Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша апталық жоспар. 2016-2017 оқу жылы



Дата25.08.2017
өлшемі62,61 Kb.
#27818
түріРеферат
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша апталық жоспар.

2016-2017 оқу жылы.



Жұмыс мазмұны

Күні

Түрі

Сынып

Жауапты мұғалім

1

Онкүндіктің ашылуы.

09.01.2017.

Салтанатты сап

11сынып

Бірлестік мүшелері

2

«Тұғыры биік туған ел»


10.01.2017.


Реферат жазу

9-11сынып

Құлтаев Н.

3

«Денсаулық – терең

байлық»


12.01.2017.



Сұхбаттасу


9-11сынып

Құлтаев Н.

4

Азаматтардың әскери қызметтері.

13.01.2017.

Түсінік беру

9-11 сынып

Құлтаев Н.

5

Карта бойынша қашықтықты өлшеу.

14.01.2017.

Сұқбат

9-11 сынып

Құлтаев Н.

6

«Шартты белгілер»


16.01.2017.



Саптық сайыс

5-6-7-8-сынып

Құлтаев Н.

7

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.

АК қаруымен жұмыс жасау.



17.01.2017.

Сұқбат

9-11сынып

Құлтаев Н.

8

Противогазды қалай қолдана білу керек.

18.01.2017.

Ашық сабақ

11 сынып

Құлтаев Н.

9

Апталықтың

жабылуы

19.01.2017.

Марапаттау

9-11 сынып

Құлтаев Н.

АӘД пән мұғалімі: Н. Құлтаев.

Қарабұлақ селолық орта мектепте 09.01.-19.01.2017ж. күндері болып өткен Алғашқы әскери дайындық пәнінен апталық

есебі.

Қарабұлақ селолық орта мектепте 09.01.-17.01.2017ж. күндері алғашқы әсери дайындық пәнінен апталық іс-шарасы болып өтті. Алғашқы күнде іс-шараның тақырыптарын оқушыларға таныстырып өттік. Апталық іс-шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Апталық іс-шараны өткізу мақсатымыз келешекте денсаулығы мықты, Отанын қорғап білу азаматтық борышымыз екендігін оқушыларға айтып, үйрету.

«Тұғыры биік туған ел» тақырыбында 10 сынып (орыс сынып) оқушыларына Мемлекеттік тілде реферат жазды. Оқушылар өз туған елін әрқашанда қорғай білу және де басқа елдерге қарағанда тұғыры биік болуына шексіз ризалық мағынада жазып отырды. Бұл тақырыпта негізінен Тәуелсіздігіміз тұғыры туралы оқушылар өз ойларын ашып жаза білді. Тәуелсіздігіміздің арқасында тұғыры биік, өте бай Мемлекет екенін жаза білді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев сайланғаннан кейін төл заң – Ата заңымызды қабылдап, мемлекеттік тілімізді асқақтатып, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, өр қала – Астанамызды Қазақстанның бас қаласы етті-деп жазды оқушыларымыз.

«Денесаулық – терең байлық» тақырыбында 9-11сынып оқушылары өз ойларын жетік меңгеру үшін сұхбат өткіздік. Мұнда әрбір оқушы өз денсаулығын қалай куту керек екенін, спортпен әрқашанда шынығып жүрулері туралы айтты. Отанына деген ыстық ықыласын, зейінін сала отырып, өз Отанын қорғау барысында ең алдымен денсаулықтың мықты болуы деген түсінігін түсіндіріп отырды. «Денесаулық – терең байлық» деген тәрізді ойлармен адам организмі көркейіп, денсаулығы мықты деген азамат және азаматшалар екенін білді. 9 сынып оқушылары үздік қатысып барды.

Келесі іс-шараның тақырыбы «Шартты белгілер». Бұл тақырыпқа байланысты 5-8 сынып оқушылары саптық сайысын өткізді. Мұнда ер балалар қатысты. Мақсатымыз, келешекте өз Отанын қорғау барысында армия қызметінде болуына байланысты сапта қалай жүру, саптағы ережелерді толық меңгере алуы туралы түсіндіріліп, әрбір оқушы саптық дайындығын жасап барды. Шартты белгілермен таныстырылып, қандай белгі берілгенде не жасау керектігі айтылып, көрсетілді. Жақсы қатысқан оқушылар мектеп әкімшілігі жағынан мақтау қағаздары берілді.

Карта бойынша қашықтықты өлшеу тақырыбында оқушылармен біргелікте сұқбаттар алып бардық. Қарапайым мысалдармен оқушыларға түсіндіріп, қалай жасалатынын үйретіп отырдық.

Пән бойынша апталық міндеттері:



  • оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;

  • оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;

  • қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту:

  • ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;

  • оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;

  • оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;

  • оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен, тақпақ-тармен және ертегілермен, фольклормен, көркем әдебиетімен, ойындармен таныстыру;

  • оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Мақсаты:

  • 1.Жарықшақты қол гранаталарының құрылысы мен таныстыру лақтыру тәсілдерін оқушыларға үйрету және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

  • 2. Граната түрлеріне қарай сипаттамаларын білу, негізгі бөліктерімен механизмдерінің жұмысын меңгерудегі білімін дамыту.

  • 3. Патриоттық сезімін арттыру елін, Отанын қорғауға дайын болуға, батылдыққа, ержүректікке тәрбиелеу

Негізгі оқушыларға берілетін тапсырмалар қауіпсіздік шараларын ескере отыруы қажет деп білеміз.

Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру:

  • Үйренуші болат дулыға кию керек.

  • Гранаталар мен тұтандырғыштарды оқтауда алдында тексеру керек, ақаулықтар байқалса командирге хабарлау керек.

  • Бірнеше гранаталар лақтыру кезінде алдыңғы гранат жарылғаннан соң кемінде 5 секунд өткенен кейін лақтыру керек.

  • Қол гранаталарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300 метр жерді қоршау керек.

  • Қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаталарды лақтыру кезіне офицер жетекшілігі және т/б бөлімше командирі шешеді.

Гранаталармен тұтандырғыштар беру орны 25м қашықтықта жабдықтау керек.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы.

Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.



Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.

Міне осылай Қарулы Күштерінің азамат үшін білу парыз екенін ескерте отыру қажет. Азаматтардың әскери қызметтері өз Отанына деген сүйіспеншілігі нығайту керектігін оқушыларға түсіндіріп бардық. Апталық іс-шарасын қорытындай отырып белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттадық.
Каталог: 1BA2F27386619F18
1BA2F27386619F18 -> Сабақтың тақырыбы : «Күй құдіреті» Сабақтың мақсаты : Білімділік мәні
1BA2F27386619F18 -> Сабақ түрі: Шығармашылық іздеіс сабағы. Сабақтың жоспары: І. Қызығушылықты ояту
1BA2F27386619F18 -> Сабақтың тақырыбы Қосмекенділер-алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар Мақсаты
1BA2F27386619F18 -> Сабақ түрі: Шығармашылық іздеіс сабағы. Сабақтың жоспары: І. Қызығушылықты ояту. «Өзіне тілігенді басқаларға тіле!»
1BA2F27386619F18 -> Қарабұлақ орта мектебі 5 ― 15 желтоқсан аралығында математика пәнінен онкүндігінің жұмыс жоспары
1BA2F27386619F18 -> Тақырыбы: «Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары» Сынып: 7
1BA2F27386619F18 -> Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелер тобының проекциялары. Сабақтың мақсаты
1BA2F27386619F18 -> Есімдік. Өздік есімдігі Есімдік туралы жалпы түсінік, өздік есімдігінің


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет