11. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы.
Мақсаты: Қоғамды басқаруға қатысуға дайындауда оқушылардың бойында ұжымдық демократия, қарым-қатынас бірлігін қалыптастыру.
Мектебімізде оқушылар саны – 38, « Жас қырын» тобында - 17 және « Жас Ұлан », - тобында 21 оқушы.
Өзін – өзу басқарудың мәселесі: «Бәсекеге сай рухани адамгершілігі мол, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру».
Негізгі мақсаты: «Жан – жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру».
Ұйымның мақсаты: «Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашаққа деген жауапкершілікке тәрбиелеу».
Ұйымның міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани – адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен сапалығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылык және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымы 7 бағыт бойынша жұмыс істейді: Отан. Зерде, Руханият, Салауат, Жеті жарығы, Еңбек, Экоәлем.
Қыркүйек айында « Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы отырысы болды. Ол отырыста ұйымның мақсаты, міндеттері түсіндірілді және топ басшылары сайланды. Жиналысқа мектеп директоры Рахимжанова Б.А., ТІМ: Каримова К.Е., 1- 4 сынып жетекшілері қатысты. « Жас Ұлан» басшысы боп Каримова А. ашық дауыс беру арқылы сайланды.
Нәтижесінде:
1Ұйым басшысы –Каримова А
2Білім министрі: Кабдешова Р.
3 Редколегия: Жакупова З.
4 Денсаулық министрі: Султанов М.
5 Ақпараат министрі: Шабанбай Е.
6 Тәртіп министрі: Шило О.
Жыл бойы мектеп тазалығына, оқу құралдарына өте көп көңіл бөлінді.Салауатты өмір салтын қалыптастыруына байланысты таңғы жаттығулар жасаймыз.» Тимур тобынын мүшелері мектеп ауласының таза болуына көркейту – көгалдандыру жұмысына ат салысты, үнемі әр түрлі акцияларға қатысты. Мектеп ішінде « Жас Ұлан» мүшелері әр түрлі іс – шаралар ұйымдастырып жүрді. Олар аудандық сайыстарына қатыстып мадақтама қағаздардар әкелді. «Жас Ұлан» балалар ұйымының өзін –өзі басқару тобының отырысы жылына 4 рет. Ұйымына қабылдау рәсімі жылына – 3рет. 1 Мамыр - Халықтардың бірлігі күні», 6 шілде « Жас Үлан» құрылған күні және 16 желтоқсанда Тәуелсіздік қүні, осы күндер салтанатты жиын түрінде өтіп, оқушыларға галстук пен төсбелгілері тағылады.
Бүгінгі таңда өзін – өзі басқару комитеттері өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін, дінін білетін етіп тәрбиелеу – өмір талабы. Бұл- әрине бала тамырын тереңге салмаған талшыбықтың өсіп өнбейтіні сөзсіз. Өйткені халқының рухани негізінен нәр алмаған бала шынайы азамат болып өсе алмайды.
16 желтоқсан күні “Жас Ұлан”бірыңғай балалар ұйымына қабылдау рәсімінің басында мектеп басшысы Рахимжанова Б.А құттықтау сөз сөйлеп жас жеткіншектерді құттықтап, аталған топ аттары еліміздің ірі тұлғаларының атымен аталып отыр, ел болашағы үшін ерінбей еңбек еткен ағаларындай білімді болуға шақырды.Тәрбие жұмысының орынбасары Каримова К.Е Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын, адал да әділетті, патриотты, қайтпас қайсар, адамгершілігі мол азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді
Салтанатты жиында 4 оқушыны Тлеулинова А, Тлеулинова Д, « Жас Ұлан» ұйымына және Мещерина А., Мещерина Д « Жас қыран» ұйымына қабылданды. Ауылдың зейнеткері Рахимжанова А.К. және Каримова К.Е. оқушыларға галстук пен омырауларын тағып,оқушыларымызға ақ батасын берді. 5-6 сынып оқушылары салтанатты жиында « Тәуелсіздік» күніне арналған өлендерін оқыды. Мектебімізде мектепішілік іс –шара «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» ұйымдастырылды. Жауапты болған 7-8 сынып оқушылары. Қатысқан: 38 оқушы. Оқушылар көріністер көрсетті. 4 сынып оқушылары өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Кітапханашы «Менің Қазақстаным» көрмесін ұйымдастырды.
29.12.15 Ертеңгілік «Қош келдің жаңа жыл» 1-4сыныптарда 1000-1300болды. «Төрлет жаңа жыл!» мерекелік кеш 5-9сынып аралығында 1800-2200.Ж аңа жыл кеші жақсы өтті. Лоторея ойыны ойнатылды,содан кейін дискотека болды. Биыл мектеп жанында қардан мүсіндер жасадық сол мүсіндер 12 жыл жануарларына байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |