238
әдістерге бұйрық беру, сыңай білдіру, жылы сынау, айыбын бетіне
басып отыру, көңіл аудармау, сенім білдірмеу, сенбеу, ренжіген кейіп
таныту, жақтырмаған кейіп таныту, кінәлау, ескерту, айқайлап ұрсу
және т.б. жатқызды. Тәсілдер мен әдістерді қолдану әлеуметтік
педагогтың әдістемені қаншалықты деңгейде меңгергеніне ғана
байланысты болмайды. Оған қандай тәсілдер ыңғайлы, қандай
құрамдарда пайдаланады, соған да байланысты болады.
Соңғы бірнеше онжылдықта «технология» ұғымы техникалық
мамандықтар шеңберінен шығып, анағұрлым кең ауқымда өзге
ғылымдар мазмұнында қолданылып келеді, атап айтқанда өндірісте,
басқару саласында, математикада, педагогикада және т.б. ғылым са-
лаларында қолданылатын болып жүр. «Технология»
– сөзi «техно»
- өнер, шеберлiк, және «логос»
– ғылым деген сөздерден құралған.
Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысында «Әлеуметтік техноло-
гия» ұғымы қарқынды қолданылып келеді. Әлеуметтік технологияны
рационалды мақсатты бағытталған әлеуметтік әрекеттердің әдістері
мен әдістемесін жасау деп түсіну керек деп келтіреді Е. И. Холос-
това өзінің «Әлеуметтік жұмыстың теориясы» атты кітабында.
Егер әлеуметтік педагогика іс-әрекеттің ерекше түрі болып
табылатын болса, онда, әлеуметтік-педагогикалық технология,
біріншіден, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесін тиімді
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін және әлеуметтік педагогтар
мен тәрбиеленушілерге өзара ықпал етуде жекелеген мекемелер-
де, әлеуметтік қызметте әлеуметтік педагогтар қолданатын әдістер
мен әдістемелердің жиынтығы; екіншіден, нақтылы әлеуметтік
педагогтың қызметін рационалды бөлу негізінде әлеуметтік-
педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың тәсілдері және
әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудағы тиімді әдістер
мен құралдарды таңдау мақсатында операцияларды реттеу.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет әлеуметтік ресурстардың
шектеулілігіне және әлеуметтік проблемалардың сан алуандылығына
байланысты, әлеуметтік педагогиканың негізгі нысандарының
көпқырлылығы мен қарама-қайшылықтылығына байланысты
технологиялық болуға тәуелді.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның «классикалық» тех-
нологиядан ерекшеленетін нақтылы сипаттарын Ресей ғалымы
Е. И. Холостова мынадай құрамда сипаттап көрсетеді:
1.
Достарыңызбен бөлісу: