Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы.
1.
Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы.
2.
Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы.
3.
Жаұяның пайда болуы.Жанұядағы бала тәрбиесі
4.
Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие.
Алғашкы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз қоғам болды.
Адамдар ӛздерінің іс-әрекеттерін кӛпшілік болып топтасып, бірге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен
жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта білді, аң аулауға кӛмектесті, қыз
балалар үй жұмыстарына араласты, киім пішті, тұрмыстық салт-дәстүрлердің рәсімдеріне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаӛзен, Қаратау, Тӛңірқазған, Шарбақты және Ұлытау
ӛңірлерінде мекен еткен.
Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері. Сақтар империясы, шамамен, біздің
жыл санау дәуірімізге дейінгі VII–III ғасырлар аралығында, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын
мекендеді Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және
басқа да тайпалар кірген. Сақтардың кӛсемдері Африсиап, Томирис сол кездегі ірі мемлекет Парсы
империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргізу барысьпзда әскери-
кӛшпелі тұрмысты қалыптастырған. Металл ӛңдеп, әлсмдік маңызы зор "скифский зверийный стиль" атгы
зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар мен киімдер жасай білген. Жылқы жануарьш ӛте қатгы қадірлеген, мал
баққан. Осы тұрмыс-тіршіліктерге байланысты, сақтар ӛз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие
принциптері негізінде тәрбиелеп ӛсірген. Сол замандарда ӛмір сүрген, Тәңір дінінің негізін салған данышпан
Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ ӛлемдеп тұңғыш "Авеста" кітабын жазған. Заратуштра сол кездің ӛзінде
(Аристотельдің замандасы) рухани-танымдық, тәлім-тәрбиелік мәнді ойлар айтқан. Сақтардың қайратты,
жауынгер халық екенін атақты тарихшы Ксенофонт (б.д.д. 434-355 ж.ж.) былай деп суреттейді: "Персидский царь
устроил конные присталища для всадников, представляющих разные народы. Когда начались бега, то какой-то
молодой сак вырвался вперед и достиг финиша. Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но
тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность храброго человека...» – деген екен (61,
27).
Ғұндар б.д.д. III ғасыр мен біздің дәуіріміздің І-ІІ ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген
территориянын мұрагерлері болды. Сол кезеңдердегі үйсін, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының
құрамына кірді, ғұндар металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты. Бірақ олардың ең негізгі кәсібі әскери-
жауынгерлік ӛнер еді. Олар ӛздерінің ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, епті болуға және зергерлік бұйымдар жасауға
тәрбиеледі.
Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен
ассимиляцияның үлкен ӛзгерістерге ұшырауына негіз болып, дүние жүзі тарихында Шығыс халықтарының
Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуы (Великое переселение с востока) атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн кӛсемі
Атилла (Еділ) бастаған қалың қол ұлы Рим империясына қауіп тӛндіріп, ақыры құлауына әкеп соқтырды.
V ғасырда ӛмір сүрген атақты тарихшы-географ Амми-ян Марцеллин әскери-кӛшпелі тұрмысты былай
суреттеген: "...кочуя по горам и лесам они с колыбели приучаются переносить холод, голод и жажду. Они плохо
действуют в пеших стычках, зато... сидя на коне они исполняют все обычные свои дела и сокрушают все. что
попадается на пути...".
Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы
еңбек пен материалдық ӛмір процесінде пайда болады. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамға
дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының,
адамның ӛзінің дамуында еңбектің әсері ӛте зор болды. Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның
шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің рӛлі» атты еңбектерінде адамның ӛзін жасаған еңбек
екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталды деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек
құралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді
қажет етеді.
Ф.Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, ӛйткені жеке семья болған жоқ деп кӛрсетті.
Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің коллективтік жұмысы болды.
Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарысм-қатынас жасауда балалар ӛмірге қажетті дағдылар мен еңбек
әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың ӛміріндегі салт-
сананы сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамнң
дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар
кездеседі. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар
әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолӛнер кәсібі пайда болды. Ӛндіріс күштерінің
дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты
және жоспарлы іске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолӛнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет
болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәрбиелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және ӛлең ол дәуірдегі мінез-құлық
тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т.б.
шыға бастады.
Тәрбенің ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық
еңбектің бір саласына айнала басталғандығын кӛрсетеді.
Жеке меншіктің, құлдылықтың және жеке семьяның шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді
қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке семья тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары),
кӛсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бӛле бастады. Жер
ӛлшеу, ӛзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т.б. сол сияқты білімдерді олар ӛздері меңгеріп,
ӛздерін ерекше адамдар етіп кӛрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол
мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленеді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу
тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.
Тәрбиенің пайда болуы, оның алғашқы қауым адамдарының еңбек іс-әрекетімен байланысы. Осы қоғамдағы
тәрбиенің ерекшелігі. Жанұяның пайда болуы. Тәрбиенің ұйымдасқан формаларының пайда болуы.
Жазудың және алғашқы мектептердің пайда болуы. Педагогикалық тәжірибе мен білімді жеткізудің жазбаша
педагогикалық дәстүрі.
Достарыңызбен бөлісу: |