3-бөлім.Ыбырай- ақын. Жүргізуші:Ы. Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын. Өз шығармаларында отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды, оқу- білімнің, қараңғылықтың мән- жайын ашып берді. Сондай өлеңдерінің бірі- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі. Қабыл алыңыздар ортада Әбдіғани Бекжан.
4-бөлім.Ыбырай- жазушы Жүргізуші:Ы. Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының негізін қалады. Ол- тұңғыш рет балаларға әңгіме арнап жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі- жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу- Ыбырай әңгімелернің негізгі тақырыбы.Келесі кезекте, Ы. Алтынсариннің әңгімелерінен көріністерге назар аударыңыздар.