218
3. Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей.
– М.:1992.
4. Кон И. С. Психология старшеклассника. – М.:Просвещение. 1987. –
196 с.
5. Нұрмұхамбетова Т. Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4-томдық. –
Шымкент:Нұрлы бейне. 2006. – 188 б.
3.3 Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері
3.3.1 Девиантты мінез-құлықты балалардың пайда болу
себептері
3.3.2 Девиантты мінез-құлыққа алып келетін факторлар
3.3.3 Девиантты мінез-құлықтың көрініс беру формалары
В. Т. Кондрашенковтың тұжырымы бойынша балаларда кездесе-
тін өзін-өзі сыйлауының төмендігі девиантты мінез-құлықтың
барлық түрінде көрініс береді, сондай-ақ қылмыстық топқа ену
арқылы құқық бұзушылық әрекетінің болуы, наша қолдану, ішкіштік,
агрессия, суицидті мінез-құлық және әртүрлі психикалық бұзылулар
орын алады. Осыған байланысты әдебиеттерде девиацияға мынадай
себептер негіз болады:
1. Девиантты мінез-құлық көрсетудің негізгі себебі –
өзін-өзі
сыйлауының төмен болуы, өйткені индивид қоғамдағы өзінің
қылықтары арқылы
жағымсыз қатынастарды табады;
2. Өз-өзін сыйлауы төмен антинормативті мінез-құлқының өсуіне
байланысты анти әлеуметтік топтың әрекеттеріне қосылып, өзінің
статусын құрдастарының арасында көтеруге тырысады;
3. Кейбір жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық өзін өзгелерге
сыйлату үшін жасаған шаралар болуы мүмкін.
Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқулар туа пайда бол-
майды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және
мектептегі дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан пайда болады. Осы
аталған ауытқу девиантты мінез-құлықтың шығуына алып келеді.
Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында бол-
са да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі.
Олар дене
немесе психологиялық, әлеуметтік жағынан ауытқулары
бар адамдар болып табылады. Ондай адамдар қашанда басқа адам-
дар тобынан ерекшеленіп тұрады. Мұндай адамдардың қасиеттері -
219
мен мүмкіндіктерін қалыпты жағдайдағы талаптарға сәйкес
келмейді деп айтуға болады.
Көптеген ғалымдар (И. А. Невский, Л. С. Колесова) жүргізген
зерттеулер барысындағы сауалнамалар девиантты мінез-құлық
көрсетуге әсер ететін сырқы факторларды
келесі топтарға бөліп
көрсетуге мүмкіндік берді:
1. Индивидтің әлеуметтік бейімделуінде қиындық туғызатын,
асоциалдық мінез-құлықтың алғышартының психобиологиялық
деңгейіне
ықпал ететін
Достарыңызбен бөлісу: