Алгебра және анализ бастамалары курсында «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер» тарауын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.
Кіріспе
Негізгі бөлім
2013 - 2017 – 2022 жылғы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып «Алгебра және анализ бастамалары курсында» курсындағы тригонометриялық теңдеулер және теңсіздіктер тарауын салыстыру
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері
Қорытынды
Ежелгі Мысыр еліннің Вавилония қаласында ғылым ретінде тригонометрияның іргетасы б.з.б 3000 жыл бұрын қалана бастады. Ұлы неміс математигі Питискус еңбегінің кіріспе бөлімінде тригонометрия сөзі математика саласында 1505 жылы тұңғыш рет қолдана бастады. Ежелгі Грекия елінің ұлы астрономдары Птоломей мен Гиппарх алғаш рет ғылым саласына бұрыш пен қабырғаның арасындағы қатынастар бойынша үшбұрыштарды шешудің негізгі әдісін ойлап тапты.
Тригонометрияның ғылым ретінде даму тарихының екінші кезеңі V-XII ғ аралығын қамтиды. Жалпы айтқанда, екінші кезең үндістер кезеңінде өрбіді. Еуропа ғалымдарының сүйемелденуімен шамамен XVI ғасырдың аяғында «косинус» сөзін ғылым саласына енгізілді. Косинус сөзі кейінірек кең мағынада қолданысқа енгізіле бастады. Бұл сөздің шығу төркіні 90 градус аралығына дейінгі бұрыштарға қосалқы түрде, яғни синусқа, латын тілінде аударғанда«sinus complementi» сөзінен шыққан деп тұжырымдалынған.
XVII-XIXғ аралығы тригонометрияның ғылым ретінде даму тарихының келесі кезеңі болып табылады. Ғылым саласында «тригонометрия» математикалық анализдің бір тарауы ретінде қарастырылған.
Оқушылар тригонометрия ұғымымен мектеп математика курсында алғаш 8-9-сынып геометрия, алгебра курстарында танысады. Тригонометрияны оқыту алгебра, геометрия курстарын оқытуда өзіндік үлкен рөлін атқарады. Ал, «тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер»-ді алгебра және анализ бастамалары курсында, яғни, 10-сыныпта танысады. Мектеп қабырғасында математика курсындағы тригонометриялық теңдеу мен теңсіздіктерді шешудің төмендегідей бағыттарын атап өтуге болады:
-Теңдеулерді шешу;
-Теңдеулер жүйесін құру;
-Теңдеулерді дәлелдеу;
-Теңсіздіктерді шешу;
-Теңсіздіктердің жүйесін құру;
-Теңсіздіктерді дәлелдеу.
2013 - 2017 – 2022 жылғы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып «Алгебра және анализ бастамалары курсында» курсындағы тригонометриялық теңдеулер және теңсіздіктер тарауын салыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |