Алғашқы қоңырау
жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Қадірменді ата-аналар! Салтанатты жиынға арнайы келіп отырған қонақтар! Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Білім есігін ашар жас бүлдіршіндер, алғашқы қадамдарың құтты болсын!
жүргізуші: Қыркүйектің қоңыр салқын лебі мектепке қарай тұңғыш рет толқи қадам басқан бүлдіршін шәкірттің жүзін желпиді ... Мектеп - ана есігі тағы да біздерге айқара ашылды.
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран!
( Әнұран орындалады)
Жүргізуші :
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки ,достар, тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Өткеріп жазды дүбірмен,
Туған жер төсін тербеттік.
Уақытпен алға жүгірген
Бір жасқа біздер ержеттік.
Құшаққа толы гүлдермен,
Сыныпты шулы сағына.
Тың қуат, жалын жігермен
Асыға жеттік тағы да.
Ендеше қане, халайық,
Жаңа оқу жылы төрлетсін.
Көңілді әнге салайық
Қиялды көкке өрлетсін.
Жаңа оқу жылы:
Армысыздар, ағайын,
Хош келіпсіз баршаңыз!
Мен де есік қағайын,
Бітсе шілде ,сары тамыз.
Көңіл толы нұр ағыс
Мен де шаттық жайдамын.
Құтты болсын қуаныш,
Құтты болсын мейрамың!
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы,кел төрлет,
Дүбірлі думан басталсын.
Жүректерді ән тербеп,
Шапалақ ұрсын асқар шың.
1-оқушы
Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп-ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.
Мереке зор қуаныш – Білім күні,
Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі.
Музыка ойналады. «Учат в школе » 1- сынып мұғаліміне сөз берейік.
1-сынып оқушылары ант қабылдайды.
Туған Республикам, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы болуы үшін сапалы білім аламын.
Жоғары мәдениетті азамат боламын.
Мемлектіміздің Президентін құрметтеймін.
Конституциясы мен Заңдарын бұлжытпай орындаймын.
Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлеймін деп
Барлығы: Ант беремін!
1-сынып оқушылары:
Мен оқушы баламын,
Оқып, білім аламын.
Мектеп – ұям өзіңе
Арналады бал әнім.
Дайын дәптер, Әліппем,
Доспын біраз әріппен.
Қуантамын анамды
Үздік баға алып мен.
Есін допқа жеңдірген,
Бала емеспін сен білген.
Жетіге кеп есейіп,
Біріншіге келдім мен.
Еркелік жоқ кешегі
Оқушымын көшелі.
Білім алып, ойым мен
Бойымда енді өседі.
«Оқып оқып теп –тегін
Тамыр жайып, көктегін»
Дегендей ақ мейірмен
Қарсы алады мектебім.
жүргізуші: Бүгінгі қуанышты күн - тек оқушылар мен ұстаздарға емес, ата –аналар үшін де мереке. Қолдарынан жетелеп әкелген кішкентай балапандарының қадамына ақ жол тілеп отыр. Келесі тілек ата- аналарға беріледі.
Нұр шуаққа шомылған,
Дала әсем түзеді.
Күмбір соққан қоңырау,
Үні қандай ізгі еді.
( Қоңырау соғылады)
жүргізуші: Мектеп - ана, мектеп өмір, бүлдіршіндер үшін қызықты да, думанды, қуанышты да мерекелі болсын!
жүргізуші. «Алғашқы қоңырау» мерекесін ҚР Әнұранымен жабуға рұқсат етіңіздер!
жүргізуші: Сәт сапар, саған, мектеп оқушысы, «Білім сабағы» сыныпта өзіңді асыға күтуде!
2014-2015 оқу жылындағы
Байсары бастауыш мектебі бойынша
Тілдер күніне арналған онкүндік өткізу жөніндегі іс- шаралар жоспары
№
|
Өткізілетін іс-шаралар
|
сыныптар
|
уақыты
|
жауаптылар
|
1
|
Тіл туралы мақал-мәтелдер жарысы
|
2-4 сыныптар
|
11.09.14ж.
|
Ақтаева М.И.
|
2
|
«Туған тіл – сатылмайтын байлық» тәрбие сағаты
|
1-4 сыныптар
|
15.09.14ж.
|
Мұғалімдер
|
3
|
Тілашар тойы
|
1 -сынып
|
16.09.14ж.
|
Шажлиева Р.О.
|
4
|
Қабырға газетін шығару
|
4 -сынып
|
12.09.14ж.
|
3-4 сынып оқушылары
|
5
|
«Тіл - әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесін өткізу
|
Барлық оқушылар
|
13. 09. 14ж.
|
Мұғалімдер
|
5
|
«Қазақстан - көп ұлтты мемлекет» ашық сабақ өткізу
|
1-4 сынып аралығында
|
17. 09. 14ж.
|
Мұғалімдер
|
6
|
«Тілім менің» тәрбие сағатын өткізу
|
1- 4 сынып
|
18. 09. 14ж.
|
Мұғалімдер
|
7
|
Мерекелік концерттік бағдарлама «Ұлт тірегі - тіл»
|
1-4 сыныптар
|
19.09.14ж.
|
Мұғалімдер, клуб меңгерушісі
|
8
|
Аудандық газетке мақала жіберу.
|
|
10 күн ішінде
|
Мұғалімдер
|
Мектеп меңгерушісі: Р.О. Шажлиева
2014-2015 оқу жылындағы
Байсары бастауыш мектебі бойынша
«Өз денсаулығымды сақтауға өзім көмектесемін» атты денсаулық апталығын өткізу жөніндегі іс- шаралар жоспары:
№
|
Өткізілетін іс-шаралар
|
сыныптар
|
уақыты
|
жауаптылар
|
1
|
Жүгіруден жарыс өткізу
|
2-4 сыныптар
|
01.09. 2014ж.
|
Ақтаева М.И.
|
2
|
«Спорт – біздің досымыз» эстафеталық жарыс
|
1-4 сыныптар
|
02. 09. 2014ж
|
Мұғалімдер
|
3
|
Дойбы ойнау жарысын өткізу
|
1 -сынып
|
03. 09. 2014ж
|
Шажлиева Р.О.
|
4
|
Секіртпемен секіру жарысы
|
4 -сынып
|
04. 09. 2014ж
|
3-4 сынып оқушылары
|
5
|
«Денім сау болсын десең...» тәрбие сағаты
|
Барлық оқушылар
|
05. 09. 2014ж
|
Мұғалімдер
|
5
|
Ауыл медбикесі Искакова Б. Т. кездесу өткізу.
|
1-4 сынып аралығында
|
06. 09. 2014ж
|
Мұғалімдер
|
6
|
Қорытынды
|
1- 4 сынып
|
07. 09. 2014ж
|
Мұғалімдер
|
Мектеп директоры: Р.О. Шажлиева
|
Денім сау болсын десең ...
Жарыс барысы:
І. Топтың аты, ұраны, тақпағы, ән айтылады.
1- топ: «Денсаулық»
Ұраны: «Дені саудың - жаны сау»
Денсаулық ол шыныққан
Барлық дее мүшесі
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол келуің,
Көңіл күйің жадырай,
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
2-топ«Күштілер»
Ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың»
Қолды көтеріп мен енді.
Алға қарап тік тұрам.
Шынықтырып денемді,
Жаттығуға кірісем:
Тұрады алшақ аяғым,
Керіледі көкірек.
Еркін тыныс аламын,
Санаймын;
3-топ «Сымбат».
Ұраны: «Сымбат - мүсін дегенің,
Білім көркі дененің».
Сымбат жүру әдемі
Дене қалпын тік ұстап.
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр қисаймай,
Күш сап бас пен арқаға
Жатып алма партаға.
Мұғалім: Енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» -деген сөзді.
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Музыкалық жаттығулар.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
ІІ. Жұмбақ жасыру, мақал, тақпақ айту.
ІІ Ойындар ойнату.
ІҮ Эстафеталық ойындар
«Кірқоймас» эстафетасы. Оқушылар мойнына орамал салып, тіс щеткасы мен стақандыалып, бағанаға дейін жүгіріп барып, заттарды сонда қалдырып, қайта жүгіріп келеді, екінші оқушы бағанаға жүгіріп барып, заттарды алып келеді. Үшінші оқушы ойынды жалғастырады.
«Мектепке барар жол» эстафетасы. Эстафета кезең –кезеңмен жүреді.
Секіртпе арқылы шеңберден аттап, бағананы айналып, келесі ойыншыға эстафетаны тапсырады.
«Дене шынықтыру сабағы» эстафетасы. Допты алып жүргізіп, , бағананы айналып келесі ойыншыға эстафетаны тапсырады.
«Теңге ілу» эстафетасы. Әр топтағы ұлдар тиын салынған орамалды екі қолын арқасына қойып, екі аяғын кең ашып, аузымен жердегі орамалды алу.
Ү Жарыс қорытындысы
ҮІ Әнұран, шар ұшыру.
Достарыңызбен бөлісу: |