткізілетін сөздік жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде маңызды талаптардың бірі- оқушыларды таныс емес сөзді көруге, сөздікті қолдануға дағдыландыру.
2. Қазақ тілінің әдеби нормаларын меңгеру. Бұл сөздерді дұрыс айтуға, сөз тіркестерінің, сөйлемнің құрылысын білуге, сөз таптарының стильдік мүмкіндіктерін, синтаксистік құрылымын білуге дағдыландыру. Мысал үшін берілген үлгіде сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.
Зат есім+зат есім
Сын есім+зат есім
Зат есім+етістік
Есімдік+ зат есім
3. Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш сыныптан-ақ басталады. Тілдік жаттығуларды жазбаша түрде орындау оқушының жазбаша тілін дамытудың алғашқы басқышы деуге болады. Диктант түрлері жазбаша тілдің негізгі шартты белгісінің бірі болып саналады.
Дегенмен оқушының тілін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен шығарманың орны ерекше. Мазмұндама жаздыру- балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі.
Әдетте мазмұндама оқыған мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуден басталады да жазбаша мазмұндауға ауысады. Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады.
Мазмұндама арқылы балының өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі арқылы көрінеді. Ол берілген мәтінге байланысты, оның негізінде орындалады.
Мазмұндама жүргізу мақсатына қарай:
үйрету
бақылау
Мазмұндау тәсілі бойынша:
ауызша
жазбаша
Мәтінді жеткізу тәсілі бойынша:
қысқа мазмұндама
мәтінге жақын мазмұндама
шығармаға жақын мазмұндама болып түрленеді.
Қазақ тілі сабақатарында көбінесе ауызша мазмұндау жұмыстары басымырақ. Мәселен: берілген мәтіннің мазмұнын айтыңдар, сұрақтар бойынша мәтінді әңгімелеңдер.
Бақылау мазмұндама жылына 2-3 рет болуы мүмкін. Үйрету мазмұндама, бақылау мазмұндамаға қарағандаалдын ала дайындалуды қажет етеді. Дайындық бірнеше сабақ бұрын немесе бір сабақ бұрын басталуы мүмкін. Мазмұндама жазбас бұрын бірнеше жұмыс жүргізіледі. Мысал үшін модуль бойынша жазылатын болса, модуль басталған күннен-ақ дайындық жұмыстар басталуы керек. Ал бақылау мазмұндаманы дайындықсыз, 2-3 рет оқылған соң оқушылар жаза бастайды.
Мәтінге жақын мазмұндама- оқушы мәтін мазмұнын мәтіндегі ретімен жүйелі түрде толық жазады. Мәтіндегі оқиғалар мазмұндамада түгел қамтылады. Бұл мазмұндаманы жазуда оқушы мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуде алған тәжірибесіне сүйенеді. Бұл мазмұндама түрін жинақтағы «Бай баласы мен жарлы баласы» мәтіні бойынша 7- сыныпта өткізуге болады.
Қысқа мазмұндама- мәтіннің негізгі мазмұны ғана жазылады, мазмұнды толықтыратын, кейбір мәселелерін түсіндіретін, анықтайтын бөліктері қысқа мазмұндамада жазылмайды. Қысқа мазмұндамада оқушының ой қорытындысы өз сөзімен жазылады. Қысқа мазмұндамамәтінге жақын мазмұндамаға қарағанда, ауырырақ болып саналады. Бұл мазмұндаманы жазу үшін, оқушының өз ойын қазақша білдіре алатын тәжірибесі болуы керек.
Мәтіннің бір мәселесі бойынша мазмұндама жазудағы мұғалім оқушының назарын мәтіндегі негізгі мәселеге аударуды көздейді. Мұнда мәтіндегі негізгі мәселені жақсы түсініп, ал ол туралы толық баяндау көзделеді. Мазмұндама мәтіндегі бір мәселенің мазмұнына байланысты түрде жүйелі баяндауды талап етеді. Жинақтағы «Есеннің кірпісі» мәтіні бойынша 8-сыныпта жазғызуға болады.
Шығармаға жақын мазмұндама ішінара екіге бөлінеді:
1. Тапсырмасы бар мазмұндама- әр түрлі тапсырмалармен күрделенген мазмұндама түрі. Мәтінге жақын мазмұндаманың негізінде алынған, оқушылар мазмұндама жазуда портрет жазуға, оған мінездеме беруге, қорытынды жасауға, мазмұндаманы аяқтауға үйренеді. Қосымша тапсырма дегеніміз- мәтіннің қисынды басталуы, жалғасуы, аяқталуы, толықтырылуы. Бұл оқушыларды шығарма жазуға үйретеді.Мысалы, «Тұмар патша» мәтіні бойынша 9-сыныпта жүргізуге болады.
2. Таңдамалы мазмұндама мақсаты мәтіннің бір бағытын, тақырыбын ашу. Мәтіннен керекті бір материалды алу, бұл мазмұндама мәтіннің қысқартылуын, өңдеуін қажет етеді.
Сондықтан да бұл шығармаға жақын мазмұндау түріне жатады.
Мазмұндама жазудың мақсаттары қандай?
бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру;
жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдану;
ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға, есте сақтауға бағыттау;
оқушының зейінін, ойын дамыту, оқушыны іс-әрекетке ұйымдастыру;
оқушыны есту арқылы өз ойларын жеткізуге дағдыландыру.
Мазмұндама жаздыруда мұғалім нені ескеру керек?
1.оқушының білім деңгейін;
2.дағдысын;
3.жас ерекшелігін;
4.оқушыны неге үйрету ;
5.мазмұндама түрлерін;
6.қазақ тілді мектептер мен орыс мектептерінде мазмұндама талаптары екі түрлі екенін ескеру, айырмашылығы неде екенін айқындау.
Қандай дайындық жұмыстарын жүргізу керек?
1.тақырыпты дұрыс таңдау;
2.дайындық жұмыстарының түрін таңдау;
3.өткізу;
4.талдау, мониторинг жасау.
1. Тақырыпты таңдауда басты талап алынған мәтіннің оқушылар үшін білімдік, тәрбиелік мәні болу керек.
2. Сабаққа дайындық. Бұл жерде мұғалімге тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізуге болады. Мысалы «Ана тілі» тақырыбына 11- сынпта мазмұндама жазғызғанда, сабақтың барысында «Ана тілі» әнін тыңдатуға болады. Содан кейін «Ән не туралы?» деген сауалға оқушыларыңыз бірден «Ана тілі» туралы деп жауап береді. Үлкен сыныптарда оқушылардың өздері сабақтың мақсатын белгілеген жөн.
Тақырыптың тәрбиелік мәні туралы, авторы туралы сөз болады. Мұғалім оқушының назарын ұйымдастыру үшін мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді, мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды. Кіріспе әңгіменің мазмұндама сапасына әсері үлкен.
Оқушылар мәтіннің ең басты сөздерін теріп жазады, екінші бағанаға етістіктерді жазғызасыздар. Содан кейін оқушыларыңыз екінші бағанадағы сөздермен және сөз тіркестерімен, сөйлем құрастырады.
Мұғалім сөздердің синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін тауып, оны орынды қолдануға болатыны оқушыларға ескертеді.
Оқушыларға мазмұндаманың жоспарын жасату керек. Төменгі сыныптарда жоспарды мұғалім өзі ұсынады, кейін мұғалім көмегімен оқушы жоспарды жасайды, одан соң оқушылардың өздеріне жасату дұрыс. Оқушыларды жоспар жасауға үйретудің мәні өте зор, ол тақырыпты толық ашуға көмектеседі. Қазақ тілі мен әдебиетінің майталман маманы Құсаиын Айтқалиевтың жазба жұмыстарын жүргізу тәжірибесі
1. Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушылардың есіне түсіру.
2. Үндестік заңын ескерту.
Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең шумақтарын қолдануға болады. Бұл мазмұндаманы бастауға немесе өз ойларын қорытуға, дәлелдеуге, жалпы тақырыпты ашуға қолдануға болады.
Мазмұндаманы тексеру, оның талдауын дайындау. Әрбір оқушының жазба жұмысы бастан-аяқ қадағаланып мұқият қаралады. Оқушының мазмұндама жазу жөніндегі білімін, шеберлігі мен дағдысын есепке алып отыратын арнаулы дәптерге жазылады. Бекітілген нормаға сай әрбір оқушының мазмұндамасына баға қойылады.
Жалпы мазмұндамаға екі баға қойылады:
мазмұнына;
сауаттылығына.
Мазмұндаманың талдану реті.
Мәтіннің мазмұнына сай толық жазылуы, мазмұндаманың көлемі. Мәтінді дұрыс ұғып, дұрыс бере алғандығы мен оның идеясын қаншалықты түсіну дәрежесі есепке алынады.
Фактілік қателердің болмауы
Мәтіннің жүйелі желімен жазылуы
Логикалық қателердің жіберілуі
Тілдік талдау кезінде жасалған ескертпелердің ескерілуі
Грамматикалық қателердің болуы
Өзіндік редакторлық түзетулердің болуы, оның сәтті қолдануы
Пунктуациялық, орфоэпиялық, орфографикалық қателердің саны, оның сипаты
Жазу мәдениеті
Мазмұндама жұмысының көлемі мен бағалау өлшемдері
Мазмұндама нормалары
|
Сыныбы
|
Сөздер
|
5
|
80-100
|
6
|
100-120
|
7
|
120-140
|
8
|
140-160
|
9
|
190-200
|
10
|
200-220
|
11
|
220-240
|
Шартты белгілер
|
Шартты белгілер
|
Нені білдіреді?
|
[]
|
артық, керексіз
|
>
|
кеңейту
|
=
|
негізгі ойға келіспейді
|
~~~
|
жүйе жоқ
|
Z
|
азат жолдан жазу керек
|
Қ
|
қайталану
|
Х
|
орынсыз қолданылған сөз
|
Е
|
есімдік дұрыс қолданылмаған
|
1,2,3
|
сөз тәртібі дұрыс емес
|
С
|
сөйлем дұрыс қолданылмаған
|
2.2. Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері.
Ең алдымен «Осы шығарма жазу неге керек?» «Қалайда жаздыру керек пе?» деген сұрауларға жауап іздейік.
Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым-түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
Шығарма- оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл- жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.
Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ қағазға, өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой.
* Енді осы жұмысқа баланы қалай дайындап әкелу керек?
* Алдымен, оқушы сабаққа қызығу керек. Әсіресе әдебиет сабағының кіріспе және қорытынды кезінде оқушы белсенділігі басымырақ болатын жұмыстар ұйымдастырған жөн. Жұмбақ шешуге үйрету керек, оның да өзіндік құпия кілті бар жұмыс. Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын сөйлемдер жарысын беруге болады. Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты таптыру, ойланту. Кейіпкер туралы ой қозғату, өзіндік пікірін қалыптастыру, өз көзқарасын айқындауға, қорғай білуге үйрету арқылы жазу жұмысына төселдіруге болады.
* Дегенмен мынаны да ескерген дұрыс. Әуелі баланы мазмұндама жазуға үйрету керек.
Кей бала тыңдаған мазмұнын сол күйінде қағазға түсіре алады.
Кей бала мазмұнды тұтас бере алмайды, жекелеген бөлімдерін нақты, әдемі береді, ал кейбір жерлерін аттата, шалағайлау жазуы мүмкін.
Кей бала тіпті мазмұнды есіне сақтай алмайды, не жүйелі жеткізе алмайды, не сөйлем құрай алмайды.
Кейбір бала мазмұндаманың өзін түрлендіре, әсерлендіре, тіпті кейде өз ойын, пікірін қосып та жазуы мүмкін. Міне, бұл- шығарма жаза аларлық қабілетін танытқан бала.
* Енді сіздің жұмысыңыз екі түрлі бағыт алады: 1. жаза алмайтын баланы жаза білуге жеткізу; 2. жақсы жазатын баланы әңгімелеуге, шағын мәтін құрастыруға, шығармаға пікір жазуға баулу.
Сол сияқты жоспар құрғызу барысында да 2 түрлі нұсқа жасап, күрделі жоспарды кімге беру керектігін шешіңіз. Мысалы, 5-сыныпқа «түлкінің айласы» деген мәтінді мазмұндамаға бердім.
Жай жоспар Күрделі жоспар
Күннің райы 1. Аңшылық
Аңшының көңіл-күйі 2. Орман ішінде
Орман іші 3. Түлкінің қулығы
Байқалған құлақ
Атып алынған түлкі
Аулауға әкелінген түлкі
Зейнұрдың әрекеті
Түлкінің әрекеті
Нені байқадым?
Алдымен күрделі жоспарды ғана ұсынып көрдім. Айтуға қол көтерген бала саны аз болды. дегенмен айтылды.
Содан соң жай жоспарды көрсеттім.
Әдейі бір қатардың бір жағында отырғандар жақсы оқитындар болғандықтан, оларға осы күрделі нұсқаны ұсындым. Қалғаны жай жоспарды алды. Тақтаны сүртіп тастадым
Егер жай жоспарды ғана ұсынсам, сынып түгел жақсы жазып шыға алады екен. Ауызша айтқанда аттап кеткен тұстарын толықтырып жазыпты. Мынадай сөйлемдермен қорытындыланған жұмыстар болды: «Түлкінің аяғынан тағы ату керек еді». Ал осы аталған жұмыстар әлгі күрделі жоспар алған топтан шықты. Сонда менде мынадай ой туды: «Мазмұндаманың аясын кеңейте берсе шағын шығармаға ұласады екен».
Ал енді әңгімені талдау барысында өзіміз практикалық жұмыс жасап көрейік. Мен сіздерге «Пістенің кесірі» деген қысқа әңгімені оқиын.
Мазмұнын біліп алыңыз
Енді осыдан қандай ой түйіндеуге болады, еркін жазып шығыңыз. 2-3 сөйлем жазыңыз.
Дәл осы сәтте баланың бойындағы қай қасиетті сіз анық байқадыңыз?
Шынында кінәлі кім? Тек кінәлі бейнені ғана іздестіріп көріңіз.
Енді осыдан қандай шағын шығармалардың тақырыптарын тудыруға болады? Сіз ше? Әуелі жобаңызды айтыңыз.
Ал енді мен ұсынатын тақырыптарға назар аударыңыз. Ішінен қалағаныңызды жазып алыңыз. Міне, бұл- үйге тапсырма болады.
а. көше тазалығы-сауаттылық кепілі
ә. оқушы тәртібі- өзекті мәселе.
б. жәндіктерге де қамқорлық керек.
в. егер торғайларға жем табылмаса...
г. аяушылықтың негізі адамшылықта.
Байқайсыз ба, айтылған тақырыптар- мәтіннен шыққан қорытындыларым. Сонымен жоғарыда айтылған ойларымызды қорытындыласақ, біз мынадай тұжырымға келеміз.
* Мазмұннан идея туды, идеядан тақырып туды.
* Ойға алған жұмысты атқару үшін мұғалімнен демеушілік, кеңес беру және ойтүрткі жасау ғана байқалады. Ал негізгі жұмысты оқушы атқарады.
* Егер де сіздің алдыңызда күрделі тақырыптың соңын қорытындылау тұрды делік. Көркем шығарманың не кейіпкеріне, не тіліне, не автордың шығармашылығына талдау жасалу керек. Одан соңғы сабақ- екі сағаттық шығарма. Осының алдында қандай дайындық жүру керек?!
1. Мазмұн түгел түсінікті болуы керек.
2. Сол көркем шығарманың идеясы мен тақырыбын бала біле алуы керек.
3. Талдау барысында қорытынды түйін жасалынуы керек.
4. Сондағы басты бейне- қаһарман тұлғасы ашылуы керек:
несімен қызықтырды; өнегелі қандай қасиеттерімен ерекше.
Осы шығармадағы өздеріне ұнаған сөздер мен сөйлемдерді тырнақшаға алып, жазып алу керек.
Жоспар құруға лайықты тірек сөздер табуы керек, болса сол кітаптың өз сөздерінен алуы керек.
Ең бастысы оқушы ойын қозғайтындай нақты тақырып берк керек, бір сөзбен жауап беретін сұраулы сөйлемнің қажеті жоқ.
Бір шығармадан бірнеше тақырып таңдатып үйрету керек.
Сіз осы жерде бір жазушының бір романы туралы жазылатын әлденеше сынды, пікірді, монографиялық еңбекті, диссертацялық қорғауды еске алыңыз.
Олай болса, шығармаға дайындау деген- баланы зерттеуге жетелеу деген сөз. Алатын нәрсесін, жазатын тақырыбын ойша елестетіп, жазып, түзеп, өңдеу арқылы күрделі жұмыс орындалады.
Міне, бұл үдерісте мұғалім мынадай екі жақты жұмысты басты нысана етеді, етуі керек.
Шығармаға дайындау
1. Сөз үйрету 2. Ой тастау
Сөздің мағынасын білдіру Сөздерді таңдай білу Идеяны түсіндіру
Әр шығарманың әр бөліміне Идея мен тақырып
лайықты сөз қолданысын меңгеру байланысын білу Шығармаға қойылар талап әр түрлі, тіпті көп болуы мүмкін, бірақ мақсат- біреу: негізгі тақырып не, соны басты бағдар ету керек. Жоспарлау соның айналасында ғана болуы керек. Мысалы, «Даланың дана ұстазы» (Ыбырай Алтынсаринның ағартушылығы туралы). Кіріспе ұстаздық, даналық, Ыбырай туралы жазу керек. Негізгі бөлімде Ыбырайдың ағартушылығы туралы мақсатын, соған ұмтылысы мен табысын, кедергілер мен әр түрлі көзқарастарды жеңе білгенін, еңбегі мен жемісін, сол кезде алған бағасын, ізі мен өнегесін жазу керек.
Қорытындыда Ыбырай ағартушылығы туралы бүгінгі, сол кездегі кереғар пікірлерді қорытып, өз ойын жазу керек.
2.3. Диктант және оның түрлері.
Әрбір бөлімді өткенде ағымдағы жазба жұмыстары алынып отырады. Әсіресе, дыбыстық, буындық шығарашылық диктанттар көп болса артық емес. Тек дитантты түрлендіріп, көбірек пайдаланып отырса, оқушының қызығушылығы артады. Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқушының ізденіс, қызығушылығын қалыптастыру арқылы зиятерлігін арттыру.
Диктант түрлері: сөздік диктант, есте сақтау диктанты, көру диктанты, терме диктант, шығармашылық диктант, бақылау диктанты.
Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар:
Диктанттың өткізілетін түрі екі, үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі ескертіледі.
Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдарын негізінде алынады. Егер мәтін құрамында өтілеген еміле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.
Диктанттың қай түрі болсын мәтін орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс жасап, негізінен үш рет оқылады.
Мәтінді жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.
Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады.
Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгіріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.
Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған сөз әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырады. Ең соңында оқушы жазған мәтіндерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.
Көру диктанты. Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп буын, жеке сөздер, сондай ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға үлкен етіліп жазылып ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың екі үш рет асықпай оқып шығуына, естеріне сақтауына бір екі минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп өз беттерінше дәптерге жазады.
Өздік диктанты. Диктанттың бұл түрінің де, тіл ұстартуға маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған тақпақтарды, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
Шығармашылық диктант. Диктанттың бұл түрі үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе шәкірттер ескерту, бақылау диктанттарына сенімді даярлықпен келеді.
Сөздік диктанты. Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылар жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, омоним, антоним сөздер мен жазылуы қиын байырғы сөздер алынады. Мәтіннің көлемі он, он бес сөзден аспауы керек. Сөздік диктанттың көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.
Терме диктант. Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай мұғалім оқып тұрған мәтінді әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерін теріп жазады.
Есерту диктанты. Бұл диктант көлемі орфографиялық емілеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды ғана емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан да бұл диктантқа енген мәтіндер бірін бірі қайталамай өткен материалдарды тиянақтап толықтыра түсуге тиіс. Ескету диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.
Бақылау диктанты. Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдары қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Қорытынды.
Оқушылардың жазба жұмыстарына назар аударып, оны зерттеу, шәкірттерге шығарма, мазмұндама жаздырып үйретудің амал-тәсілдері орыс тілді педагогикада ХVІІІ ғасырдан басталған. Мектеп шығармасының теориясы мен әдістемесінің ертеден келе жатқан тарихы бар.
Зерттеуші Н.М.Соколов өзінің «Оқушылардың жазба және ауызша сөзі» еңбегінде оқушылардың әдебиет теориясының элементтерін меңгере отырып, оны жазба жұмыстарында пайдаланудың қажеттілігін ұсынады. Сондай-ақ шығарма жазу барысында шәкірттердің көргендері мен бақылау нтижелері бойыеша ой түйіндеу мәселесіне ерекше көңіл бөледі.
Мектептерде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы екі түрлі бағытта іс жүзіне асырылады. Осы уақытқа дейін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ болып келеді. Ал қазір тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану өрісі кеңейіп, іс қағаздары қазақша жүргізіліп жатқанда, мемлекет тілде тек ауызекі сөйлеумен шектелудің жеткіліксіз екені айқын байқалуда. Сондықтан ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге арта түсуде, өйткені адам өз ойын жазбаша, сауатты, әдеби-көркем тілде жеткізе білгенде ғана, тілді толық меңгерген болып саналады. Бұл нәтижеге жетуде көптеген жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері жүргізілуі қажет.
Оқушылардың жазбаша тілін дамыту әдісі де жаңадан дамып келеді. Оқушылар тілдік нормаларды айту, сөзді қолдану, сөйлем құрастыруды біле отырып, жазбаша, ауызша өз ойларын жеткізуге, тілдік құралдарды қолдануға талпыну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |