АлғАШҚЫ Қауымдық ҚОҒамды кезеңдеу



бет3/14
Дата23.11.2022
өлшемі130,66 Kb.
#159469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
5-11 ТІРЕК СЫЗБАЛАР

Әлсіреуінің себептері

Ішкі тартыстар


Әлеуметтік қайшылықтар көрші елдермен (Қытай) соғыс





Шаруашылығы

Көшпелі, жартылай көшпелі қыстаулары Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария өзендері бойындағы жерлер.





ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР

Мемлекет атауы

Тарихи шеңбері

Территориясы

Астанасы

Ел билеушілері

Жоғары билеушісінің
лауазымы

Тайпалары

Әлісіреуінің себептері

Түрік қағанаты

552-603 жылдары

Жетісу, Әмудария мен Сырдария аралығы

Суяб


Бумын, Қара Еске, Мұқан, Тобо, Иштеми

Қаған


Барлық түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр, үйсін т.б.

Қағанат ішіндегі қарама-қайшылықтар, Қытаймен соғыс

Батыс Түрік қағанаты

603-704 жылдары



Жетісу


Суяб, жазғы ордасы-Мыңбұлақ

Жеғуй,
Тон жабғу



Қаған



«Он оқ бұдын», бес тайпа дулу, бес тайпа нушиби т.б.

Ішкі талас-тартыс
Қытай империясының қысымы

Түркеш қағанаты

704-756 жылдары

Жетісу, Іле, Шу, Талас алқаптары

Суяб, екінші ордасы-Іле бойындағы Күнгіт

Үш Елік,
Сақал,
Сұлу

Қаған

Сары түркеш, қара түркеш, болат, шігіл, ташлық, тухси, азкіші, халаж, жарұқ, барысхан т.б.

Билік пен жайылым, жер үшін талас.
Батыстан араб шапқыншылығы.
Шығыстан Қытай шапқыншылығы.

Қарлұқ мемлекеті

756-940 жылдары

Жетісу

Суяб,
Тараз.

Білге Құл
Қадыр хан

Елтебер, жабғу, қаған (840 жылдан кейін)

Үшжігіл, үшбескіл, бұлақ, көкеркін, тухси, лазана, фаракия т.б.

Ішкі талас-тартыс,
билік үшін күрес

Қарахандықтар
мемлекеті

942-1210 жылдары

Жетісу,
Шығыс Түркістан

Батыс хандықта Бұхара,
Шығыс хандықта Баласағұн

Сатұқ
Боғыра хан

Хан

Яғма, шығыл, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін т.б.

Наймандар шапқыншылығы.
Хорезмдердің шапқыншылығы.

Оғыз мемлекеті

IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басы

Жетісу мен Қашқардан Ферғанаға дейін және Сырдың орта ағысына дейін

Янгикент
(Жаңа Гузия)

Әлі хан,
Шах Мәлік

Жабғу

Халаж, жағыра, жарұқ, қарлұқ, имур, баяндұр, қай т.б.

Селжұқтармен көп жылғы соғыс.
Ішкі талас-тартыс.
Қыпшақтар соққысы.






Қимақ қағанаты

IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басы

Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстан

Имақия




Жабғу,
қаған

Эймур, имақ, ажлар, құман, ланиказ, татар, қыпшақ, баяндұр т.б.

Қыпшақтырдың күшеюі.
Орта Азиядағы көшпелі тайпалар арасындағы қақтығыс.

Қарақытай мемлекеті

1128-1213 жылдары

Жетісу

Баласағұн

Елұй Дашы

Горхан

Қидандар

Найман ханы Күшіліктің қысымы

Наймандар мемлекеті

X-XIII ғасырлар

Орхон мен Ертіс өзені аралығы, XIII ғасырдың басында Жетісуға келді

Балықты

Наркеш Дайын,
Күшілік

Хан

Найман, керей, меркіт және сегіз тайпа

1218 жылы монғолдардан жеңіліс тапты

Керейлер мемлекеті

X-XIII ғасырлар

Шығыс Моңғолия

Солтүстік астанасы – Қатынбалық, оңтүстік астанасы – Хуанхэ өзенінің иірімі

Тұғырыл

Хан

Керей, жырқиы, қонқай, сақау, тұтау, албат, тұңхай, қыркун т.б.

Моңғолдардан жеңілді

Қыпшақ хандығы

XI ғасырдан 1219 жылға дейін

Дешті-Қыпшақ (Ертіс пен Днестр аралығы)

Оң қанат-Сарайшық,
Сол қанат - Сығанақ

Табар хан, Қадыр Бөке, Алып Дерек, Отырар әміршісі Қайыр

Хан

Елбөрілі, тоқсаба, иетиоба, дурут, қарлұқ, қимақ, оғыз, құман, башқұрт, жікіл т.б.

Ішкі алауыздық,
Хорезмдермен қақтығыс.
Моңғол шапқыншылығы.

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ТАРАЛҒАН ДІНДЕР

Атауы

Зороастризм

Буддизм

Манихейлік

Христиандық
(несториандық бағыты)



Қазақстанға таралған уақыты

VI – VIII ғасырлар

II – III ғасырлар



VII – VIII ғасырлар

Таралу жолдары

Ираннан Орта Азия арқылы Қазақстанға

Үндістаннан Шығыс Түркістан арқылы Орта Азия мен Қазақстанға

Ираннан Италияға, Қытайға, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға

Батыстан
Шығысқа

Таратушылары

Соғдылар

Миссионерлер, ерте орта ғасырларда соғдылар

Соғдылар

Несторийдің жолын қууышылар, сириялықтар

Ескерткіштер

Қостөбе, Қызылөзен, Сырдария бойы

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу, Шу аңғарындағы Ақбешім, Новопокровка, Новопавловск

VIII ғасырда Самарқанда болған резиденциясы. Баласағұн, Шігілбалық, Тараз

  • Тараз бен Меркеде шіркеуі болды.

  • Патриарх Тимофей кезінде (780-819) қарлұқ жабғуы христиандықты қабылдады.






ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР



Ғалымдар

Өмір сүрген жылдары

Шығарманың аты

Шығарма мазмұны

Әбу Насыр
әл-Фараби

870 – 950

«Жұлдыздар бойынша болжаулар»,
«Ғылымдардың шығуы»

Дүниедегі бар қызық пен байлық, бақ та, даңқ та білім арқылы жиналады

Жүсіп Баласағұн

1021 – 1075

«Құтты білік»

Билеушінің де, халықтың да аман-есен бақытты болуының қайнар көзі-білім. Мемлекетті сауатты адамдар басқару керек

Махмұд Қашқари

1030 – 1090

«Диуани лұғат – ат – түрк»

Түркі халықтарының тілі, мекенжайлары, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жөніндегі энциклопедия

Қожа Ахмет Иассауи

1103 – 1167

«Диуани – Хикмет»

Жамандық, қатыгездік, сараңдық, дүниеқұмарлыққа қарсы шығады, шындықтың жолы құдай жолы деп, құдайға құлшылық етуге уағыздайды

Қадырғали Жалаири

1499 - 1551

«Жамиғат тауарих»

Қазақ халқы жерінің жағдайы, қолөнер мәдениеті, ішкі-сыртқы жағдайы, заң ережесі жайында

Мұхаммед Хайдар Дулати

XV - XVI

«Тарих и – Рашиди»

Қазақ хандығының құрылуы, Моғолстанның құлауы, Жетісу мен Шығыс Дешті – Қыпшақтағы жағдай туралы

АЛТЫН ОРДА



Тарихи шеңбері

XIII ғасырдың 40 жылдары мен XV ғасырдың ортасы

Территориясы

Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм, Батыс Сібір, Ертістен Днестрге дейін

Танымал
хандары




Батый (1227-1255) – мемлекеттің негізін қалаушы

Берке (1257-1267) – Ұлы хандықтан дербестік алды

Мөңке (1267-1280) – мемлекеттің теңгесін шығарды

Ең гүлденген кезі

Өзбек (1312-1341) – мұсылман дінін мемлекеттік дін деп жариялады

Жәнібек (1341-1357) – мемлекет күшейді

Астанасы

Сарай Бату (қазіргі Астрахань маңы),
Сарай Берке (қазіргі Волгоград маңы)

Халқы

Қыпшақ, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат және т.б.

Құрамы

Тілі де, діні де әр түрлі халықтар: моңғолдар аз, қыпшақтар көп

Мемлекеттік құрылысы

Билеуші – хан, атқарушы орган – диван,
Ұлыстарда алым-салық жинаушы – басқақтар мен даругтар,
дипломатиялық істерді атқарушы - беклербектер

Тілі

Қыпшақ

Құлдырауы

1359 – 1379 жылдары «Ұлы дүрбелең кезеңі»

Ыдырау себептері

  • Құрамындағы халықтардың дербестік үшін күресі

  • Билік үшін өзара ішкі талас – тартыс

  • 1389,1391, 1395 жылдардағы Әмір Темірдің жорықтары

  • Этникалық құрамы әр түрлі халықтардың бір мемлекетте тұра алмауы






АЛТЫН ОРДАДАН БӨЛІНІП ШЫҚҚАН МЕМЛЕКЕТТЕР



Мемлекет атауы

Қазан хандығы

Қырым хандығы

Астрахань хандығы

Сібір хандығы

Тарихи шеңбері

1438 - 1552

1433 - 1783

1459 – 1556

1495 - 1582

Территориясы

Еділдің орта ағысы

Қырым түбегі, Днепрдің төменгі ағысы

Төменгі Еділ бойы, Кавказдың далалық жерлері

Батыс Сібірдің барлық жері, Оңтүстік Орал, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатқан Солтүстік Кавказ жерлері

Астанасы

Қазан

Бахшасарай

Астрахань

Тура (ТЮмень), кейін Искер

Тайпалары

Қазан татарлары, мари, чуваш, удмурт, мордва, башқұрт

Ширин, барын, арғын, қыпшақ

Түркі тілдес тайпалар

Сібір татарлары, қыпшақ, арғын, қарлұқ, қаңлы, найман сияқты түркі тілдес тайпалар, ханты, мансы, Жайық башқұрттары

Қоғамдық құрылысы

Хан, карачи, сұлтан, мырза, ұлан

Хан, сұлтан

Хан

Хан, уәзір, даруг, жасауыл

Саяси жағдайы

  • 1487-1551 жылдары Орыс мемлекеті жорық жасады.

  • 1521 жылы Қырым, Астрахань, Ноғай ордасымен бірігіп, Мәскеу маңайына жорық жасады.

  • 1524 жылы Түркияның вассалдық тәуелділігін мойындады

  • 1549 жылы Еділдің батыс бөлігі бөлініп кетті

  • Меңлі Керей кезінде түріктердің вассалына айналды

  • XVI-XVII ғасырларда Ресей, Украйна, Польша жеріне жорық жасады

  • 1774 жылғы Күшік-Қайнар келісімінен соң түріктердің протекторатындағы тәуелсіз ел болды

  • XV ғасырдың аяғынан Қырым хандығының, Ноғай ордасының талауына түсті

  • 1556 жылы Ресейге қосылды

  • XVII ғасырдың басында бұл жерге қалмақтар орналасты

  • 1555 жылы Ресейге вассал болды, бірақ Көшім хан Ресейге қарсы шықты

Құлау себебі

1545-1552 жылдары IV Қаһарлы Иванның жорығы



1783 жылы Ресей империясының құрамына кірді

1771 жылы Қалмақ хандығы жойылып, Ресей құрамына өтті

1582 жылы Ермак әскері жорығынан кейін Ресей құрамына кірді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет